Материалдар / Мамандығым-мақтанышым!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мамандығым-мақтанышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2021
552
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нурманова Назира Ташкенбаевна

7 Жалпы білім беретін мемлекеттік мекеме

Ұстаз-дефектолог

Тел: 87073298271



« Менің білім саласындағы баспалдағым!

Эссе – « Мамандығым- мақтанышым!»

Күнде мектепке келіп, өз сыныбыма кіргенде, шәкірттерімнің жәудіреген көздеріне қараған сайын, сол балалармен бірге болған қандай бақыт екенін сезінемін. Ерекше қажеттіліктері бар балалар! Бұл- «ерекше балалар»! Бұл балаларды оқу мен жазуға үйрету, қазіргі қоғамның тең құқылы мүшесі болуға баулу оңай шаруа емес.

Мен дефектолог-ұстазбын. Менің мамандығым мен мен оқытатын балалар мені өмірге басқаша қарауға, алға ұмтылуға және болмашы жеңістердің өзіне қуана білуге үйретті. Дефектолог мамандығының жұмысы физикалық және психикалық ауытқушылықтары бар балаларды толыққанды өмір сүруге, қоршаған ортаға сіңісе білуге, оның құндылықтары мен жетістіктерін бағалай білуге үйрету.

Арнайы білімі бар мамандардың ата-аналарға балаларының оқуы мен тәрбиесінде көрсетер көмегі көп. Өз жұмысымда мен әр баланың жүрегінен жол табуға тырысамын. Білуге құштарлығын оятуға, жаңаны танып-білуге, өз бетінше ізденуге, жетістікке жетуге, әр жетістігіне қуана білуге үйретемін. Ал, өзім болсам, солармен бірге қуанамын. Өйткені, бұл біздің ортақ жеңісіміз.Бұл жұмыс мұғалімнен жоғары кәсіби шеберлікті талап етеді.

Әр бала әр түрлі. Менің басты мақсатым- оларға ыстық құшағымды ашып, қорған бола отырып, үлкен махаббат сыйлау. Мен олардың әрқайсысын сол күйінде қабылдап,жақсы көремін.

Мектеп бітірген кезде барлық түлектерді мазалайтын «Кім болам?» деген сұрақ менің де алдымда тұрғаны әлі күнге дейін есімде. Балаға деген үлкен махаббатым мені педагогикаға алып келді.Қамқорлығымдағы кішкентай балдырғандарымды жақсы көремін, олар да маған солай жауап береді деп ойлаймын.

Адам жүрегі өте үлкен, ол зор махаббатты да , мейірімділікті де бір жерге сыйдыра алды. Тағдыр мені ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауға алып келді. Ал мен оған ешқашан өкінген емеспін.

Инклюзивті білім беру немесе « Білім – баршаға» бағдарламасы- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның конвенциясына 2006 ж 13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдардан бастау алады,

ал 1990 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек « Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.Осы бағдарлама аясында мен еңбек ететін

7 жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесінде де инклюзивті білім беру жолға қойылған.Мектеп арнайы мамандармен толық қамтылған.

Жәй ғана өмір ағысымен жүзе беру қызықсыз, өмірде түрлі тосынсыйлар мен мәселелер туындап жатады.Ұстаз мамандығы әрдайым ізденуді, өз білімін жетілдіруді, дамытып отыруды талап етеді.

Бала тәрбиелеу мен оқыту – қызықты, танымды, бірақ қиын жұмыс. Ал «ерекше балалармен» жұмыс істеу екі есе қиын.Ұстаздан төзімділікті, шығармашылықты, еңбексүйгіштікті, шеберлікті талап етеді.Дефектолог маманының бойында осы қасиеттер екі есеге көп болу керек.

«Ерекше балалармен» жұмыс жасау үшін ерекше сезімталдық, психологиялық, кейде дене күші де қажет болады.Дегенмен де, сол «ерекше балалардың» да өз ерекшеліктері байқалады. Тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар балалар қоршаған ортаны айрықша ынтамен зерттеп, әрбір майда-шүйдеге зер салып қарайды.Көз кемістігі бар балалардың есту қабілеті мен музыкалық дарыны дамыған.Құлағында кемістігі барлар шығармашылық жағынан,сурет салуға деген икемі жақсы дамыған.Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы бір санатқа бөліп қарауға болмайды. Өйткені зағип суретшілер, құлағы мүкіс композиторлар да бар. Өмірді сүю үшін, барлық жағдайыңның болуы шарт емес. Бар болғаны қолдағы барымызды бағалап, аялай білуіміз керек.

Ертең тағы да таң атады, тағы да мектеп өмірі, сүйікті сынып, мөлдіреген көздер... Ал, мен олармен әрдайым өз біліміммен, махаббатыммен, мәдениетіммен бөлісуге дайынмын! Шәкірттерімнің қатарының алды болғанын қалаймын және бәрі жақсы болатынына сенемін!

Ұстаздық еткеніме 20 жылдан аса уақыт өтсе де, осы жолды таңдағаныма мақтанамын!

Олардың кішкентай жүректерінің жылуын сеземін, оларға керек екенімді білемін.Ал біреуге керек екеніңді сезінген кезде, өмірді бекер сүрмегеніңді түсінесің.

Неміс педагог- дефектологы П. Шуман: « Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген, сондықтан да менің алдымда ерекше қажеттіліктері бар балалар отырғанда ізденбеуге, шеберлігімді шыңдамауға қақым жоқ!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!