15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мамандығым-мақтанышым», «Ашық есік»іс-шара.
Тақырыбы: «Мамандығым-мақтанышым», «Ашық есік»іс-шара.
Мақсаты: «Аспазшы» мамандығы бойынша бірінші курс оқушыларын, орта мектеп бітрушілерді колледждін өмірбаяны мен дәстүрімен таныстыру.
- колледждін оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру
- орта мектепті бітіруші оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету
- қала және облыстық қоғамдардың көңілін аудару
- кәсіптік білім жүйесінің дәрежесін көтеру
Іс-шаралар:
1. Мамандықтар бойынша кәсіби іскерлігі мен дағдыларын көрсету:
Өтетін уақыты: 10 желтоқсан, 2017 жыл
Өтетін орны: Подстепный ауылы, Теректі колледжі.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Алғы сөз: Директордың ОІЖ орынбасары О.И Мацкевич.,
жұмыс беруші әлеуметтік серіктес «Мэрси»дәмханасының басшысы ЖК Исенова М.К
ІІ.Практикалық бөлімі.
Теректі колледжі кәсіптік-арнаулы оқу орнының студенттері колледжшілік «Мамандығым-мақтанышым»атты сайысты, «Ашық есік» шарасымен ұштастырып өткізді. Аспаздық өнердің түрлі тәсілдері мен құпиясын ортаға салған олар, қонақтар алдында әр түрлі сусындар, дессерттер, қамыр өнімдері, жеміс-жидек кеспелерінен кесіндер даярлап, шеберлік классын көрсетіп , ұсынды.
«Шеберлік классы» деп аталған шараға келушілер де көп болды,олар Теректі колледжінің «Аспазшы» мамандығы бойынша ІІІ курс студенттері, №1 ЖОББМ 9 сынып оқушылары,ұстаздар және жұмыс беруші серіктес «Мэрси»дәмханасының басшысы ЖК Исенова М.К қатысты.. Мұнда дәмді тағам дайындайтын шебер-аспаздыққа ғана емес, басқа да мамандықта оқитын студенттер өз кәсібін жарнамалап,шеберлік классын көрсетті. Талапкерлер де табылып, оқуға тілек білдірушілер қызғушылығы артып жатыр.
Директордың О.І.Ж. орынбасары Мацкевич О.И: Колледжде қазіргі уақытта бізде алты мамандық бойынша оқытылады. Бәрінен бұрын қазір жастар келіп, қызығушылық білдіріп, оқуға ниет білдіріп жатыр. Осылай келушілердің қатары қалыңдауда. Біз осы өндіріс орындарының немесе кәсіпорындардың сұранысы бойынша мамандар даярлаймыз. Біздегі мамандықтардың ерекшелігі де сол – бітіруші түлектер жұмыссыз қалмайды. Мамандар өздерінің саласы бойынша сұраныс арқылы жұмысқа орналасады. Сондай-ақ бізде “Аспазшы”мамандығы да бар, қазіргі мейрамханаларға ауадай қажет мамандықтардың бірі. Өз саласының шебері болғанға не жетсін?! Дастархан тәртібін білудің өзі өнер дер едім. Сондықтан, мектеп бітіруші түлектер,сіздер алдағы мемлекеттік емтихандарыңды сәтті тапсырып, мамандық таңдауда қателеспей,Теректі колледжіне оқуға келіңіздер деп сіздерді шақырамыз.
Ж
К
Исенова М.К:
Бүгінде елімізде кәсіпкерлердің
әлеуметін дамыту мақсатында көптеген
игі бастамалар жасалып жатыр. Шағын
және орта бизнестің ықпалын және бәсекеге
қабілеттілігін өсіру үшін нақты шаралар
қолға алынуда. Осы бағытта 2015 жылы Батыс
Қазақстан облысы бойынша «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мен
үкіметтен несие алып, өз кәсібімді ,яғни
«Мэрси дәмханасын ашқан болатынмын.
Қазіргі кезде өздерін білетіндей
мейрамхана, асхана,дәмханалар өте көп.Өз
кәсібін ашамын деген жастарға мүмкіншілік
өте зор сонымен қатар мейрамханаларға
ұқыпты ,ой-өрісі кең, шебер аспаздар
қажет.
Сидоренко Аркадий студент: “Мен қазір 3-курста оқимын. Кішкентай кезімнен аспаз болуды армандаған едім.Мен осы колледжде екінші курста оқып жүріп , Отан алдындағы борышымды өтеуге кеттім және де оқуымды қайтадан жалғастырдым. Енді сол арманыма жетер күн алыс емес. Мен тамақтың кез келген түрін дәмді етіп әзірлеуді үйреніп жүрмін, мамандығым аспазшы. Қазірдің өзінде тәтті нандарды емін-еркін пісіре аламын, құрамына не қосылатынын да жақсы білемін. Оны көркемдеу менің қиялыма байланысты. Сол үшін ой-өрісім кең болуы да ерекше рөл ойнайды . Ал қазір өздеріңіз көріп тұрғандай тәтті дессертік тағам «Сүзбеден суфле» дайындадым. Маған аса қиындық туғызбағанмен, бұл әдісті меңгеру үшін әжептеурім уақыт керек.Сонымен қатар,менін ұлтым орыс болғанымен мен қазақ тілінде еркін сөйлей аламын,соңдықтан маған жұмысқа орналасып, келушілермен тіл табысу қиын болмайды деп ойлаймын.
Молдалиева Ақбаян, студент: Мен “ашық есік” күні болады дегенді естігеннен бері асыға күттім бұл сәтті. Себебі қаламыздағы көптеген кондитерлік дәмханаға барғанда, сондағы тәттілердің қалай жасалатыны мен үшін жұмбақ болып көрінетін,қалай дайындалатының қыр-сырын білгім келіп жүретін. Ө/о шебері Хайруллина Зварзат Кенесовна,арнайы пән оқытушысы Ихсанова Жанат Жумабаевна апайларымыз өндірістік оқыту сабақтарында үйретіп ,көрсетті. Қазір өзім үйде де тәтті тоқаштар,торттар дайындай аламын.Бүгінгі сіздерге дайындап көрсетіп жатқаным бұл бисквит тәтті .Оны мен жеміспен, мастикамен әшекейлейміз,кремі «пломбир» деп аталады. Ол қілегей, қаймақ тәтті қоюлатылған сүт қоспаларынан дайындалады.
Сүйеуова Шолпан студент:
Аспаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін мамандык. Тағам дайындау теориясын білу бұл бір бөлек,іс жүзінде тағамды дәмді қылу, оның неше түрлі дайындау тәсілін білу өте маңызды .Аспаздык мамандығы тазалықты және дұрыс тамақтануды қажет етеді.Өзім аспазшы мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Тамақ дайындау мен қатар ол тағамды келушілерге әсемдеп ұсынуды жақсы көремін.Мен бүгін дәруменді ,әрі пайдалы жеміс-жидек кеспелерін ұсынып отырмын.Бұл жеміс-жидек кеспелері дастарханның әрін келтіреді және де жеуге де өте ыңғайлы.
Тасболатова
Эльвира студент:
- Аспаз
болған адам жерде қалмайды деп есептеймін.
Аспаз болу тек рецепт бойынша тағам
дайындау емес. Колледжіге оқуға түскенге
дейін мен де солай ойлайтынмын. Бірақ,
аспаз деген мамандықтың қыр-сырын
үйренгелі, ол пікірімнен қайттым. Нағыз
аспаз болу үшін диплом емес, дайындаған
тағамын аспазшы барлық жан дүниесі мен
ынтасын салып дайындау керек екен,өйткені
келушінің денсаулығы мен көңіл-күйіне
әсер етеді Мен бүгінгі шеберлік класында
«Асханалық»салатын дайындап жатырмын.Бұл
өте жеңіл және тез дайындалатын дәруменді
салат.Бұл салатты мен аскөкпен,салат
жапырағымен әсемдеп ұсынамын.
Сағынғалиев Ислам студент: -
Кішкентай кезімнен анаммен бірге қатарласып ас үйде қолымнан келгенше тағам жасап жүретінмін. Тамақ пісіруді қатты ұнаттым. Бұл ер адамның ісі емес деп отырмадым. Керісінше, әлемдік танымал аспаздар ер кісілер екені белгілі. Ер адамдар жасаған тағамның ерекше дәмі болады дейді. Мен қазақтың тағамдарын жақсы көремін, әрі дайындаймын. Бауырсақ пісіріп, жеті нан, ет асамын. Мұның бәрін біреуден үйренген жоқпын, бала кезімнен көзіммен көріп өстім. Мен бүгін дайындап жатқан сусыным бананан дайындалған смузи деп аталады.бұл сусын өте дәмді,дәруменді ,дайындалуы да тез әрі оңай,бұл сусынды ересектерде, балалардың да ішуіне болады..
Жолантаева Анар студент: Мен аспазшы мамандығына оқып ,сонымен қатар дастархан жабдықтаудың қыры-сырын да үйреніп жүрмін. Демалыс күндері «Евразия» мейрамханасына барып даяшы қызметін атқарамын.Қонақ қарсы алатын адам дастархан даярлауда әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән беріледі. Жайылған дастархан біріншіден, от анасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат. Ертең-ақ, бір үйдің от анасына айналатын қыздар қауымы дастархан жабдықтау ережелерін біле ме екен? Бүгін біз осы сұраққа жауап іздейміз. Яғни, дастархан дайындауда ұстанатын үрдістер мен ережелерді кеңінен ашып көрсетпекпіз. Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Қазір сауда орындарында дастархандардың түр-түрі бар. Жаялықтардың әдемі безендірілген әр түрлі матадан болғаны дұрыс. Дастарханның негізгі маталары — зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім – ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Әдетте, дастархан жайғанда, екі адам екі жағынан ұстап тұрып, жоғары қарай сілкіп барып жаяды. Сонда ортада әуе шары секілді төмпешік пайда болады. Төмпешік басылып, үстелге тегіс тигенде барып, дастархан түзу әрі бір тегіс жайылады. Тағы да, маңызды жайт, дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып, дөрекі көрінеді, тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық Жалпы дастарханды жабдықтау дегеніміз не? Қонақ алдына ұсынылатын тәрелке, шанышқы, қасық пен пышақ рет-ретімен, белгіленген тәртібімен орналастырылады. Дастархан жабдықталуына арнайы тәртіп белгіленген: — Алдымен фаянс ыдыс пен фарфор ыдыстар қойылады;
— Келесі ретте ас ішу аспаптары қойылады;
— Соңынан барып сусын ішетін шыны стақандар қойылады;
—
Майлық
төселеді.
Теректі колледжі
«Мамандығым мақтанышым»
«Аспазшы» мамандығы
І
ІІ
курс студенттері арасындағы шеберлік
классы
Дайындаған ө/о шебері :Хайруллина З.К
2017

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген