Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мамандығым мақтанышымы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы «Мамандығым мақтанышым»
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету.
Мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Тренинг: «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.
Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»
Жүргізуші: Ғалымдардың зерттеулері бойынша мамандықтар ортақ белгілеріне қарай 4 деңгейге тоқталған.
Басқарушылар;
Сақтаушы- қорғаушылар;
Қаржыгерлер- дәрігерлер;
Қажырлы еңбек иелері.
Тренинг: Қол- мидың жалғасы.
Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:
Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.
Қорытынды:
Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.
О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз
Жүргізуші:
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдап
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппенен қазынаңды үстегін
Кісі танымақ болсаң ісіне қара
Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.
Ж. Баласағұни
Жүргізуші:
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?
Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.)
Мен хирургпын
Шарты: Ауруханада 5 емделуші бар. Олар:
Бес айлық қыз бала
Алты жасар дарынды бала
Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)
Қаңғыбас
Құрылысшы
Жүрек біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.
Әрі қарай ортаға өз еркімен бір оқушы (кейіпкер) шығады. (таңдаған мамандығына жетуге өзінің рухани дайындығын анықтайды)
Әрбір қатысушы басты кейіпкердің бағдарының табандылығын анықтау барысында бірнеше кедергілер ойластырады. Кейіпкер ойланбастан бірден жауап беру арқылы сол кедергілерден шығу жолын айтады. Кедергіні қоюшы (қатысушы) берілген жауаппен келісетінін немесе егер келіспесе өзі қандай әрекет жасайтынын мәлімдейді. Соңында жүргізуші кейіпкердің қатысушылармен бірге қай кейіпкердің табандылығы мен рухани дайындығы басым екендігін анықтайды.
Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.
Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?
Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?
Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?
Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің? Т.б
Тест.
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?
А) ия Ә) жоқ
Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?
А) ия Ә) жоқ
Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?
А) ия Ә) жоқ
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Педагог- психолог: Бейсембаева Ақзера Асқарқызы