Материалдар / Мамандығым -мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым -мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада білім алушылардың өз таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, саналы білім алуға деген ұмтылысты ояту, өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
202
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ


Ибраева Жанат Әбдікәрімқызы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

аграрлық техникалық жоғары колледжі

арнайы пән оқытушыcы


Аннотация

Мақалада білім алушылардың өз таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, саналы білім алуға деген ұмтылысты ояту, өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулиды.


Мақсаты: білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, политехникалық мамандықтарына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, политехникалық мамандықтарына қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Политехникалық мамандықтардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің барысы:

  1. Кіріспе сөз.

  1. Жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студент жастар! Баршаңызды бүгінгі «Кәсіптік білім беруде рухани құндылықтар арқылы болашақ мамандарды даярлау» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылыас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірде өз таңдауымен айналысқан жөн.

  1. Жүргізуші. Әлемде 50-мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін біріміз- автомеханик, екінщіміз- жылутехнигі, енді біріміз- құрылысшы және –эектик мамандықтарын таңдадық. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл- кеңесін айтуға қонақтар келіп отыр. Сонымен құрметті қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Қонақтармен таныстыру.

1-Жүргізуші. Иә, уақыт деген зымыран! «Кеше ғана бала ең келдің ғой талай жасқа»,- деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана колледж табалдырығын аттап, бүгінгі таңда бірден- бір кәсіби маманға айналып, ел болашағының дамуына өз үлестерін қосып отырған түлектеріміз. Сөз кезегі өздеріңізде:

2-Жүргізуші. Біз жастар- ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетті өсіретін, аға-апаларымыздың ісін ары қарай жалғасытыратын болашақ азаматтармыз. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан білікті мамандар қадамдарыңызға нұр жпусын!

Сұрақ бізден, жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)

1-Жүргізуші. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер

үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Осы тұста құрметті қонақтарымызға сұрақ:

  1. Бұл мамандықты таңдауға не себеп болды?

  2. Жақсы кәсіби маман болу үшін адам бойында қандай қасиеттер басым болу керек?

  3. Әттеген- ай деген шақтарыңыз болды ма?

2-Жүргізуші. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзінің мамандығына деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде қызмет жасап жатқан, өзінің мамандығы туралы, қонағымыздан сұрасақ:

  • Осы мамандыққа жүрек қалауыңызбен бардыңызба?

1-Жүргізуші: бүгінгі таңда әрбір жас тәуелсіз болып, өз ісін бастағысы келеді. Өзіне қожайын болып, еліміздің дамуына үлкен үлес қоссам деген ой осы отырған жастардың көкейінде. Бірақ қалай бастау керек, қандай жолдары бар, өз кәсібімізді ашсам көп қаражат керек, оны қайдан аламын деген сұрақтар мазалайды. Осы сұрақтарға дұрыс жауап ала алмай жас маман өз кәсібін дамыта алмай қалып жатады. Осы тұста құрметті қонағымызға сөз бергім келіп отыр.

  1. Қазіргі заманның табысты мамандарына автомеханик, электьрик, құрылысшы, жылутехнигі мамандықтары жата ма?

  2. Бизнес ашуға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаула жайында не білесіздер?

  3. Ашқан бизнесінің жемісін қай уақыттта көре алады?

Осы жөнінде түсінік беріп жіберсеңіздер.

2-Жүргізуші. Студенттер, аяулы мамандар,

Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.

Қызық қуып терезеге қарғандар,

Білім қуып, бөлмеге қамалғандар.

Студенттер, аптыққан, пәк көңілдер,

Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер.

Ауылға жиі айтатын сәлемдері:

«Ақша сал», «Жетпей жатыр», «Ал жетіңдер!»

Студенттер, сарылып ой қуғандар,

Қарынды қанағатқа тойцдырғандар.

Қара нанды достарымен қақа бөліп жеп,

Күн сайын, апта сайын той қылғандар.

Студенттер, болашақ жас мамандар,

Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар

Бастарына тек кітап жастағандар.

Студенттер, ұстаздарға ұнағандар.

Сүрінгендер, кей жерде құлағандар,

Қайтадан тапсырамын деп жылғандар.

Тәттіні, ащыны да татып тұрар.

Сонда да жандарыңда жанып тұрар.

Студенттік шақ қайтадан оралмайды,

Студенттер, студенттер- ол, бақыттылар!



- Құрметті де, қадірменді қонақтар осы студент жастармызға қандай кеңестер берер едіңіздер?

1-Жүргізуші: Қабыл ет қонақтардың тілегін,

Тілегіңді тұмар етіп жүремін.

Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,

Өздеріңдей болсма деймін түлегім.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге келген қонақтарымыздың игі тілектерін тыңдасақ.

2-Жүргізуші: Қорытынды: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір-екі ауыз сөзбен қорытындыласақ.

Атақты ғұлама Әл-Фараби айтқандай:

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз, -деген екен.

Олай болса «Кәсіптік білім беруде рухани құндылықтар арқылы болашақ мамандарды даярлау» дөңгелек үстелімізге келіп, маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!

1-жүргізуші:Күн сайын биіктеген әр сатымыз,

Біздің бір тілегіміз, мақсатымыз.

Әрдайым ашық болып аспанымыз, Еңбекпен шыға берсін жақсы атамыз.

  • Қоғамныңғ жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол

еліміздің жастыр, мына сіздерсіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдірет пей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата берейік.

Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей, алға ұмтылып, арманымызға жетейік.

Егеменді еліміздің ертеңі- білікті маман иесі болуыларыңызға тілектес білдіремін!

1-Жүргізуші: Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,

Қатарыңның алды бол көшті бастар.

Биіктерден әрдайым көріне бер,

Иесі болашақтың- сендер жастар!

2-Жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын,

Қызыққа, әнге толсын, сәнді болсын.

Қайда барсаң жолдарың ашық болып,

Біліміңе бәр әлем тәнті болсын!- дей келе дөңгелек үстелімізді осымен жабық деп жариялаймыз!


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Колледж: Кәсіби білім беру. Профессиональное обучение, -Республикалық педагогикалық- әдістемелік журнал, №1 (27) 2018, 8-11 б.

  2. Колледж: Кәсіби білім беру. Профессиональное обучение, -Республикалық педагогикалық- әдістемелік журнал, №1 (27) 2018, 22-24 б.

  3. Колледж: Кәсіби білім беру. Профессиональное обучение, -Республикалық педагогикалық- әдістемелік журнал, №4 (30) 2018






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!