Мамандығым мақтанышым
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу-адамның асылдығы.
Мен Ғафу Қайырбековтың осы өлең жолдарын оқып,өзімнің қаншалықты бақытты екенімді сезінемін.Ұстаз болғанымды мақтан етемін.Ұстаз қызығы да шығы мол мамандық.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі,»- деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай әлемдегі мамандық атаулының төресі - ол ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір адамның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз болу - жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз- білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... «Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген,Бауыржан Момышұлы.
Жас ұрпақтың бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан - Ұстаз. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы керек деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Сондықтан, мамандығым- мақтанышым.
«Мұғалім–мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі»- деп ұлы чех педагогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің тікелей міндетім деп білемін. Бүгінде жасампаз жас ұрпақтың бойында отансүйгіштіктің үлгілерін сіңіртіп, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұраларымыз негізінде тәрбие тәлімін ұсыну – біздердің, ұстаздардың парызы екенін ұғынып, жүрек қалауымен ұстаздық арнаға ойыстым. Әр шәкіртімнің рухани өсуіне жол ашып, адамгершілік қасиеттерді дамыту, дүниетанымын кеңейтіп, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, ең бастысы, өз елін, жерін сүйетін патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамын. Мамандықты жүрек қалауымен таңдадым, демек мамандығым мақтанышым.
Исмайлова Дилшад Жумашовна,Түркістан қаласы, Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Мамандығым мақтанышым
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу-адамның асылдығы.
Мен Ғафу Қайырбековтың осы өлең жолдарын оқып,өзімнің қаншалықты бақытты екенімді сезінемін.Ұстаз болғанымды мақтан етемін.Ұстаз қызығы да шығы мол мамандық.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі,»- деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай әлемдегі мамандық атаулының төресі - ол ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір адамның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз болу - жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз- білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... «Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген,Бауыржан Момышұлы.
Жас ұрпақтың бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан - Ұстаз. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы керек деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Сондықтан, мамандығым- мақтанышым.
«Мұғалім–мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі»- деп ұлы чех педагогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің тікелей міндетім деп білемін. Бүгінде жасампаз жас ұрпақтың бойында отансүйгіштіктің үлгілерін сіңіртіп, ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұраларымыз негізінде тәрбие тәлімін ұсыну – біздердің, ұстаздардың парызы екенін ұғынып, жүрек қалауымен ұстаздық арнаға ойыстым. Әр шәкіртімнің рухани өсуіне жол ашып, адамгершілік қасиеттерді дамыту, дүниетанымын кеңейтіп, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, ең бастысы, өз елін, жерін сүйетін патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамын. Мамандықты жүрек қалауымен таңдадым, демек мамандығым мақтанышым.
Исмайлова Дилшад Жумашовна,Түркістан қаласы, Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
шағым қалдыра аласыз













