Материалдар / Мамандығым мақтанышым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім-жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып әрі оларды тәрбиелеуде орасан зор қызмет атқаратын мамандық иесі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандығым-мақтанышым

                                               Жоспар

І. Кіріспе

1.1.Ұстаз-ұлы тұлға

ІІ. Негізгі  бөлім:

2.1. Мамандығым-мақтанышым

ІІІ. Қорытынды

3.1 Мәңгілік  елдің Мәңгілік тіл

Ұстаз  деген-ұстаз болып туғандар,

                                                               Ұлылықты ұлықтаған имандар,

                                                               Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

                                                               Өмірінің өр шақтарын қиғандар.

                                                               Айта берсең ұстазға тіл жетпеген,

                                                               Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

                                                               Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,

                                                               Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген  .

    Мұғалім-жас ұрпақты білім нәрімен  сусындатып әрі оларды тәрбиелеуде орасан зор қызмет атқаратын мамандық иесі.

    Мұғалім -мектептің айнасы, бәйтерегі, жүрегі.

     Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк.Ұстаздардың әсерлі үні мен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір  оқушыға деген  қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп,ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл тұрған шеберлік .

    Ұстаз –оқушылар  бойына білім  негізін егуші ғана емес, Отанын жанымен сүюге тәрбиелеуші

   Ұстаздың  жүріс-тұрысындағы  жарасымдылық, жан-жақты білімділігі, қара қылды қақ жаратын әділдігі, талап қоя отырып, оқушының бойындағы жылт ете қалған сәулені жарқырата  жандыратын ұстаз-мектептің абыройы.

   Ұстаз-мектеп табалдырығынан  аттаған сәттен бастап тіршіліктің бар тауқыметін ұмытып, оқушыларына бойындағы білімі мен тәрбиесін сығып беруші

Мамандығым-мақтанышым! Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Ұстаз бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал.Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.Менің мамандығым-мұғалім. Мұғалім жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты. Мектепке кіргенде оқушыларым жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Сәлеметсізбе ?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды.Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, балалардың тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой – сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, таңымдық қабілеттерін дамыту – мұғалімнің мақсаттарының бірі.Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!