Материалдар / Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы үшін мағызы зор, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
913
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым»Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер, плакаттар интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар. Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.
  • Кіріспе
  • Психолгиялық сәт.
  • «Әріпті мамандық» кезеңі.
  • Ең жақсы мамандық.
  • 21 асырда ең қажетті мамандықтар
  • Сергіту сәті. «Мамандықты тап»
  • Берілген мамандыққа байланысты мінез құлықтар, білімділік және қабілетерге байланысты анықтау.
  • Жағдаяттық сұрақтар


КІРІСПЕӘлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаула мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. Ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашақ таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек:1. Арман (тілек)2. Көз жеткізу (қажеттілік)3. Жоспарлау4. Әрекет5. Игеру Мамандық сенің денсаулығыңа, физиологиялық және психологиялық күйіңе, біліміңнің сапасы мен деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?» деген сұраққа жауап беру керек.Мына өмірде мамандық түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бір бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.
  • Психолгиялық сәт. Өздеріне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауларын тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.
  • «Әріпті мамандық» кезеңі. Әр топқа әріптер беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық атарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен өздері тапқан мамандықтар туралы мәлімет айту керек.
1 – ші топқа «А»2 – ші топқа «К»
  • Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.
Кәсіптік білім берудің құрылымы: Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері.
  • Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер,кәсіптік мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
  • Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
  • Жоғары кәсіптік білім: ЖОО – ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
  • Ең жақсы мамандық.
  • Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
  • Ең жауапты заңгер, дәрігері, бухгалтер
  • Ең ақшалы экономист, бухгалтер
  • Ең таза аспаз, дәрігер
  • Ең жасыл эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші
  • Ең тәтті аспаз, кандитер
  • Ең салмақты мұғалім, заңгер
  • Ең қауіпті әскери қызметкер, теңіз қызметкері
  • Ең ақылды мұғалім, программист
  • 2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып берілген мінездемеге сай мамандықтардың тізімін құру керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
  • 21 асырда ең қажетті мамандықтар
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік театрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды.Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман.Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады. Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
  • Сергіту сәті. «Мамандықты тап»
Оқушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, олар сол мамандықтарды қимылмен көрсетулері керек. Қалғандыра мамандықты табу керек.
  • Берілген мамандыққа байланысты мінез құлықтар, білімділік және қабілетерге байланысты анықтау.
Экономист Журналист Инженер Дәрігер Мұғалім Юрист10. Жағдаяттық сұрақтар1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың. Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?11. Ұстаз деген ұлағаттың шырайыҚадірінің тиетұғын қайырыҰстаз деген шуағы мол шапағатШаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі депМектептегі барлық ұстаздарғаСіздердің құрметтеріңізге ән: «Ұстазым»Рефлекция: Бүгінгі кештен алған әсерлерің. Алға қойған мақсаттарың, бір – бірлеріңе тілектерің.ҚОРЫТЫНДЫ:Еңбек етсен,ертенгі бақытыма сенемін.Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін.Арым таза, ақ көңіл даналыққа сенемін.Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенмін дегендей ел сеніміне кіретін құрметті маман иесі болуларыңа тілектеспін.



Алғазы орта мектебі Сынып жетекші: Толениш Ж





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ