400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілерімен жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе


Мамандығым мақтанышым


Алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын. Маған сабақ берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Барлық мамандықтың өз ұстазы бар. Менің өміріме бағыт берген, кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек.

Мектепті аяқтағаннан кейін мұғалімдік мамандықты таңдап, Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік Университетінің музыка факультетіне оқуға түсіп білім алдым. 4 жыл мен үшін өте шықты. Қолыма диплом алып, мектепте музыка пәнінен сабақ бере бастадым. Сол алғашқы ұстаздық күндерім әлі есімде. Тәжірибесі мол мектептегі ұстаздар әрдайым жас мамандарға оқушыларға білім беру үшін бірінші өзің оқып, көп ізденуің керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет деп айтатын. Мектепте мен музыка пәнінің мұғалімі, тәлімгер болып та жұмыс жасадым. Ал, қазіргі уақытта балабақшада музыка жетекшісі болып жұмыс жасаймын. Маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Мен өз мамандығымды басқа мамандыққа ауыстыра алмаймын. Осы мамандыққа өзімді лайықтымын деп ойлаймын және осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы оқушыларымның жетістіктерімен мақтана аламын. Бұл менің жұмысымның жемісі деп ойлаймын.

Жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттерінің арта түсуіне қол жеткіздім. Оқушыларым қалалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

Біздің балабақшада «Мектепке дейінгі жаста Мария Монтессори жүйесін тәжірибеге ендіру» атты тақырыппен эксперименттік алаңда жұмыс жасадық. Мен «Мария Монтессори әдістемесін музыка сабағында қолдану» атты тақырыппен жұмыс жасадым. Монтессори педагогикасы – еркін педагогика. Балалар бұл оқу іс-әрекетінде еркіндікті сезінеді. Эксперимент алаңындағы өзімнің практикалық тәжірибемді қалалық, республикалық конференцияларда, семинарларда педагог, мұғалімдермен бөлістім.

Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында монтессори әдісін музыка сабағында қолдану тиімді. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке итермелейді. Таяқша монтессори әдістемесінің басты құралы болып табылады. Бір сызықтың бойымен (шеңбер) жүру тепе-теңдік сақтауға итермелейді. Басқада топтық жаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы: рөлдік ойындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек. Жаттығудың шарты түсінікті болу керек. Жаттығулардың негізгі мақсаты: саусақ жаттығуы баланың ұсақ қол моторикасын, тілін, ал таяқша жаттығуы баланың музыканы есту, есте сақтау, ырғақты сезінуін дамытады. Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:

1.Саусақ жаттығуы

2.Таяқша жаттығуы

3. Бір сызықтың бойымен жүру (шеңберде жүру)

4. Тыныштық сәті (музыка тыңдау)

Балабақшадағы музыка сабағында балалардың ән айту, есту, есте сақтау қабілетін дамытуда саусақ, таяқша жаттығулардың орны ерекше. Баланың музыкаға деген құштарлығы, ән айтуы, саусақ, таяқша жаттығулармен ойнау үстінде қалыптасады.

Саусақ жаттығуы. Саусақ жаттығуын жасай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстары, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Баламен саусақ жаттығуын, мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз:

Саусақ – бала сен қайда болдың?

Мына саусақпен орманға бардым

Мына саусақпен щи пісірдім

Мына саусақпен ботқа жеп

Мына саусақпен ән салдым,-деп аяқтайсыз.

Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ жаттығуларын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ жаттығуларын игере алады. Мысалы: бір қол үйшікте, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4-5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

Бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш,-дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар,

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес,-деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі асты атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйренеді. Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.

Саусақ жаттығуының нәтижесінде баланың тілі, есту, есте сақтау қабілеті дамиды, қимыл-қозғалысы артады. Баланың музыкаға деген құлшынысы артады.

Таяқша жаттығуы. Таяқшамен жаттығу жасағанда баланың тілі, есте сақтау қабілеті, ұсақ қол моторикасы, музыка сауаты (жәй, қатты, жоғары, төмен) дамиды. Мысалы:

Таяқшалар жүреді

Таяқшалар жүгіреді

Таяқшалар секіреді

Таяқшалар тықылдайды.

Таяқшалар шуылдайды

Таяқшалар биік

Таяқшалар төмен

Таяқшалар алыс

Таяқшалар жақын.


Шеңбер. Шеңберге қоңырау үнімен жиналады. Шеңберде балалар саусақ, таяқша жаттығуларын жасап, ән айтады. Шеңбердегі барлық ойындар әнмен орындалады. Мысалы:

Аспаптарда ойнайық

Достарды біз жинайық

Шеңберге біз тұрайық

Құшақтасып алайық.

Өз тәжірибемде музыка жетекшілеріне Мария Монтессори әдістемесін музыка сабағында қолдануды ұсынамын. Нәтижесінде балалардың тілі, музыканы есту, есте сақтау қабілеті, қимыл-қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,-дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,-деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Сондықтан мұғалімнің бойында мынадай қабілеттер болу керек:

  • Жұмысқа бейімділігі

  • Білімі мен біліктілігі

  • Сенімі

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарымен аяқтаймын. Мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі