400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Мамандығым болашағым» /кездесу кеші/

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып кәсіптік бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



МЕКТЕПАРАЛЫҚ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТЫ






Тақырыбы:


«Мамандығым болашағым»

/кездесу кеші/


Picture 1



























Өткізген: Темешов Ж.Ж

Калиева Р.Б











Арқалық қаласы




Тақырыбы: «Мамандығым болашағым»

Мақсаты: Мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету,

мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру; елімізге өз үлесін қоса

білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд

 Кешке қатысушы:
- 11 сынып оқушылары
- ЖШС «Алюминқұрылыс қызметкерлері»
- ұстаздар

Өту барысы:

1. Кіріспе бөлім
2. Оқушыларға сұрақ

3. Қонақтарды таныстыру
4. Мамандық иелеріне сөз беру
5. Сұрақ - жауап
6. Қорытынды


I.Кіріспе бөлім

Қайырлы күн!
«Мамандығым болашағым» атты шарамызды
 бастаймыз. Кешімізге қонақтар қош келдіңіздер сіздермен бірге « Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында» білім алып жүрген 11 сынып оқушылары және де ұстаздары. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе мамандық таңдау. Ең бірінші мамандық таңдауды сөз етпек боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Кей біреуіміз өзіміз қызықпайтын мамандықты таңдаймыз. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Бүгінгі кездесу кешіміз осы отырған оқушыларымызға мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі деген ойдамыз.

Оқушылар мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік.

Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық – адамның қоғамдық мінездемесі.
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Осы мамандық түрлерін қалай таңдап, қалай білу керек деген сұрақтар кім-кімді болмасын мазалайды.

Бүгінгі оқушыларымыз мамандықты өздері таңдай ала ма?

Әлде толығымымен мамандық таңдауға ата-аналар атсалысу керек пе? Сынып оқушыларының өздерінен сұрап көрейік.

Өзі таңдап отырма?

Қандай мамандық таңдады,әлде ата анасы таңдап берді ме?

Жүргізуші: Оқушыға мамандықты таңдау үшін, адам  ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.



II. Оқушыларға сұрақ:

  1. Мамандық таңдап үлгердің бе?

  2. Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?

  3. Жоғары оқу орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?

  4. Болашақ мамандығың жайында кіммен ақылдастың?

  5. Өзіңді ҰБТ-ға байланысты мазалап жүрген ойлар бар ма?

  6. Сенің арманың не?

  1. Таңдаған мамандығыңның қыр сырын зерттеп көрдің бе?


III. Қонақтарды таныстыру:

  1. Мажитов Талғат Уалиханұлы - темір-бетон заводының басшысы

  2. Нургабулов Сакан – бас энергетик

  3. Д уйсенбаев Батырхан – бас инженер


ЖШС"Алюминқұрылыс" 2000 жылдың 20 қазанында құрылды. Орналасқан жері Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек 72.


"Алюминқұрылыс"ЖШС келесі қызмет, жұмыс, тауарлар түрлерін ұсынады:

  1. Жобалық-зерттеу қызметі;

  2. Құрылыс-монтаж жұмыстары;

  3. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру (шығару).


Кәсіпорынның құрылымы мен қызмет түрлері:


Механикаландырылған лекпен өндіреді:

  1. Сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша орнату жұмысиары;

  2. Ішкі инженердлік желілерді орнату бойынша жұмыстар;

  3. Жолдарды салу жұмыстар;

  4. Біліктерді жонып шығарады;

  5. Токарлық жұмыстарды орындайды;

  6. Жүктерді тасымалдау қызметтерін көрсетеді.





Бұл мехколоннада: Шеберханалар, автокөлік және механизмдер үшін жылы тұрақ, жеңіл автомобильдер тұруына тұрақ, диспетчерлік, ЖҚС және жеке тұрған бокстар бар.


Бұл зауытта темір-бетон бұйымдары бар қалыптық цех, арматуралық цех, бетоносмесительный цех, жиһаз цехы, асхана.

Зауыт бетонды және темір-бетонды бұйымдар шығарады:

  • жертөле қабырғаларының блоктары;

  • іргетас жастықтары;

  • сақиналар Ø1м, Ø1,5 м, Ø2м;

  • құдықтардың қақпақтары;

  • құдықтар түбін;

  • резервуарлық панельдер;

  • карнизді тақталар;

  • тақталар, бағаналар және қоршаулар;

  • тротуарлар тақтасы;

  • жасанды автожолдар үшін құрылыстар блоктары;

  • бетон, ерітінді.


Өндіреді:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары;

  • жасау ағаш бұйымдарын;

  • қолданыстағы ғимараттардың, құрылыстар мен құрылыс құрастырмаларын бөлшектеу;

  • тұрғын және қоғамдық үй-жайлар күрделі жөндеу;

  • шатырды жөндеу;

  • қасбеттерді жөндеу.


ДСУ:
- асфальт-бетон зауыты;

  • тасұсату зауыты.


Объектілері жер қойнауын пайдалану:

  • құм-қиыршық тас қоспасының Сарыөзен карьері;

  • гранит жіне гранодиориттер орналасқан Тасты кен орны.



IV. Мамандық иелеріне сөз беру

МPicture 6 ектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.


Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, бүгінгі маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікіралмасудың маңызы өте зор.Ендігі сөз кезегін сіздерге берсек. Өздеріңіздің мамандықтарыңыз жеткен жетістіктеріңіз жөнінде айтып берсеңіздер.

V. Қонақтарға сұрақ:

-Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

-Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

-Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

-Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?

- Қазіргі таңда қандай мамандық сұранысқа ие деп ойлайсыздар?

- Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтар едіңіздер?















VI.Қорытындылау: Құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп, оқушылармен ой бөлісіп, ақыл-кеңес беріп келгендеріңізге сіздерге көп-көп рахмет. Болашақ түлектер алдарыңызда үлкен жол жатыр. Өздеріңіз таңдаған ақ жол сіздердің болашақтарыңызды жарқын және қуанышқа толтырсын. Ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсулеріңізе» тілектеспіз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі