«Батық ЖОББМ»
КММ
Жоба
тақырыбы: Мамандық
әлемінде
Орындаған:4 сынып оқушысы
Жайдарбек Айна
Жетекші:педагог-психолог
Қатпағұл Д.О.
2017
жыл
Мазмұны
I.Кіріспе..............................................................................................................
II. Негізгі
бөлім..................................................................................................
III.
Қорытынды...................................................................................................
Аннотация
Зеттеу жұмысының
мақсаты: Оқушылардың мамандықтарға деген бейімдіктер
мен қызығушылықтарын анықтау
Зерттеу жұмысының
міндеттері:
-Мамандықтарды
таңдау;
-Зерттеу жұмысын
жүргізу;
-оқушылардан алынған
сауалнаманың қорытындысын шығару;
Зерттеу
жүйесі: Ақпарат көздерін жинақтау,
мамандық түрлерін анықтау,оларды зерттеу, сауалнама алу, қорытынды
шығару.
Зерттеу
пәні: Мамандық
әлемі
Зерттеу
әдістері: іздену, зерттеу, баяндау,
талдау, жүйелеу, салыстыру, сауалнама алу, әңгімелесу,ой
қорыту.
Зерттеу
жаңалығы:
Күтілетін
нәтиже:Оқушылар мамандық әлеміне
деген бейімдік қызығушылықтары ,өмірге деген қөзқарасы
артады.
I.Кіріспе
М
амандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс,
Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзінің өзі латын
тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді
білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің
бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті
менде енді ұға бастағандаймын. Бұрындары, яғни есте жоқ, ескі
заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адамның өз
қолынан қандай жұмыс келеді сол жұмысты істеп, өмір сүрген.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да
бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды
таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен
бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және
маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,
қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену
керек.
Қазіргі таңда мамандықтың түрі
көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті,
зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды,
бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау
жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
II. Негізгі
бөлім
Мен 4- сыныпта оқимын.
Мамандық әлемінде пәнін 3-сыныптан бастап оқып келемін.Бұл пәнде
мен мамандықтар туралы көптеген мәліметтер мен мамандық түрлерімен
таныстым. Менің арманым өте көп. Мен
дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа
маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек
қалауым.
Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай
кезімнен қызығамын. Дәрігерлер
адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды
армандаймын.Осы мақсатпен мен жобамды «Мамандықтар әлемінде» деп
алып отырмын.Себебі өзіммен қатарлас достарымның қандай мамандыққа
қызығатындықтарын сауалнама арқылы зерттегім келді.Зерттеу
барысында мен тек 5 мамандыққа тоқталдым.Олар: Дәрігер, ұстаз,
әртіс, заңгер, пати-мейкер.
Дәрігер
Дәрігер- ол өзінің адамдарға
берген шипасы,ол адамды сауықтырып ,адамдарды өмір сүруге күш
салатын жандар! Сол себепті “Ақ халатты абзал жандар!” деп халық
жәй айтпаған.
Ұстаз
Ұстаз- жаратылысынан өзіне
айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын…
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге
құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,
жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық
пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,
ержүрек жан.
(Әль-Фараби)
Әртіс
Ең алдымен әртістік қабілеттің
болуы осы мамандықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Маманның есте
сақтау, ән айту, билеу қабілеті жақсы дамыған болуы қажет. Әртіс
мамандығы кенеттен, арнайы дайындықсыз таңдалмауы қажет, керісінше,
үміткер балалық шақтан бастап музыка мектебінде немесе хореография
студиясында білім алуы қажет. Әртіс көпшіліктің алдына шығуға
ұялмастан және қорықпастан, батыл да өз орнымен еркіндікке бой
алдыра алатындай болғаны дұрыс. Өнер көрсеткенде дауысын
пайдаланатын әртістердің үні саңқылдап, қатты шығуы тиіс, олардың
сөйлеуі мен дикциясында ақау болмағаны жөн. Сахнада билейтін
әртістер икемді, иілгіш және әдемі қозғалатын болуы
қажет.
Заңгер
Көп адамдардың заңгер болуға
деген құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған
қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған
тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын
қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған
адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй
сұрақтарын шешуге көмек
береді.
Пати-мейкер
той-домалақтарды,туған
күн,мерекелік кештерді ұйымдастыратын
адам.
3-4 сыныптар арасында мен
психологиялық зерттеу жұмысын жүргіздім. 24 баланың ішінен тек 22
ғана зерттеу жұмысына қатысты. Зерттеу жұмысының мақсаты
оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтарын анықтау болатын.
Зерттеу жұмысын сауалнама арқылы жүргіздім. Әр оқушыға сауалнама
тараттым, сауалнама 15 сұрақтан тұрады, берілгені 5 мамандық түрі
әр мамандыққа 3 сұрақтан берілді.Зерттеу жұмысы 3 кунге
созылды.
1,2
күндер
3-сынып оқушылары 4-сынып
оқушылары
Барлығы белсенділік танытып
сауалнама сұрақтарына толық жауап берді.
Сауалнаманы толық алып
аяқтағаннан кейін жоба жетекшім Дархан Оразұлымен бірге отырып
сауалнама нәтижесін шығардық.
Нәтижесінде мынадай көрсеткіш
көрсетті: Дәрігер 17%, мұғалім 20%, әртіс 26%, заңгер 13% көрсетсе,
ал пати-мейкер мамадығы 24% көрсетті.
Зерттеуден түйгенім
оқушылардың басым бөлігі өнерге деген қызығушылықтары жоғары
болды.
Зерттеудің 3 күні мен өзімнің
сүйікті мамндығым дәрігер болғандықтан мектебіміздің медбикесі
Балапан Жайнахан апайдан дәрігер мамандығы жайында тағыда толығырақ
мәлімет алуға бардым.Мен ол жерде бірнеше дәрі-дәрмектермен және
ауру түлерімен таныстым.Мысалы:Ангина-тамақ ауруы, грип
–тұмау,гастрит-асқазан ауруы,бронхит-созылмалы жөтел
ауруы екенін
білдім.
III.
Қорытынды
Атақты ғұлама Әл – Фараби
айтқандай
Ісім оңсын
десеңіз,
Сол істің маманы
болыңыз.
Даңқым шықсын
десеңіз,
Көпшіліктің адамы
болыңыз.
«Арман адамға қанат бітіреді»
деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма
қойған мақсатым көп. Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте
жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан
адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған
қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім.
«Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым
оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын.
Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп
армандаймын.Мамандықтар әлемі құбылмалы. Адамдар өздері
мамандықтарды ойлап табады, біріктіреді, бөледі және ескірген
мамандықтарды жойып отырады.Келесі жобамда мен басқа да қазіргі
заман талабына сай жаңа мамандық түрлеріне зерттеу жұмыс жұргіземін
деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай
«болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда
деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп,
мамандық иесі болайық.
Қорытынды: «Адам өз өмірінде
екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау,
екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай,
мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды
шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық
пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген
қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің
болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен
қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға,
кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп
ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай
«болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда
деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп,
мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі —
маман иелері болуларыңызға тілектестігімді
білдіремін!