400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог психолог мамандығы туралы қысқаша мақала. Бұл мамандықты өзім қалап таңдадым қазіргі таңда өз пайдасын тигіуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сырттанбекова Мереке Алтайкызы

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы ,”№ 14 жалпы білім беретін мектебі” КММ

Мамандығым- мақтанышым

«Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін –қалау»- деген нақыл сөздің астарын мектеп қабырғасынан аяқтағаннан кейін ұққан едім. Мамандық таңдауға келгенде терең ойлана отырып, жүрек үніне құлақ асқан жөн екенін дұрыс деп ойладым. Әлбетте мамандықтың жаманы жоқ. Тек бар ынта-жігерін салып, мамандығын құрметтей білсе, ісінің алға қарай дөңгелей жөнелетінін баршамыз білеміз. Мамандық болашаққа жол сілтей отырып, алға қарай жетелей түседі.

Сен де, бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан.-деп, Абай атамыз айтқандай кірпіш болып қалану үшін қалаған мамандығың болу керек. Иә, менде мамандық таңдауда алдыма мақсат қоя отырып, сол мақсатқа қарай барымды салған болатынмын. Қалаған мамандығымның иесі болып бұл күнде мамандығым бойынша жұмыс жасаудамын. «Мамандығым-мақтанышым»-деп, мақтана айта аламын. Бұл күнде білім ордасы яғни мектеп қабырғасында қызмет етудемін. Ұлттың болашағы, халықтың ертеңі жастар яғни ұрпақ қолында болғандықтан оқушылармен жұмыс жасау менің басты міндеттерімнің бірі де, бірегейі деп білемін.

Жазылмаған ақ парақ іспеттес, жаны таза балалармен жұмыс жасау мені жалықтырған емес. Күнделікті мектеп қабырғасында оқушылармен жұмыс жасай отырып, мамандығыма деген құрметіммен құлшынысым арта түскен жайы бар еді. Заман талабының ағымына қарай білім беру бағытында педагог- психолог мамандығының ең басты орында екендігін қаперіме ала отырып, өмірге қарсы тұра алатын, өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеуді өз міндетіме алғанымды сонымен қоса тәрбиелеуде шаршаған емеспін. Бұлда мамандығыма деген құрметімнің бірі болар. Күнделікті балалармен жұмыс жасау барысында көптеген жайттарға қанық болатын кездерім жетерлік. Бала жүрегіне, мінез-құлқына үңіле отырып, жауапты шешім қабылдап, алға қарай дұрыс шешім қабылдауларына жол сілтеуіме тура келеді. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп ұлы Абай ақынымыз тегін айтпаса керекті. Жаңа заман талабының адамға сондай-ақ, жастарға тигізер әсері зор. Күнделікті технология ақпарат көздерінен бала өміріне тигізер пайдасымен зиянын да көріп отырмыз. Бала қашанда көргеніне сенгіш, естігеніне еліктегіш болып келеді. Сол көргендерінің дұрыстығымен бұрыстығын барынша баланың санасына құйып, жақсыға жақын, жаманнан аулақ болғанына жол сілтеу біздер яғни психолог мамандардың басты жұмысының алғышарты деп білемін. Сондықтан да мамандығыммен мақтана отырып, «Ел болам десең,бесігің түзе» деген Мұхтар Әуезовтың сөзін қаперімізде ұстағанымыз дұрыс болса, нұр үстіне нұр болар еді. Иә, барлық мамандықтың өзіндік қыры мен сыры бар дей отырып, мамандығымның өміршең және де ұлт болашағы жастармен жұмыс жасау, балаларға жол сілтеу сияқты ұстанымды ойыма қалыптастыра білгенмін. Күнделікті жұмыста тәрбилеу процесін ұйымдастыру және жүргізу арқылы психолгиялық көмегімнен еш аянған емеспін. Барлығы ұрпақ қамы.....Саналы да, сабырлы ұрпақ көп болғай!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі