Материалдар / «Мамандығым – мақтанышым» эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мамандығым – мақтанышым» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтпақшы, ұстаз тұлғасы – ата – анадан кейінгі ең мейірімді әрі жайдары жандардың бірі. Парасаты пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандығым – мақтанышым» эссе

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтпақшы, ұстаз тұлғасы – ата – анадан кейінгі ең мейірімді әрі жайдары жандардың бірі. Парасаты пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ендеше , кеудесіне иманы мен жүрегі тоғысқан әрбір бала ата – анасын қалай құрметтесе , ұстазды да одан кем емес құрметтеуі тиіс. Өйткені, ұстаз деген ұлағат иесі баланың тағдырын ата – анадан кем әсер етпейді.Менің ойымша ұстаз болуды екінің бірі өз деңгейінде атқара да алмайды, өйткені ұстаз болу үшін жаның кең, жүрегі жұмсақ болуы шарт. Ал егер бұл қасиеттер адам бойынан табылмаса, ол адамның жақсы ұстаз болу екіталай. Осындай мамандық иесін қаншама ақын – жыршылар өлеңдеріне қосып, талай уақыт жыр етіп келді. Ұстаз ұғымының қаншалықты терең мазмұнға ие екенін байқаймыз. Кейде адамдар ұстаздықты менсінбей , мұрындарын шүйіріп жатады. Ал сол адамдар осындай құрметті маман иесінің бағасы қаншалықты зор екенін сезініп көрді ме екен? Менің ойымша , ол адамдарға ондай бақыт жазылмаған. Ұстаздың жүрегінде кеңдік пен мейірімділіктің қаншалықты жоғары екенін ұғынбаса керек. Ендеше ,осы тұстан кеп шығатын ұстаздық – ең тамаша мамандық , ал ұстаз болу қайталанбас бақыт дер едім. Ұстаз болу – қиындығы мен қызығы қатаржүретінмамандық.Талантты ақын Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры , келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі»,- деген екен. Ұстаз тұлғасы , ұстаз келбеті ұстаздық тәлімгерлік қызметі қашанда қай қоғамда болсынтолғақты мәселелердің бірі болды.«Ұстаз» болған адам бақытты, адал, мәдениетті, білімпаз, өз білгенін үйрете білетін, өзгеге үлгі адам сияқты деп көз алдыма елестете білдім. Жүрек қалауыммен ата – анамның қолдауымен менде ұстаздық мамандығынтаңдадым.Мен 2003 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетіне түсіп 2008 жылы «Тарих және география» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Мен алғашқы еңбек жолымды 2008 жылы № 68 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастадым. Міне қазіргі таңда тарих пәнінің мұғалімі еңбек етіп келемін. Менің алға қойған мақсатым: оқушыларға сапалы ,тиянақты білім беріп , ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге , заман талабына сай бүгінгі таңда білімнің білігін , тәрбиенің тәлімін бағыт бере отырып , тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.Осы уақыт аралығында оқушыларым аудандық олимпиадаларға қатыстырып, бір оқушым ғылыми жобаға барып ІІ – ІІІ орынды алып жетістіктерге жетіп жүр. Ұстаз болу – жауапты , әрі қиынмамандық. Баланы заманына қарай икемдеп , өззаманының озық өнегесіне санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту осы күннің басты талабы. Ұстаз еңбегі оқушы білімімен сапасы,нәтижесімен өлшенеді, оның күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол тауып әр шәкірттің бойындағы қабілетті дамыту арқылы әлемді танып,қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндіре білуінде жатыр.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойына жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озса, ұстаз еңбегінің ақталғаны. Өйткені өмірдің заңы даму, ілгерлеу,озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді , шығармашыл тұлға даярлай алады. Ұстаз өз мамандығын жақсы көрсе ғана жұмысында игі істерге ұйытқы болып,арман оты жүрегінде алаулаған шәкірттерін болашақтың иесі етіп, бәсекеге қабілетті қоғам құруға атсалысумыз керек. Тәлім – тәрбиедегі негізгі тұлға – ұстаз. Ол шәкірттерінің жан дүниесінің сырын терең бойлай отырып,олардың сенімін арттырады. «Орташа ұстаз – баяндайды. Жақсы ұстаз – түсіндіреді. Тәжірибелі ұстаз – көрсетеді. Ал ұлы ұстаз ғана шабыттандырады» - деген сөз халық арасында кең тараған. Осындай қасиеттерді өз бойыма сіңірп, ұлы ұстаз болуға мақсат қойып мен өз мамандығымды жақсы көріп мақтан етемін.

Жалмурзаева Перизат Бахытжановна.

68 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосаман ауылы.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!