«Мамандық
әлеміне саяхат»
Мақсаты:
оқушыларға мамандықтың түрлері,олардың
адам өміріндегі маңызы туралы түсінік
бере отырып,өз бейіміне сәйкес мамандық
таңдай білуіне ықпал жасау,кәсіби бағдар
беру,түрлі жаттығулар арқылы таным
процестерін дамыту,өз пікірін еркін
айтып,өзгенің пікірін сыйлай білуге,жүйелі
ойлауға баулу.
Әр
адам ерте ме,кеш пе өз өмірінде «Қандай
мамандық иесі боламын?» деген сұраққа
жауап іздейді.Мамандық таңдау- өте
жауапты іс.Өйткені,таңдаған мамандығың
ертеңгі сенің өмірің,болашағың,қоғамның
болашағы,еліміздің ертеңі.
Ал
осы мамандықтың қанша түрі бар деп
ойлайсыңдар?
Америкалық
кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша
50
мыңға жуық
(500-ге жуық мамандық жыл сайын қосылып
отыр) мамандық түрі бар екен.
Мамандық
таңдаудың маңыздылығы.
Мамандық
таңдау жас өспірім кезеңдегі ең маңызды
шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме , кеш
пе өз өмірінде «Мен қандай мамандық
иесі боламын?» деген сұрақтарға жауап
іздейді. Үлкен өмірге қадам басқан жас
ұланның алдында мыңдаған мамандықтан
өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті
тұрады. Кейбір жастар мамандық таңдау
ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын
мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына
қанағаттанбаушылық , реніш сезімдері
пайда болып , тіпті алдарына жоспарда
құрғысы келмейді. Сондықтан , адам өзінің
жеке қасиетін, өзін-өзі тануын және
жетістікке жетудің бір жолы өзіңе сұрақ
қойып оған жауап іздеу болып
табылады.Мысалы,
1.
Сабақ оқығанды ұнатамын ба?
2.Өз
ісіме талдау жасай аламын ба?
3.Білгім
келген нәрсені іздестіремін
бе?
4.Өзімді-өзім
тани аламын ба?
6.Жетістікке
жету шарттарын іздестіремін
бе?
7.Кемшіліктерім
қандай?
Ең
бастысы , жетістікке жетуді үйренуге
болатынын біліп, алғашқы адымды аттай
алу керек. Жетістікке жетуді үйренген
адам одан кейін жетістіктен қол үзбейтін
болады.Ол үшін бізге сенім күші қажет.
Адам өзіне-өзі сенгенде ғана өмірге
үлкен қадам жасай алады.
Сонымен
«Сенімділік» жаттығуымен бастайық.
Шарты:
Қатысушыларға ақ парақ таратылып,
ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір
бөлігіне жақсы қасиеттерін, екінші
бөлігіне жағымсыз қасиеттерін жазады.
«Ал балалар бізге осының қай бөлігі
өзімізге сенімді болу үшін,қажетті
мамандықты таңдай алуымызға қайсысы
өте қажет. Сол жағын жыртып алып өзіңе
алып қал,екінші бөлікті (жағымсыз
қасиеттерді) мыжып қоқыс жәшігіне
саламыз»
«Мамандық
қасиеттері» жаттығуы
Нұсқауы:
Мен белгілі бір мамандықты атаймын,ал
қатысушылар аталған мамандықтарының
бойында болуы қажет қасиеттерді тез
арада атап беруі керек.
Мысалы:
«мұғалім» мамандығын айтса,қатысушылар:
салмақты,әдепті,жауапкершілігі мен
адамгершілігі мол,т.с.с
Сонымен:
«зергер», «мүсінші», «тергеуші»,
«дәрігер», «журналист», «спортшы»,
«электрик», «жүргізуші», «банк қызметкері»,
«бухгалтер» т.б.
Кері
байланыс:
-
Сізге тренингте не ұнады ?
-
Не ұнаған жоқ?
-
Өзіңізді жақсы түсіне алдыңыз ба ?
-
Мамандық таңдай алдыңыз ба ?
-
Тренинг - сабақ керек пе , ол мамандық
таңдауда көмектесе ме?