Мамандығым мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық әрбір оқушылардың болашақта өз мамандықтарын қателеспей тапсын деген ұсынысым бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым мақтанышым

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Осы жерде әйгілі қолбасшы – Напалеон Бонапарттың сөзі есіме түсіп кетті «Менің қолымда мұғалімдікіндей билік болса, әлемді баяғыда жаулап алатын едім», - деген екен. Кез келген адам, қай салада болсын, өзін басқалардың мойындағанын, мақтағанын, жұмысын көріп, қолпаштағанын жақсы көреді. Менің мамандығымда осының бәрі бар. Саны жағынан ең үлкен ұжым осы мамандықта, үлкен, алпауыт зауыттарды айтпағанда, енді ойлаңызшы қырық, елу адамы бар ұжымның ортасында сіздің аты-жөніңізді атап, әрбір мереке, сайыстарда мадақтамалар беріп жатса, артынан әріптестерің құттықтап, қолыңды қысып жатса керемет емес пе!? Жылдар өткен сайын мерейің тасып, оқушыларыңа беделді, ұжым арасында сыйлы бола бересің. Маған мұғалім болған ұнайды. Еңбек жолымның әлі басында ғанамын. Соңына дейін жеткенше суалып қалмайтыныма қазірдің өзінде сенімдімін. Себебі, үйреткенімді үйіріп әкетіп, күнделікті төккен маңдай терімнің өтеуін оқушыларымның үздік бәйгелерде жетіп жүрген жетістерінен көріп жүрмін. Оқушыларымның алды менің жолымды қуып, физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып жатқан жайы бар. Ойымды жоғарыда алынған төрт шумақ Абайдың өлеңін жалғастырумен аяқтағым кеп тұр ... Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға. Қазіргі қоғамда ұстаз абыройын арттыру туралы көп әңгіме қозғалып жүр. Мен ойлаймын ортасы оқушыға толған, сол оқушысының санасына нұр құйған бұл мамандықтың абыройы қашанда асқақ! Мамандығым менің – мақтанышым менің! Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек.



Реклама



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2024
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі