"Мамандығым мақтанышым"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығым мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым мақтанышым
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»


Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: соның бірі-мамандық таңдау» деген екен..Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым- «Педагог».Бұл қандай мамандық?Педагог деген кім? Педагог-балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесін,әр балаға бар мейіріммен қарап,жеке тұлға ретінде қарап,олардың ішкі жан сырын,ойын түсіне отырып,дұрыс жол сілтеу,бағыт-бағдар көрсету,белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту бағытында жұмыс істеуі керек.Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім,тынымсыз еңбек,өзіне деген сенімділік,мақсатқа жетуге ерік-жігер,тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Ал жақсы педагог болып қалыптасу үшін жоғарыда аталған қасиеттермен қатар,әр бір істе шығармашылықпен, дәлдік,тапқырлық, мейірімділік қасиеттері керек. Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Педагог мамандығы-бұл адам тану,адамның күрделі де қызықты,рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Қазіргі заманда,жедел дамып келе жатқан қоғамдық ортада өмір сүруге қабілетті,өз ойын еркін ашып айта алуға,ұлттық құндылықтарымызды жетік меңгерген,жан –жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсаты мен міндеті қойылып отыр.Бүгінгі күн педагогтің көп ізденіп,тынымсыз еңбектенуін,балаларды тәрбиелеу мен білім берудегі амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруы қажет етеді.Өйткені білім мазмұны,тәрбиелеу үрдісі үнемі жаңартуды талап етеді. Және де терең білімді,іздемпаз,жан-жақты дамыған,өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ғасырлар бойын қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу,жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру бүгінгі педагогтардың басты борышы.Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Міне осыдан «Қалай оқыту керек? Қалай тәрбие беру керек?» деген сұрақ туындайды. Әбу Насыр Әль Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген екен.Сол себепті педагог білім мен тәрбиені егіз алып жүру керек.Әр педагогтің өзінің алға қойған мақсаты мен ұстанымы болады.Сол секілді менің басты мақсатым балалардың маған деген сүйіспеншілігін ақтау,себебі балалық шақ ол-арман мен жақсылықтың,таңғажайыптың әлемі.

«Баланы ең әуелі мейірім-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға,еңбекке баулу » керек дейді ұлы ғұлама Абай Құнанбаев. Он жылдам астам уақыт педагог-тәрбиеші болып жүріп түйгенім-мамандығыма басы бүтін бойы ұсынып,әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім шуағын төгіп,тәрбие бере отырып,биік белестерге жетуіне жауапты екенімді еш уақытта естен шығарған емеспін.

Ал менің педагогикалық ұстанымым- «Бала-бұл толтыратын ыдыс емес, ол-от, жалын оны тұтатып жандыру керек». Оты бар жүрекке жалын сыйлау, тәрбиелей отырып білім беру,сендіру, ұйымдастыру-нағыз ұстаздың еңбегі!

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі