9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар
бойынша тренинг
Тақырыбы: Мамандығым-
мерейім
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау,
олардың негізгі түрлері, классификациялық
белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы
білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген
ынта-ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары
туралы түсінік беру;
- Кәсіптік бағдар беру;
- Кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және
т.б.
Сабақ түрі: тренинг.
Тренингке қатысушылар: 9 сынып оқушылары.
Тренинг ережелері:
1. Сыйластық; 2. Тыңдай білу; 3. Сөзді бөлмеу; 4. Белсенділік
таныту; 5. Шығармашылық; 6. Төзімділік; 7. Түсіністік
қарым-қатынас.
Көрнекілігі: ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалар,
доп, түрлі түсті парақтар, ақ ватман.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстар,
психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар.
Сабақ барысы:
1.«Алып қадам»
әдісі
2.
«Танысу»
жаттығуы.
Шарты:
кез келген оқушыға бір мамандықты атап,
допты лақтырамын.
Қағып алған оқушы,
жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім –
механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді.
3.Негізгі бөлім.
Кіріспе.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да
бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен
келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалу, отбасы дәстүрін
жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке
талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек
болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз
бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық
иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен
кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»
деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр
түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау
жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы
қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса
алатындай болуы шарт.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық
таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне,
қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін
өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Бұл мамандықтарға деген
бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын,
қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім
және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті
мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация,
әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек
сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында
мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік
қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз
мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық
иесін талап етеді.
4. «Әріпті мамандық»
ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын
мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар
өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
1 топ: «А», 2 топ: «Б», 3 топ: «М».
5. «Мамандықты тап»
ойыны.
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған
мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге
тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
6..Адамның әртүрлі қызмет
түрлеріне бейімділігі негізінде кәсіби бағдарды бағалау үшін
қолданылатын Е.Климовтың ДДС
сауалнамасы
7. Сергіту
жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың бірін – біріне деген сенімділіктері арта
түсуі үшін.
Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған
әрекетті орындауыңыз қажет.
Егер үлкен туған ағаң болса,
үш рет шапалақта.
Кімнің бойы 1.65 ұзын болса,
оң жақтағы көршіңдң құшақта.
Кімнің бойы 1.65 қысқа болса,
сол жақтағы көршіңнің қолынан
қыс.
Кім бүгін таңертең дәмді таңғы
ас ішсе ішін сипасын.
Балмұздақты жақсы көретіндер,
тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
Ата-анасының жалғыз балалары
қолдарын көтерсін.
Кофеге сүт және қант қосып
ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
Тәтті торт жегенді жақсы
көретіндер екі қолын бірдей көтерсін.
Осы тренингке қатысқандарына
қуанатындар 3 рет қол шапалақтасын
8. Тренингтен алған әсерің.
Қатысушыларға ақ параққа жүрек, пікір, өзіммен алып кетемін деген
белгілер таратылып. Осы тренинг барысында қайсысы ұнады жүреке, қай
жерде қиындық тудырды пікірге (комментарий), өзіммен алып кететінін
жазып кері әсерлерін жеткізеді.