«Мамандығым – болашағым» онкүндік есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мамандығым – болашағым» онкүндік есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кондитер, наубайшы біліктіліктері бойынша өткізілген онкүндік барысында өткізілген шаралары есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК








«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы

«Кондитер», «Наубайшы» біліктілігі бойынша

«Мамандығым – болашағым»

атты он күндіктің есебі









Дайындаған: ПЦК жетекшісі

Ж.А.Конысбаева























Орал, 2023

2023жылдың ақпан айының 1 күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы ПЦК – сы жетекшісі мен оқытушыларының ұйымдастыруымен

«Мамандығым - болашағым» тақырыбындағы он күндіктің ашылуы болды. Ашылуы барысында топ оқушыларымен салтанатты түрде шағын концерт ұйымдастырылып, тақырыпқа сай қабырға газеттері ілінді. Осы күні өндірістік оқыту шебері М.Н.Тасанова 341 топ оқушыларымен бірлесе, кәсіптік бағдар беру мақсатында №47 мектеп оқушыларына бағыт – бағдар беру мақсатында «Капкейк безендіру» тақырыбында шеберлік класын өткізді.

2023жылдың ақпан айының 2 күні арнайы пән оқытушыларымен «Арнайы пәндерді оқытуда дәстүрлі емес сабақ формаларын қолдану» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар барысында Н.В.Кузьмина, С.А.Никифорова өндірістік оқыту сабағында қолданатын тәсілдерімен, аттестацияға қажетті оқулықтар дайындауға қажетті ақпаратпен бөлісті. А.Б.Сапаргалиева, Ж.А.Конысбаева, Ж.Т.Абуова арнайы пәндерді оқытуда қолданып жүрген дәстүрлі емес сабақ тәсілдерімен бөлісті.





















2023жылдың ақпан айының 3күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы ПЦК – сы жетекшісі Ж.А.Конысбаеваның ұйымдастыруымен «Мамандығым - болашағым» тақырыбында «Кондитер», «Аспаз», «Наубайшы», «Технолог - менеджер» біліктіліктері бойынша Хорошкина Виктория жетекшісі Ж.А.Конысбаева «Мини пекарня», Аманғали Қадырәлі жетекшісі Ш.А.Науан «Диеталық тамақтану», Шлапак Екатерина жетекшісі Ж.Т.Абуова «Мини кондитерский», жетекшісі А.Б.Сапаргалиева «Қазақ ұлттық тағамдары» бизнес жобасын дайындап, қорғады.



2023жылдың ақпан айының 6 күні арнайы пән оқытушысы Б.Б.Уразова №343 топта «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелуі» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақ BOPPPS тәсілімен өткізді. Сабақ барысында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Сабақ барысында қызықты тапсырмалар беріліп, көптеген тәсілдер қолданылды.







2 023жылдың ақпан айының 7 күні арнайы пән оқытушысы Ж.Т.Абуова №222 топта «Кремдер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында кремдердің дайындалу технологиясының бейне роликтерін, дайындау барысында пайда болатын ақаулары, олардың алдын алу мен жою тәсілдері атап көрсетілді. Сабақ бекіту барысында цифрлық технологияның көмегімен түрлі тапсырмалар берілді.

2 023жылдың ақпан айының 8 күні өндірістік оқыту шебері Б.С.Мухатова №222 топта өндірістік оқыту сабағынан «Крем дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар технологиялық карта көмегімен өз беттерінше крем дайындап, алдын ала дайындалған негіздерді безендірді. Сабақ соңында крем бойынша өндірістік оқыту шебері қорытындылап, қателіктері мен жақсы жақтарын атап көрсетіп, бағалады.













2023жылдың ақпан айының 10 күні өндірістік оқыту шебері А.С.Шарипова №222 топта «Приготовление шоколадных конфет ручной работы» тақырыбында шеберлік класс өткізді. Шеберлік класс екі бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде шоколад конфеттерінің дайындалу технологиясы, түрлері, қолданылу туралы түсінік беріліп, практикалық бөлімде өндірістік цехта шоколад конфеттерін дайындап көрсетті. Сонымен қатар шоколад конфеттерін дайындау кезінде технологияны дұрыс сақтамау барысында болатын ақаулары туралы түсіндіріліп, тәжірибе барысында көрсетілді.

Осы күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы ПЦК ның жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Ж.А.Конысбаева №341 және 343 топ студенттерімен Кондитер біліктілігінен олимпиада өткізді. Олимпиада 2 бөлімнен тұрды. Оқушылар 1 бөлімде College SmartNation платформасында 30 сұрақтан тестқа жауап беріп, жоғары ұпай жинаған 5 оқушы екінші бөлімге өтті. 2 бөлімде ашытқысыз қамырдың 5 түрі беріліп, таңдалған бір қамыр түріне дайындалу технологиясы мен сол қамыр түрінің өзіндік құны шығарылды.













1 7.02.2023 күні салтанатты түрде он күндіктің жабылуы өтті. Бұл шараға арнайы пән оқытушылары мен топ оқушылары қатысты. Жабылуы барысында ПЦК жетекшісі сөз сөйлеп, апталыққа белсене қатысып түрлі ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар мен жобаларға қатысқан оқытушылар мен оқушыларға алғысын білдірді. сонымен қатар болашақтада ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып қатысу керектігін атап өтті. Жабылуы барысында он күндік бойы өткізілген түрлі шаралардың қорытындысы шығарылып, соның нәтижесінде оқушылар марапатталды. Марапаттау құрметі аға шебер С.Е.Давлеткалиеваға берілді.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2023
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі