жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым - мақтанышым!
Мен, Қаналиева Ақтеңге Шахмарданқызы 01.12. 1994 ж. Бейнеу ауданында дүниеге келдім. Бейнеу гумантарлық –экономикалық колледжін 2014 ж «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» тәрбиеші мамандығы бойынша бітірдім. Шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Балалардың тіл байлығын ертегілер арқылы дамыту»
Тәрбиеші - ең алдымен, бала үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.
Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл... Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге,қанаты қайырылмайтындай етіп даярлауда емес пе?! Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.
Мен балабақшада тәрбиеші мамандығы бойынша
төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін.
Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі
ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Күнде
ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті
күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін
естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай
болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа
бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын,
маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар
шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері
өте көп екенін сеземін... Балабақшаға бара жатқанда басыма сол
күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі
болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен?
Күніміз қызықты өту үшін оқу іс-әрекетін, ойын
түрлерін қалай өткізсем екен?..
Әрине әрбір оқу іс - әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды
еш жадымнан шығарған емеспін.
Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, тәрбиешілердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. Тәрбиешінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам... Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол тәрбиешіге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
«Білерім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз»
демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсесің. Сондықтан
да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау
алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын
білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан
қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең -
шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам
- адами парызымның орындалғаны болар.Тәрбиешінің кәсіби
шеберлігінің негізі, біріншіден, өмірге көзқарасы, оның идеялық
нанымы; екіншіден, өз ісін жетік білуі, ойын балалары үшін өз ойын
толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден, оқыту
мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі
тиіс.
Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс - әрекетіне аударту, баламен оқу іс - әрекеті үстіндегі әрбір қарым - қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе
жұмысымның негізгі бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы: «Әлем балалар көзімен», тәрбиеленушілерім ерекше көңіл күйге бөленеді. Ал мерекелік іс - шараларда « Мерейлі отбасы», «Ұлттың ұлы мұрасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы », «Мың бала» шараларда балапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес.Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл - күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші деп сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс - әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Олай болса, құрметті тәрбиешілер, өз мамандығымызды шексіз
сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне, болашағына арналса ғана
шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.Осыған орай баспасөз беттерінде «Балабақша жұлдызы», I Республикалық балабақша бүлдіршіндерінің энциклопедиясы журналында «Мың бала» мақалалар жарық көрді.« Балалар –театр әлемі» жобасы бойынша Ауданда іс-тәжірбием таратылды.
Тәрбиеші сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні – жақсылыққа тәрбиелеу,
өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген