400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мамандығым болашағым" /дөңгелек үстел/

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып кәсіптік бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



МЕКТЕПАРАЛЫҚ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТЫ








Тақырыбы:




«Мамандығым болашағым»

/дөңгелек үстел/



Рисунок 1




Өткізген: Калиева Р.Б, Оразбаев А.А








Арқалық қаласы






Тақырыбы:«Мамандығым болашағым»


АрқМПИ студенттері мен оқытушыларының қатысумен дөңгелек үстел.


Күні: 11.10.2019ж

Өтілетін орны: Кәсіби бағдар кабинеті

Өткізген: Калиева Р.Б

Қолданылатын көрнекіліктер: слайд-шоу, бейнероликтер, карточкалар

Мақсаты:

- Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.

- Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Жоспары:

1) Кіріспе сөз

2) Кеш қонақтарымен таныстыру.

3) Кеш қонақтарына сөз беру, сұрақ-жауап.

4) Келген қонақтарға сұрақтар қою.

5) Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар.

6) Психологиялық сәт

7) Кеңестер беру

8) Қорытынды

 Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз


1) Кіріспе сөз

- Армысыздар, аяулы ұстаздар, арманы асқақ оқушылар мен қадірлі кеш қонақтары!
биыл жас түлексіңдер. Жауакершілігі жоғары өмірге қадам басқалы тұрсыңда. Қандай маман иесі болам дейсіңдер?. 
Мектептен түлеп ұшқалы отырған мына бізді – 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың біз үшін маңызы өте зор.
Сондай мүмкіндік сіздерге туғалы отыр, оқушылар. Бүгінгі күн  көкейіңізде жүрген сауалдарға жауап алып, жолайырықта тұрған сіздерге таңдау жасау үшін ерекше күн. Ендеше, уақыт жоғалтпай,сол мүмкіндіктерге кезек берейік!

1) Кеш қонақтарымен таныстыру.

Олай болса, Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның физика жәнематематика мамандығының 3 курс студенттері: Тажибаев Спандияр, Темирханова Аселхан, Уахитова Аружан мен Бахытова Құндыз жәнеде тарих құқық мамандығынан келіп отқан 4 курс студенттері:Таңжарықұлы Амантай, Қаржауов Жәнібек.














Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек:

1. Арман (тілек)

2. Көз жеткізу (қажеттілік)

3. Жоспарлау

4. Әрекет

5. Игеру

М амандық сенің денсаулығыңа, физиологиялық және психологиялық күйіңе, біліміңнің сапасы мен деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?»

деген сұраққа жауап берукерек.

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

3) Кеш қонақтарына сөз беру, сұрақ-жауап.

Әлемде мамандықтардың түр-түрі бар деп жатырмыз. Әлемде көргенге қызық, таңқалдыратын ең қызықты мамандық түрлері , ең қауіпті мамандықтар, ең сұранысқа ие мамандықтар, ең жоғары жалақы алатын мамандықтар бар. Назарларыңызға видеоролик ұсынғым кеп отыр.

Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Ендеше кезекті қонақтарымызға берейік. (Бейнеролик ұсынылады).

Е.А.Климов бойынша мамандық таңдаудағы 8 фактордың болатынын атап көрсеткім кеп тұр:

1. Жанұядағы үлкен адамдардың әсері
Сенің өмірің үшін өзіне нақты жауапкершілік артатын үлкендер де бар. Бұл қамқорлық сенің болашақ мамандығың туралы мәселеге де қатысты.

2. Дос-жарандарыңның көзқарасы
Сенің жасыңда достық ұғымы өте биік, әрі берік және сенің мамандық таңдауыңа үлкен әсерін тигізеді. Тек жалпы кеңес беруге болады: сенің қызығушылығыңа сәйкес және өзің өмір сүретін қоғам талабына сай болатын шешім дұрыс болмақ.

3. Мұғалімдер мен мектеп ұстаздарының көмегі
Мектеп қабырғасында оқушының оқу үрдісіндегі және сабақтан тыс белсенділігін бақылай отырып, тәжірибелі ұстаз сен туралы өзің байқамай жүрген қабілеттерді көреді. Білікті ұстаз сенің жаныңа жағатын мамандықты таңдауға көмектесе алады.

4. Жеке кәсіби жоспарлар 
Бұл жағдайда, жоспар деп отырғанымыз- сенің кәсіпті меңгеру сатылары туралы түсінігің.

5. Қабілет 
Өзіңнің қабілетіңнің жан- жақтылығын білімде ғана емес, басқа да түрлі әрекет жетістіктерінен байқауға болады.

6. Қоғамдық құрметке деген ықылас деңгейі
Өз еңбек жолыңды жоспарлай отырып, өз ықыласыңның нақты мүддесін қорғау өте маңызды.

7. Ақпараттандырылғандығы
Сен таңдаған мамандық туралы мәліметтер дұрыс, нақты әрі көп жақты болуына сен толық сенімді болу керексің.

8. Әуесқойлығы 
Әуесқойлық өзіңе ұнайтын және көп уақытыңды соған бөлетін істарде байқалады. Бұл- нақты қабілеттерге байланысты қызығушылықтар.
















4) Келген қонақтарға сұрақтар қою.
1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?
2.Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
3.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
4.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

5. Неліктен қаламызда мектеп бітіруіші түлектер сырт жаққа кетіп жатады?

6 . Ал неліктен біздің институтқа басқа өңірлердңғ түлектері оқуға түсіп жатады?
7.Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
8.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
9.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
10.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
11.Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
12.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
13.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

5) Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар.

1. Ата-анаң саған  бір мамандықты таңдап берді, бірақ, ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласыңба?

2.Сен өзіңе ұнаған мамандықты  таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің? 

3.Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер етедіме?

6) Психологиялық сәт:

«Психогеометрия» өзін - өзі тану: Өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды таңданыз.

КShape1 вадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап, ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілеттін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзінің кәсіптік мамандығынды менеджмент пен байланыстырмауға ұсыныс айтады.

З игзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан. Сондай шығармашылық қабілетін ой өрісін дамыған.Сенде табиғи өткір ойлылық, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды.Басталған істі аяқталмауда төзімділіктін жоқтығы бөгет жасайды.

ШShape2 еңбер. Сендеадамгершілікжоғарыдамыған. Сен өзәріптесіндітаңдайаласынжәнеоныңқайғысы мен қуанышынбіргебөлісесін, басқанынауыртпалығынажәрдемдесуқабілетінжоғарықалыптасқан. Сағанжекеадамдарарасындағыкекілжіндертәнемес, өзіңдіоларданаулақ ұстайсын және саған менеджмент саласындағымамандықтарсәйкескелмейді. Сененүздікпсихолокшығуы мүмкін.

Shape3

Ұшбұрыш. Сағанбасқарушылықасиеттән. Өзкөздегенмақсатынақолжеткізугебарлықмүмкіншілігіндіжасайсын. Өзінесенімдісінженіске, жетістіктерге, ұтыстарғаоңайқолжеткізесін. Айтқанынаншықпайсын, абыройлысын. Сен қоғамда, өмірдежоғары жетістіктергеқолжеткізесін, жұмысыңдажоғарыкөтерілугебейімділігін бар.


7) Кеңестер:

1.Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін – өзі құрметтей білуі керек.

2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?», «Қайда жұмыс жасағым келеді?», «Кім болғым келеді?».

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан соң жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау.

(Сіз кіммен араласасыз, соның бәріне мынадай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?

5.Кезкелгенармандыіскеасырабіл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де – компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

Б ес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам – қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз.


7) Қорытынды:

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймыз.

Еңбек етсен, ертенгі бақытыма сенемін.

Максатыма жеткізер – уақытыма сенемін.

Достық іспен қастыда – женеріме сенемін.

Ақыл, сана, білім мен өңеріме сенемін.

Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін дегендей ел сеніміне кіретін құрметті маман иесі болуларымызға тілектеспіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
2067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі