Материалдар / Мамандығым мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды мамандық таңдауға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
210
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг-сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша  таңдап ал!»

Тренинг-сабақтың мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық, сауаттылық белсенділігін дамыту. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.

«Кеңесші»

Мақсаты:  барлық тренингке қатысушылардың  басқа топ  мүшелерінен  болашақ  кәсіп  туралы  ұсыныстарын  жинау.

Қатысушыларға  нұсқау:  Қазір  сендер  өздеріңді  кеңесші  ролінде байқап  көресіңдер.  Ол  үшін  алдарыңда  жатқан   қағаздан  ұшақ  жасаймыз оған өз атымызды жазып көршілерімізге береміз  ол сол  адамға келетін  болашақ  мамандық туралы  ұсыныстарыңды  жазып  қойыңдар.  Ұсыныстың  себебін  түсіндірсеңдер  тіпті  жақсы.

Жазып  болған  соң  ұшақтарын  иелеріне  ұшырамыз .  Сонда,  әрқайсында  ұсыныстар  жиынтығы  болады.

 «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы

Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.

Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты  үш секундтан артық ұстамау керек.

Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»

тренинг мақсаты: Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету.

Жүргізілу барысы: Өрмек жібек құрты жібіне ұқсас, ауада тез қатады, серпімді және жабысқақ келеді. Өрмекті өрмекшелердің кейбір түрі жемін ұстауға, тор құруға, жауынан жасырынатын баспана жасауға, жемін шырмауға қолданады. Сол өрмекшінің торы секілді біз де, бір-бірімізге жылулық сыйлау, көмектесу, қамқор бола білу барысында, жіптен тор құрамыз. Ол үшін, мен жіптің басын ұстап, сіздерге тілек айтамын «Өздеріңіз армандаған мамандыққа түсіп, үлгілі, жеке тұлға ретінде қалыптасуларыңызға тілектеспін!» айтамын да, келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз.

«Менің баспалдағым» тренингі

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Жүргізілу барысы: оқушылар алдындағы парақта берілген 7 баспалдаққа болашақтағы өзінің арман, мақсатын жазу.

«Қойма (бункер)» тренингі

Тренинг мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізілу барысы: 12 оқушыны ортаға дөңгелек үстелге шақырып, қолдарына парақша таратып, сол парақ бойынша өзін бункерден шығу жолдарын қарастыру қажет. Шарты: Бункер жер астында орналасқан. Бункерден тек 4 адам ғана шығады.

1.    Мен-военный (әскери) адаммын. Мен тәртіпті ұстаған және сіздерге дұрыс бағдар беріп, жол көрсетеін адамның бірі мен. Сол үшін осы қоймадан сіздерді алып шығатын адамның бірден-бірі мен. Сол үшін маған дауыс беріңіздер.
2.    Мен – дәрігермін. Сіздер осы қойнаудан шығамын дегенге дейін алдарыңызда бірнеше кедергілер келіп, жарақат алуыңыз мүмкін. Сол кезде жараңызды таңып, алғашқы көмекті беретін адамыңыз мен. Сол үшін мені таңдаңыздар.
3.    Мен – психологпын. Менің көмегім арқылы сіздер стресске түспей, аман–есен жер бетіне шығасыздар. Сол үшін мені таңдаңыздар.
4.    Мен – журналистпін. Бункерден шыққаннан кейін, сіздер жайлы, елдің жасынан, кәрісіне дейін жүректі тебірентер мақала жазып, атақ-абыройларыңызды шығаратын мен боламын. Сол үшін мені таңдаңыздар.
5.    Мен – тігіншімін. Осы бункерден қанша жылда шығатынымыз белгісіз. Сол себепті, жыртылған киімдеріңізді жамап, тігіп беретін адамдарыңыз менмін. Мені таңдаңыздар.
6.    Мен – бизнесменмін. Жер бетіне шыққаннан кейінгі өмірлеріңізді ойлаңыздар. Мені таңдасаңыздар, материалдық жағынан жер бетінде көмектесемін.
7.    Мен – мұғаліммін. Жер бетіне шыққанда сіздердің балаларыңызға саналы тәрбие, сапалы білім беремін. Мені таңдаңыздар.
8.    Мен – аспазшымын. Мен сіздерге осы бункерден шығамын дегенге дейін тамақ әзірлеп, күш-қуаттарыңызды арттырамын. Мені таңдаңыздар.
9.    Мен – үй шаруасындағы 8 баланың анасымын. Мен сіздерге тігін де тігемін, тамақты да әзірлеймін. Балаларыма баруға көмектесіңіздер, бұл жерден мен де шығайын.
10.    Мен – заңгермін. Жер бетіне шыққанда заң жағынан сіздерге көмектесемін.
11.    Мен – археологпын. Мені таңдасаңыздар өкінбейсіздер. Зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, тез бункерден шығу жолын қарастырамын.
12.    Мен – әншімін. Мені таңдасаңыздар мен сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, стреске де түсірмей, жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Мені таңдаңыздар!

Нәтижесі: Әрбір оқушы өз мамандығын қорғап, басқа мамандыққа сыйлата білуге үйренеді.

«Мамандығым-мақтанышым» әдістемесі

Әдістеменің мақсаты: Оқушылардың қандай–да болмасын жағдаяттан шыға білу қабілетін дамыту. Мамандығының қыр-сырын меңгеруге баулу.

Жүргізілу барысы: 5 жағдаятты, 5 оқушыға беріп, осы жағдаяттан шығу жолын іздеуге баулу және рөлдік ойынды сомдау (сынып жетекшісінің келбеті).

-    Сіз-дәрігерсіз. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозыңызбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз қандай?
-    Сіз – мұғалімсіз. Сабаққа ата-ана қатысып отыр. Сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушыңыз дайын емес. Не істер едіңіз?
-    Сіз – әншісіз. Сахнадан ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр, бұл сізге ұнамады, не істейсіз?
-    Сіз өзіңізге ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандығыңа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде не істер едің?
-    Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласыз ба?

Нәтижесі: Оқушылар миға шабуыл бағытын меңгереді.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!