«Арқалық
политехникалық колледжi» КМҚК
ТӘК
отырысында қаралды
Хаттама
№ __ «__» _______ 2020 ж
ТӘК
төрайымы _______ Нурманбетова А.С.
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Кәсіптік
оқыту жөніндегі директордың орынбасары
Жайлаубаева Г.М._________
«___»______
2020 ж
|
Baby
Charm
Тақырыбы:
« Болашақ
шаштараз »
іскерлік ойын
Топ:
П-11 курс білім алушылары
Мамандығы:
0506000
« Шаштараз өнері және сәндік косметика
»
(түрлері
бойынша)
Өндірістік
оқыту шеберлері: Ельясова
М.Ж, Исмагулова М.Т.
2019
- 2020 оқу жылы
Тақырыбы:
«Болашақ
шаштараз»
Мақсаты:
Білім
алушылардың ойлау қабілеттерін дамыта
отырып, болашақ мамандыққа байланысты
ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын
арттыру
Тәрбиелік:Білім
алушыларды білім алу жолында үздіксіз
еңбектенуге, тұлғалық өсудің алғы
шарттарын қалыптастыра отырып елімізге
өз үлесін қоса білетін адал маман иесі
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: ойын
түрі
Көрнекілік:
Слайд,
мамандыққа
қажетті сөздер, қима қағаздар.
Білім
алушылар білуі тиіс:
-Техника
қауіпсіздігін және санитарлық талаптарды;
-Жеңіл
түрде шаш сәндеу үлгілерін;
-Шаш
өрім әдістерін;
-Жеңіл
түрде тырнақ безендіру жолдарын.
Пән
аралық байланыс: Өндірістік
оқыту.
Өтілу
барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі:
1.Амандасу
2.Тақырыппен
таныстыру
3.Оқытушының
кіріспе сөздері.
Оқытушының
кіріспе сөздері:
Сәлеметсіздер
ме құрметті де, қадірлі қонақтар! Біздің
бүгінгі топтан тыс іс- шарамызды бастауға
рұқсат етіңіздер! Олай болса біздің
топты жарып шыққан шеберлеріміздің
жұмыстарына тәнті болыңыздар!
Ең
бірінші салонымыздың барлық жұмыстарына
жауап беруші ресепшін қызымыз Мизамбаева
Алтын мен таныс болыңыздар.
Ал
енді, қолдары өнерлі біздің шебер
қыздарымызбен таныстыра кетейін:
1-і
жұмыс орындағы:
шаш сәндеуде қас-шеберіміз: Луценко
Аруна
2-і
жұмыс орындағы:
шаш өруден алдына жан салмайтын
шеберіміздің бірі: Романчук Эмилия
3-і
жұмыс орындағы:
шаш өрудің маманы: Нұрланқызы Ұлтуған
4-і
жұмыс орындағы:
ерекше,сәнді тырнақ үлгілерін жасайтын
ерекше шеберіміз: Жланбаева Райхан.
Біздің
шеберлеріміз өз тұтынушыларын күтуде.
Ресепшендағы
жауапты салон қызметкері:
-Қыздар
бүгінгі жұмысымыз керемет басталмақшы.
Қанекей
қыздар,-бүгінгі жұмыстарыңа сәттілік
тілеймін!
Олай
болса,бүгінге жазылған
тұтынушыларыңыз,барлықтарыңызда бір
уақытта жазылган екен.
Тутынушыларымыз
жазылған уақыттарында келіп,шеберлеріміз
өз жұмыстарын бастап кетті.
Ал,енді
біз шеберлеріміз жұмыстан босамай
жатқан сәттерінде, келесі кезектегі
тұтынушыларымызбен ойын өткізіп уақытты
ұтымды пайдалансақ қалай қарайсыздар?
Олай
болса өте қызықты ойын есіме түсіп
отыр,ендеше сіздерді ойынның шарттарымен
таныстырып және ойынды өткізуге өзімнің
ұстаз шеберімді көмекке шақырайын.
Оқытушы:Ойын
« Ойлан,тап!»-деп аталады.Бұл ойынның
шарты мынадай:
Тұтынушылар
тең екі топқа бөлінеміз.Ал,бұл екі топқа
мынадай есім бере кетсем:
1-топ
«Стиль»
2-топ
« Шик » деп аталсын. Топ ойыншылары енді
алдымыздағы берілген сурет нұсқалардың
көмегімен бір топ,бір топқа көрсету
арқылы,әр топтағы ойыншы қарама-қарсы
ойыншыға сөзсіз тек іс-қимылмен
түсіндіріп,қандай зат жасырынғанын
табу қажет.
Осы
сәтте келген сабаққа қатысушы ұстаздар
арасынан қазылар алқасы тағайындалады.
Ойын осылайша кезекпен өткізіледі,соңында
қазылар алқасы өз бағаларын беріп
жеңімпаз топ анықталады.Жеңімпаз топ
мүшелерін салонымыздың атынан 10 000
теңгелік сертификатпен марапаттаймыз.
Қорытынды:
Осы
уақытта шебрлеріміздің жұмыстары
аяқталып,тұтынушыларымыздың жасалған
қызыметтеріне қаншалықты көңілдерінің
толғандығын сұрап білеміз.Және де,
қатысушы шеберлеріміздің өз мамандықтары
жөнінде пікірлерін білсек.Осылайша «
Baby Charm » салонымыздың басшылары сөз
сөйлеп,сабағымызды қорытындылаймыз.