Материалдар / «Мамандығым -мақтанышым» (эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мамандығым -мақтанышым» (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдау-болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшілігі тағы бар. Әйтсе де, мектеп қабырғасын қимастықпен аяқтаған сәттен бастап мамандық таңдау аса маңызды іс болғанымен, мен үшін еш қиынға соқпады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
1535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандығым -мақтанышым» (эссе)

Терең білім –тәуелсіздігіміздің тірегі,

ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны

Н.Ә. Назарбаев

Мамандық таңдау-болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшілігі тағы бар. Әйтсе де, мектеп қабырғасын қимастықпен аяқтаған сәттен бастап мамандық таңдау аса маңызды іс болғанымен, мен үшін еш қиынға соқпады. Себебі, қоғамдағы сан алуан мамандықтардың ішінен жан-жақтылық пен білімділікті, ең бастысы мейірімділікті қажет ететін мұғалім мамандығының иесі атану бала кезгі арманым еді. Арманымды ту етіп, Ақтөбе Гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, студент атануым,колледжімді аяқтап өзімнің білім нәрімен сусындаған мектебіме жұмысқа қабылдандым. Одан әрі білімімді Ақтөбе педагогикалық институтында жалғастырдым. Нағыз ұстаз болу бақыт әрі абырой. Шындығында мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім»,- деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Қазір міне, мектепте білім беріп келе жатқаныма 21 жыл болыпты.Бүгінгі білім мен білік сыналар заманда ұстаз-ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс,себебі ол мектептің жүрегі.Сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Жаңартылған білім болашақтың негізі,соған сәйкес болу әр ұстаздың міндеті. « Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашықысы өзің бол» демекші, кез келген мұғалім соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. Себебі, үнемі өзгеріс үстіндегі жаҺандану заманында мұғалімге жүктелер міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз. Қай кезде болмасын оқушы үшін мұғалім бір ғана пәнмен оқытатын ғана емес, рухани ой-өрісі дамыған, шығармашылық тұрғыдан жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген, болмысы өзгеше, жан-жақты ұстаз болу керектігі бүгінгі қоғамның талабы болып отыр. Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»-деп, мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын өз ісінің шебері болуы керек.

Қазіргі қоғамда ұстаз мәртебесін көтеру ең басты міндеттердің бірі.

«Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау-біздің басты міндетіміз» -деп,президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев айта кеткендей,ұстаздардың мәртебесін көтеру болып тұр.

Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр.

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр.Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниеңді түсінетін,қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты.Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп,аялап,көңілін де табады.
«Ұстаз» деген ардақты, киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол өз адамның жастайынан сауатын ашатын,өнерге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін,анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.
Ұстаздық жол- мен үшін өмірімнің мәні, қабілетімнің бастауы. Оқыған оқу орнындағы ұстаздарымның берген білімдерін, айтқан әрбір сөздерін үнемі еске түсіріп отырамын. Қазіргі қызмет етіп жүрген мектебімде де мен үлгі тұтар ұстаздар өте көп. Мен сондай ұстаздармен бір мектепте қызмет етіп жүргеніме мақтанамын.Мен өзімді сол ұстаздардың шәкірті ретінде сезінемін.

Қазақ халқының көрнекті жазушысы С.Мұқанов:
Мұғалім!Бұл-адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды,мәңгі бақи беріп бәрін

деп жырласа,мен барлық ұстаздар қауымына айтарым:

Ұстаз болған баршаға,

Ардақты жандар қаншама.

Шәкіртің күнде қуантсын,

Шаршама Ұстаз ,шаршама!!!

Әр таңдағы әрбір күнгі еңбек қадамым, ұстаздық шығармашылық ізденістерім, шәкірттеріммен бірлесе атқарған жемісті істерім мені алдағы уақытта мақсатты істерге жетелейді.





Бердемова Жұмагүл Сегізбайқызы

Бастауыш сыныптар мұғалімі

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосаман елді мекені

































Қатысушы туралы мәлімет



Аты-жөні,тегі

Жұмагүл Сегізбайқызы Бердемова


Тел номер

Эл.почта

87025363309

Edu 68 mekkzaral @ mail.ru


Қаласы/ мекеме атауы

Қосаман елді мекені, №68 орта мектебі КММ


Жіберілген материал қай тілде

Қазақ тілі








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!