400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығыммен мақтанамын"мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мамандығыммен мақтанамын"тақырыбындағы мақала.Өзін-өзі тану пәні бойынша.Бұл мақалада пәнге деген сүйіспеншілік,қызығушылық туралы баяндалады.Өзін-өзі тану пәнінің өскелең ұрпаққа берері мол екенін,адамгершілік құндылықтарға толы пән екендігін жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ақтұрсынова Динара Таласқызының «Мамандығыммен мақтанамын» тақырыбындағы мақаласы


Мен-өзін-өзі тану пәнінің мұғалімімін. Мен-ұстазбын,бала жанының бағбанымын. Мен-адам жанының жанын нұрландырар шуақ иесімін.

Мен-өзім таңдаған,өзім дәнін сеуіп,егінін орған осынау ұлы адамдық диқаншысы болғанымды үлкен мәртебе санаймын,мақтаныш етемін.

Мен алдымда отырған сан мың шәкірттердің болашағына жауапты тұлға екенімді әркез естен шығармаймын,өйткені олардың тағдыры-тікелей менің қолымда. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі,бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында»,-деп білім көшін бастаған ұстаз атаулыға үлкен сенім артып отырғаны баршамызға белгілі.

Бұл межеден көріне білу үшін ұстаз қандай болуы керек? Бүгінгі ХХI ғасыр шәкірті қандай ұстаздан білім алғысы келеді. Бұл сұрақ әр кез әр ұстаздың жадында жүруі керек. Ол үшін мұғалімнің «бес қаруы сай болуы»керек.

Мұғалім-өмірге,болашаққа бейімделген ұрпақтың ұстасы. Өмірінен үміт күткен шәкіртіміздің білімді,талапты,алғыр,тәрбиелі,мейірімді,қамқор болып өсуіне біз тікелей міндеттіміз,әрі жауаптымыз. Ол үшін әрбір ұстаз ең алдымен шәкіртіне жақсы білім беру үшін,өзінің мамандығын сүйе білуі қажет деп ойлаймын. Сондықтан, «Атты суатқа жетектеп апаруға болады,бірақ зорлықпен суару мүмкін емес»деген ағылшын мақалының мазмұны баланың білімге деген құлшынысын ояту,дамыту,бағыт беру,сенім арту бүгінгі ұстаздың басты мақсаты болуға тиіс. Осы орайда ұстаздықтың ұлы шыңына шығу үшін өмір бойы ерінбей оқып,өзіңді-өзің тәрбиелеу керектігі тұр. Ол үшін ұстаз ІЗДЕНІС,ЕҢБЕК,ТӘРБИЕ атты ізгі қасиеттердің маңызды екенін түсіну керек деп ойлаймын.

«Өзін-өзі тану-өмірді тану»- дейді көне грек филисофы Сократ. Басты мақсат – әр шәкірттің өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Ол үшін әр ұстаз алдында отырған әр шәкіртін шын ықыласымен жақсы көре білуі керек. Ұстаз жүрегіндегі сүйіспеншілік нұрын шәкірттеріне дарыта білсе,ондай шәкірттердің жүрегі нұрға толы болып,риясыз сүйіспеншілік жасай біледі деп ойлаймын. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі болғандықтан, шәкірттерімнің бойынан

мейірімділікті,қамқорлықты,адалдықты,сүйіспеншілікті,сыпайылықты көру үшін ,адами құндылықтар мен қасиеттерді бойларына сіңіре білу жолында еңбек етіп келемін.

Әлеуметтік желіден «Жердегі жұлдыздар»фильмін көрген болатынмын. Осы фильмді көріп болған соң,маған мынадай ой келді: «Мен өз алдымдағы жұлдыздарымның жүрегін нұрға толтырып,риясыз сүйіспеншілік жасай білуге,талмай оқып,білім алуға,ерінбей еңбек етуге,дұрыс әрекет етуге,ешкімге қиянат жасамауға үйрете білуім керек».Ол үшін оларға: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек,мінсіз ақыл,таза жүрек»деген керемет нақыл сөзін ұғындыру.

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтпаған. Осы мақсатта шәкірттерімізге дұрыс білім нәрін бере біліп,олардың жарық жұлдыз болып жарқырауына ұстаз ретінде ерінбей еңбек етуіміз керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.10.2021
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі