400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым -мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Психолог мамандығы жайында эссе.Өз мамандығымның алатын маңызы жөнінде.Жалпы өмір сүрудегі қажеттілігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым- мақтанышым

«Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам —

психологияның дап-дайын тұрған курсы»

/Константин Ушинский /

Әрбір жеке адам – жаратылыстың ең қымбат сыйы,әрбір жеке тұлға – құпиясы мол жұмбақ. Сол жұмбақтың сырын ұғып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ең ғажайып тылсым сыры деп білемін. Дана халқымызда «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына жатыр. Бүгінгі күнде тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар беру, бұл адамнан тек мамандықты ғана талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен махаббат, ізгілік пен сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз.

Бұл жантану әлемінің негізі саналатын психолог маманының қызметі болмақ. Менің бұл мамандықты таңдауыма себеп - ғажайыпқа толы керемет ғұмырымда замандастарыма, жақындарыма, өзімнен кейінгі ізгі ұрпақтарыма,өскелең болашағыма бір-бірлеріне мейіріммен қарауға,бауырмашыл болуға,әрдайым қолынан келген көмегін аямай көрсете білуге үйрету.Осы қызметімді бастаған уақытта көптеген ағартушылық жұмыстар жүргіздім, себебі бәрі мынадай сұрақтарға жауап іздеді: психолог деген кім? Оның жұмысы қандай? Мектептерде психолог не үшін керек? Психолог пен психиатрдың айырмашылығы неде? т.б. Балаларға да, ата-аналарға да «психолог» деген сөз қорқыныш туғызды. Психолог бізге неге керек? Менде ешқандай алаңдататын мәселелер жоқ. Алғашқы кезде оқушылар психологтың міндетін, қандай жұмыс атқаратынын, оның қандай мағына беретінін түсінбеді. Бірақ, келе-келе мектепте психологтың атқаратын жұмысы қыруар екеніне, тіпті мектеп үшін өте қажет екендігін түсінді. Мектептегі психологқа қойылатын талап өте көп және орындау әр психологтың біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты екендігіне көзім жетті. Мектепте психолог қызметін атқарғалы бері балалармен психологиялық сауықтыру, диагностикалық қызмет көрсету, түзету-дамыту сабақтарын өткізіп, кеңес беру нәтижесінде оқушылардың психологияға деген қызығушылықтары арта бастады. Психолог әрқашанда жан алып, жан беріп, білімін де білігін оқушының мінез-құлқын қалыптастыруға жұмылдырады. Бізге, психологтарға, ниет пен ыстық ықылас, сондай-ақ қарапайымдылық қажет.Осы қасиеттер әрбір психолог маманының бойынан табылу қажет деп есептеймін. Психологтың еңбегі өте күрделі, көп ізденісті талап етеді, бірақ бұл қызметтің қызығы да мол. Оқушының ішкі жан дүниесінің есігін қағып, кіріп, үңіліп, сезіне білетін, оның ішкі сезімімен санаса білетін ол әрине – психолог маманы. Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу, оның мәселесін шешуге дұрыс бағыт-бағдар бере білу де, үлкен өнер, зор жауапкершілікті талап етеді.Психологиялық қызмет –адам жанымен үндесу, онымен бір толқында бола білу, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыстану,мәселенің шешімін дұрыс табуға көмек беру.
Психолог болу – қызықты да қиындығы мол тамаша мамандық. Қызметтің тәтті де ащы дәмін татып, әрқашанда өз ісімнің шебері болуға ұмтыламын. Өзімнің мамандығым- мақтанышым. Психолог қиын да қызықты, жауапты жұмысты атқарып жүргендіктен, білімнің жан-жақты болуы артық етпейді. Ал психологиялық білім өз жұмысымның жемісті болуына жетелейді. Психолог әр оқушының жан-жақты және үйлесімді дамуына тікелей ықпал ететін маман болғандықтан, мектеп әкімшіліктерімен әсіресе, әлеуметтік педагогпен, дәрігермен тығыз байланыста болуымыз қажет. Сондай-ақ балаларды тек қана өмірге дайындап қана қоймай, бүгінгі тыныш заманда, бақытты да алаңсыз өмір сүрулеріне көмектесу- бұл басты міндеттің бірі болып саналады. Жас жеткіншектердің психологиялық саулығын дамыту және сақтау да мектеп психологінің ең жауапты жұмысы. Мектептегі психолог түрлі жастағы балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеп және оқыту мен тәрбиелеудің ықпалы арқылы оның өзгерістерінің заңдылықтарын білумен қаруландырады. Психолог бала жанының күйзелісін зерттеу барысында: психологиялық тренингтер; матрицаларды; түрлі диагностикаларды; тесттерді; түрлі терапияларды (ойын, би терапиялары) қолдану арқылы күйзелістен шығарып алуға ұмтылады. Баланың психологиялық ерекшеліктерін толық білмейінше, оларды оқытып тәрбиелеуге болмайды. Мен мектепте балалардың психологиялық ауытқушылықтарын байқап, мүмкіндігінше дер кезінде көмек көрсетуге тырысамын. Оқушының психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше зерттеп, соған сәйкес ұйымдастырса ғана жақсы нәтиже береді. Иә, қарап отырсақ, жас жеткіншекке психологтар жәрдемі ауадай қажет-ақ. Мысалы: біздің мектепте бір оқушының сабаққа салғырт келетіндігін байқап, бірнеше күн зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Сөйтсек, бұл оқушыны сыныптастары өздерінің қатарына қоспай шеттетеді екен, оның себебін анықтап, мектеп директоры және анасымен байланыс жасап, шешім жасалды. Қазір ол оқушымыздың көңіл күйі жақсы, сабаққа да ынтасы артты.
Елбасымыздың «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» деген даналық сөзінде терең мән-мағына жатыр десем болады. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді.
Қорытындылай келе, нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жан дүниесіне кіре білу. Сезгенім- «жан сырын өзі ашсын» деп үстелдің екінші жағында қатып қалған адам психолог «оқушы – ата-ана – мектеп» деп аталатын үш тағанның беріктігіне аса жауапты міндетті ала отырып, баршасының досы, ақылшысы, рухани жетекшісі бола білуі. Әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екен, әр парағын ашқан сайын жаңалық табасың, таңырқайсың, тамсанасың, қызығасың, қынжыласың. Осындай асқан жауапкершілікті жүк еткен психологтың атқарар қызметі мен үшін әлемдегі мамандықтар арасындағы ең біріншісі, алғашқысы, құрметтісі, қадірлісі, сыйлысы, мәртебелісі, қасиеттісі, құдіреттісі, киелісі. Болашақта өз жұмысымды одан әрі жандандырып, ата-аналарыма, әріптестеріме көмегімді тигіземін деп ойлаймын. Сөз соңында айтарым, дәрігер адам жанының арашасы болса, психолог- адам жанының жанашыры. Себебі, алдына келген әр адамның жүрегіне үңіліп, онымен бірге мұңайып, қуанса қуанып, өмірге деген құштарлығын ояту- психолог маманының басты міндеті деп санаймын.



Қызылжар орта мектебінің педагог-психологы С.Алжанова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі