Материалдар / Мамандығым мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
499
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Жекибаева Айжан Мырзалықызы

«Мамандығым – мақтанышым» менің кәсіби мамандығым туралы ой толғамым (эссе).

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз.Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр.Өмірдегі қоғам қайраткерлері , небір данышпан адамдар бәрі – бәрі бір адамға қарыздар

Ол – ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес . Жан дүниеңді түсінетін , қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық,- өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп , аялап , көңілін де табады. «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, «Білім» атты кемеге отырғызып , болашаққа жол көрсетіп, анаңдай әлпештеп , маңдайыңнан сипайтын адам.

Ұлы Абайдың : Ақырын жүріп , анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас.

Үйретуге балаға – деп айтуында терең мән- мағына жатыр. Шынында да, ұстаз еңбегі – ұлы да, ұлағатты еңбек емес пе?

Сондықтан менің өмірімдегі ең бірінші бақытым - жүрек қалауыммен мұғалім болуым болды. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені мен 1992 жылы , сол бір кезде орта мектепті аяқтаған , зор арман мен қиял арқалаған , мектептегі көрген ұстаздарым секілді, нақ солардай мұғалім болғым келген , өмірді қалай бастаймын .......деген жас балғын қыз едім. Мұғалім болып мектепте жүрсем деген арманым бойымды жігерленіп , қанатыма ерік беріп, алысқа самғауыма тірек болды.Орта мектепті аяқтаған сәттен бастап, еш ойланбастан Тараз қаласына жол тартып, Абай атындағы Жамбыл педагогиқалық училищесіне оқуға түстім.Мұндағы өткен екі жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма дипломды алып , мұғалім мамандығын иеленіп , мен өзімнің туған жеріме оралып , мектепте, бастауыш сыныптарға дәріс бере бастадым.Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Әрине, бәрі бірден жақсы болып кеткен жоқ.Мен көп іздендім, оқыдым, көрдім, өз ісінің нағыз мамандарын , ең үздіктерін іздедім. Арнаулы орта білімімді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жалғадым.Осылайша , мен өзімнің ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін , болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалымды таба білуім керек . Талмай еңбек ете отырып, өмірімнің алғашқы қуаныштары,кішкентай бөлшегі,жетістіктерге жете бастадым. Осы мамандыққа лайықтылығымның айнасы ретінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мына көрсеткіштерімді атап өткім келеді.Қ.Сәтпаев орта мектебінде 3 оқушым \/||- ші Халықаралық және ||- ші Республикалық балалар мен жасөспірім арасындағы байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша 1,2,3 орындарды иеленсе, Жумабай Мадимурат «Ак бота»интеллектуалдық ойынға катысып, жүлделі 1- ші орынды иеленді және Сақтасын Қарақат ‘’Bebras – 2016’’ информатика және компьютерлық ойлау конкурусына қатысып 2- орынды иеленді. Жасаған еңбегімнің жемісі болар 2016 – 2017жылдар аралығында Халықаралық және Республикалық балалар мен оқушылардың байкауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша өнерлі, дарынды шәкірттер дайындағаным үшін алғыс хатпен марапатталдым.Мұғалім оқушылармен жұмыс жасай отырып, өзі де шығармашылық жұмыспен айналасу керек. Соған орай, «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауында 3 – сыныпқа арналған «Төрт түлік әлемі» бағдарламасын тиісті талап деңгейлеріне сай дайындағаным үшін 3 – орынды иеленіп марапатталдым .2016- 2017жылы республикалық журналдарға мақалам және ашық сабағым жарияланды.2014- 2015 жылы жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беруде нәтижелі де табысты еңбегі үшінТ.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Л.Ш.Утеулиеваның « Құрмет граматасымен» марапатталдым.

«Әліппенің» бетін ашып , әріп танытқан,өмірдің қыр – сырын білуге, сан қиылы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып,жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі әр адамзат жүрегінде сақталары анық.

Осындай мақсатпен халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында еңбек етіп жатқан әріптестеріме еңбектеріңіз жемісті болсын дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!