Мамандығым туралы эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым туралы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Таңдаған мамандығымның қиындығы мен жақсы жақтары туралы жазылған.Әр адам өзі сүйген мамандығын таңдауға құқылы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым- мақтанышым.

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам өз мамандығын таңдап және оған құрметпен қарауы керек. Себебі, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалім. Ұстаз баланы оқытып, білім беріп, тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етеді.

Бос уақытымда мектеп ойнап, тақтайшаны бормен сызып, дәптер тексеріп,зыр қағып жүретінмін. Осы кездегі алаңсыз балалық шағымнан бастау алған – мамандықтың мәртебелісі ұстаздық жолын таңдадым. Менің ойымша әр маман өз ісін жанымен, бүкіл болмысымен таңдаған жөн. Мен ұстазбын -терең білім иесі, елімнің болашағының бетке тұтары.Ұстаздық жолы арқалаған армандар мен үміттер жолы.Мен өз мамандығымды және түсетін оқу орнымды таңдадым.Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. 1993 жылы Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық училищесіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына түсіп, 1995 жылы бітірдім.Мамандық жолымды 1993 жылы Құлсары қаласы,Жылыой ауданындағы А.С.Макаренко атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.1995 жылы аталған мамандық бойынша оқуды аяқтап,диплом алдым.1995 жылы №20 жоғары сатылы мектепке ауыстым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзіме өнеге болар ұстаздар қауымына қабылдану арқылы, баланың бойына ақыл ,білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. 2016 жылы Батыс Қазақстан облысына жоғары оқу орнына сырттай бөлімге құжат тапсырып, 2019 жылы жоғары білімді ұстаз атандым. Сарапшы мұғалім дәрежесін иелендім.

Қазіргі жаңартылған білім беру саласында ауыл мен қала жастары ұстаз мамандығын, жалақысы аз, беделі төмен, көзге ілінбестей көреді. Қалай айтсақ та, менің түсінігімдегі ұстаз –рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отаны үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші , өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен болашағына жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы адам. Осы ұстаз мамандығының ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Қасиетті мамандықтың иесі бола тұрып, баланы жеке тұлға ретінде тани білу,оның пікірімен санаса білу, қуанышына қуану, жетістігін бағалай білу – менің ұстанымым деп білемін.Ұстаз – білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық пенденің бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.

«Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім шабыттандырады» — деп ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың айтқан пікіріне келісе отырып халықаралық, республикалық, аудандық, мадақтауларына бөленіп жатқан шәкірттерімнің жетістіктері бар.Олардың бақытты нұрын көргенде, берген біліммімнің ,төккен терімнің зая кетпегені деп білемін. Менің ұстаздық бағытымның дұрыс жолда екендігіне көзім жетеді.

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын ,өйткені, бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адамды өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы, әрі ғажайып мәні. Өйткені ,мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде арман жоқ.

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу- адамның асылдығы - деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
977
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі