Материалдар / Мамандық әлеміне саяхат

Мамандық әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
850
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысыШет ауданыАлтайбаев негізгі орта мектебіТүгелбаева С.М педагог-психолог

Тақырыбы: Мамандық әлеміне саяхат (8-9 сыныпқа өткізу)Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

І. Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.Шаттық шеңбері: «Екі өтірік,бір шындық»Қатысушылар жеке-жеке өз есімдерімен таныстырады-Мен тренигті сіздермен сәлемдесуден,танысудан және көңіл-күйді көтеруден бастамақпын. (Мысалы: Менің есімім Салтанат мен тәрбиешімін, саудамен айналысамын)

ІІ. Негізгі бөлім Тақырыпқа кіріспе.Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.

Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң, арқалан.Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев) Сұрақ-жауап.1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

Жүргізуші психолог: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандықиесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі. Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар? Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуықмамандық түрі бар екен.Сонымен «Ми шабуылы» - ой қозғауы бастайық: Жалпы сұрақ 1. Мамандық дегеніміз не? 2. Мамандықты меңгеру үшін не қажет? 3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?4. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? 5. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?6. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Мамандық қасиеттері»

Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, алтренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажетқасиеттерді тез арада атап беруі керек. Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар:салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: сатушы, режиссерітапханашы, дәргер,зергер,мүсінші,тергеуші, бугалтер, әнші т.б.

«Жасырылған мамандықты тап!»

Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3 - топқа бөлінеді. Әр топқа карточкада жазылған мамандықтар беріледі. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.Хирург , Фабрика басшысы , Хатшы, Бугалтер , Слесарь, Инжинер,Кітапханашы , Банк қызметкері , Сатушы , Мұғалім , Мүсінші.

«Әріпті мамандық» ойыны

Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бірәріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатынмамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар,өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек. Мысалы: І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», (агроном, күзетші, журналист ) “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зоршеберлікті қажет ететін нәрсе” - деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзіәлі күнге маңызын жойған жоқ.

«Мамандығым-мақтанышым»

Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: Жүргізілу барысы:3 жағдаятты, 3 топтағы оқушыларға беріп, осы жағдаяттан шығу Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты.Сіздің шешіміңіз?Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысыпотыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады.Сіз не істейсіз?Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады,қорқытты. Не істер едіңіз?

«Тізбек» ойыны Нұсқауы. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші топ бір мамандықтыңатын айтады, келесі топ сол мамандықтың соңғы әріпінен басталатын тағы бір мамандықтың атын айтулары керек. Оқушылар тоқтап қалмайынша жалғаса береді. Мысалы: Бухгалтер – режиссер – ревизор – радиотехник – конструктор..................«Мамандық» акроөлең жаттығуыНұсқау : Әр топ мамандыққа байланысты акроөлең шумақтарын шығарып айтады. М-А-М-А-Н-Д-Ы-Қ-Мысалы: мен армандаған мамандық ақылды, намысты, дарынды, ынтымақтастықты қалайды

«Өрмекшінің торы» тренингі

Мақсаты: Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету.Жүргізілу барысы: Өрмек жібек құрты жібіне ұқсас, ауада тез қатады, серпімді және жабысқақ келеді. Өрмекті өрмекшелердің кейбір түрі жемін ұстауға, тор құруға, жауынан жасырынатын баспана жасауға, жемін шырмауға қолданады. Сол өрмекшінің торы секілді біз де, бір-бірімізге жылулық сыйлау, көмектесу, қамқор бола білу барысында, жіптен тор құрамыз. Ол үшін, мен жіптің басын ұстап, сіздерге тілек айтамын «Өздеріңіз армандаған мамандыққа түсіп, үлгілі, жеке тұлға ретінде қалыптасуларыңызға тілектеспін!» Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз.





Талдау: Бүгінгі мамандыққа арналған тренинг сабағымыздан не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, жақсы және кемшіліктері туралыойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды:Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін

Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу!

Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.



“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғнисендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табандытіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рахмет!!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ