400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым мақтанышм

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда балаларды оқыту және тәрбиелеу қызықты, қызығатын, бірақ оңай емес жұмыс. Денсаулығының ерекше мүмкіндіктері бар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру (мүмкіндігі шектеулі оқушылар) екі есе оңай емес. Бұл балаларды оқытып, тәрбиелейтін мамандық – дефектолог мамандығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дефектолог мамандығы - жоғарғы адамгершілік қасиетті талап ететін мамандық.

Қазіргі таңда балаларды оқыту және тәрбиелеу қызықты, қызығатын, бірақ оңай емес жұмыс. Денсаулығының ерекше мүмкіндіктері бар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру (мүмкіндігі шектеулі оқушылар) екі есе оңай емес. Бұл балаларды оқытып, тәрбиелейтін мамандық – дефектолог мамандығы. Бұл мамандық мүмкіндігі шектеулі балаларды негізгі білім беру бағдарламасын меңгерте отырып, сол балалардың дамуындағы кемшіліктерді барынша түзетуге және қалпына келтіруге бағытталған мамандық.

Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды қадам, өйткені мамандық өзінің болашақ тағдырын анықтайды. Бірақ қандай мамандық таңдау керек? Деген кезде мен мынандай талап қойдым. Мен үшін менің мамандығым, ең алдымен, маған ұнайтын және бастысы туған еліме тарыдай болсада пайда келтіретіндей болуы керек деп шештім. Сол себептен мен- Дефектолог маманыдағын таңдадым. Осы жерде Конфуций айтқандай: «Өзіңе ұнайтын жұмыс істесен, өміріңде бір күн жұмыс істемегендей боласын» деген сөзін қосқым келіп отыр.

Мүмкіндігі шектеулі балалар қандай десек бұл- есту қабілеті бұзылған, соқыр, көру қабілеті бұзылған балалар, сөйлеу қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар (церебральды сал ауруы), психикалық дамуы тежелген (ZPR), ақыл-есі кем балалар және басқа да мүгедек балалар. Ал отбасында осындай балалары бар жанұяларға білікті, өз ісіне жауапты қарайтын мамандар жағынан көмек ауадай қажет. Дефектолог мамандығанда білім қорын тек педагогика саласынан ғана жинамайсыз. Дефектологияда білікті маман болу үшін медицина, педагогика, психология, невропотология, физиология, заң, тарих секілді салалардан да қосарлана білім жинақтап, білім нәрімен сусындануға мінтеттісіз. Сонда ғана сіздің алдыныздағы ерекше балалар мен және оның жақындарына нәтижелі пайда тигізесіз. Мен өз мамандығымда бірінші адамгершілікті қоямын. Сондай-ақ бұл маман иелері үнемі қарапйым мінезді және жаңашыл, ізденіс қасиетті талап етеін мамнадық. Алдынызға ерекше денсаулықпен келіп отырған баламен талапқа сай жұмыс жасау керексіз. Мұнда балаларға және оның ата-аналарына сізің орыныныз қараңғы бөлмедегі жарық үміт шоғысыз. Бұл жандардың қалыпты қоғам мүшесі ретінде өзін-өзі ұстауына, қоғамға сініп, өзінің орнын табуына себепкер болатын басты тұлғанің бірі сізсіз. Сондай-ақ ата-анасына баланың тек жақсы қасиетін айта отырып, ата-анаға баласының өзін-өзі қамтамасыз ететін тұлға болап шығатынына сендіру біздің мамандықтың міндеті деп ойлаймын.

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек, біреуі — жар таңдау, екіншісі — мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Менің дұрыс шешімім — дұрыс мамандық таңдағаным болды деп санаймын. Абай атамыз айтқандай «Неге арналсаң, соны істе» деп, адам өмірінен өз орнын таңдағаны жөн. Бұл таңдауым жүрегімнің үнін тыңдап, мамандығыма деген махаббатымның нәтижесі деп білемін. Өз мамандығымның арқасында жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін алып отырмын. Мен таңғадаған мамандығыммен мақтамын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.11.2021
978
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі