400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала ата-ана айнасы (ата-аналарға арналған тренинг) Тренинг мақсаты: ата-ана мен бала қарым-қатынасын жақсарту.Баланың қабілеті мен қызығушылығына,бейімділігіне көңіл бөлу,қолдау көрсету.Сенімділіктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала ата-ана айнасы

(ата-аналарға арналған тренинг)

Тренинг мақсаты: ата-ана мен бала қарым-қатынасын жақсарту.Баланың қабілеті мен қызығушылығына,бейімділігіне көңіл бөлу,қолдау көрсету.Сенімділіктерін арттыру

Тренинг ережесі:

1.Сөзді бөлмеу

2.Бір-біріне кедергі жасамау

3.Бірігіп жұмыс жасау

4.Күлімсіреу

Барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар,бүгінгі тренинг сабағымызға қатысып пікірлесіп,бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты нығайтайық деген оймен бүгінгі тренингті өткізіп отырмыз.Қош келдіңіздер!

1.«Танысу» жаттығуы

Қатысушыларға әртүрлі түсті конфеттер беріледі.Қатысушылар ұнаған түстерін алып,өз есімдерін атап,конфет ішіндегі түстер мағынасына байланысты өзін қысқаша сипаттайды. Талдау: жаттығу ұнады ма? Бір-бірлеріңіздің есімдеріңізді жаттап үлгердіңіз бе? Көңіл-күйлеріңіз қалай?

2.«Кедергілер» жаттығуы

Нұсқау: Ата-аналар ортаға шеңбер жасап,қолдарын ұстап,дөңгелене тұрады.Шығыршықты (дөңгелекті) бүкіл денесінен айналдырып,кезектесіп өткізіп шығады.Бір,екі рет қайталайды. Өмірде де ата-ана жүріп өткен жолмен балалар да жүріп өтеді.Қаншалықты біз балаларымыздың кедергілер мен қиындықтарға жолықпауын қаласақ та,баланың әр кезеңінде өз қиындықтары болады.Балалар осы уақытқа дейін ата-анасына айтпаған қиындықтарды өтірік-шыны аралстырып айтады.Ата-ана қайсысы жалған,қайсысы шын екенін танып білу керек.Бұл жағдайда балаға бірден ұрыспай,ол неден туындады,шешімін табу үшін мақал-мәтел,нақыл сөздерді еске түсіріп айту керек.

Талдау:Жаттығуда өзіңізді қалай сезіндіңіз?Қай айналым Сізге қиын соқты? Қандай ой түйдіңіз?

3. «Саусақтағы санды тез айт»

Нұсқау: ата-аналар арқаларын сүйеп,теріс қарап тұрады.Бір,екі,үш деп белгі берген кезде, тез бұрылып,саусақтарымен санды көрсету керек.Қолда көрсеткен саусақтағы санды тез айту,санды ажырату. Баланы талпындырып,жігерлендіреді.Өкпе мен ренішті босатады.

Талдау:Кім бірінші болып айтты,санды таныдыңыз ба? Көріп тез айту ма,ойға келген санды айту ма? Қиындық болды ма?

4. «Мен саған сенемін!»

Нұсқау:үстел үстіне ыдыс қойылады,бірінші ата-аналар бастайды.Шариктерді қолдағы таяқшаның көмегімен,бірлесіп,екі қолға ұстап ыдысқа түсіру керек.Екінші айналымда,тек бір таяқшаның көмегімен қайталау керек.

Талдау: Осы жерде балалармен жасағанда қандай күйде болар едіңіздер?

Өз эмоцияларыңызбен бөлісесіз бе?


Қорытынды: Бала тәрбиесінде Басты тұлға екеніміз,әр қашан бала өз ата-анасына қарап бой түзеп,отбасындағы үлгі-өнегені бойына сіңіретінін осы жаттығулар арқылы да байқап,өз бойымыздан өткізіп көріп жатырмыз.Бүгінгі тренингтен не алдыңыз? Алда осындай тренингтерге қатысар ма едіңіздер?

Әр дайым бала жүрегінен орын тауып,қолдап,сенімін,сезімін бағалай білейік!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.10.2023
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі