Материалдар / Мамандық болашаққа бастар жол
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандық болашаққа бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым-болашағым жобасы аясында
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:


Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз"

Мақсаты:

- Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.

- Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Мамандық дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлері сұралады

- Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;

- адамның болашаққа апаратын жолы;

- адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;

- мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

- оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;

- ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;

- мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;

- келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол

- адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

Әңгімелесу

- Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?

Әлемде 10 мыңнан аса мамандық бар. Ал оған арнаулы мамандықтар мен басқаша да қосымша маман түрлерін қосып санағанда 50 мыңнан асады. ол үшін мамандық әлемін оқып – үйрену керек.

Мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау керек:

1. Арман (тілек)

2. Көз жеткізу (қажеттілік)

3. Жоспарлау

4. Әрекет

5. Игеру

Мамандық сенің денсаулығыңа, физиологиялық және психологиялық күйіңе, біліміңнің сапасы мен деңгейіңнің дайындығына байланысты екенін есіңнен шығарма. Сондықтан да мамандық таңдар алдында «Мен жасай аламын ба, қабілеттімін бе?» деген сұраққа жауап беру керек.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады Мамандық таңдаудың екі жолы бар. Бірінші – бұл байқау және қателесу әдісі: адам соқыр сезімге беріліп, әртүрлі салаларда жұмыс жасап көреді, өзінің өмір сүруіне қажетті және рахатын табатын іс тапқанша. Бұл, әрине өте қиын да ұзақ уақытты керек етеді, себебі он мыңдаған мамандықтың түрі бар. Екінші – мамандық әлемін әртүрлі әдістермен зерттеп көру. Волонтерлік қызмет атқару, әскер ойындар ойнау, өзіңнің ой – өрісіңді әр түрлі жаттығулар арқылы

Сұрақтар: Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

1. Сіз өз мамандығыңызды қашан таңдадыңыз, қандай маман болуды армандадыңыз?

2. Мамандық таңдауда неге сүйендіңіз?

3. Мамандық таңдауда сізге ықпал болды ма? Кімдердің ықпалы көбірек болды?

4. Өз балаңыздың мамандық таңдауына ықпалыңыз бар ма?

5. Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не қажет?

6. Таңдаған мамандығыңызды өзгерткен кезіңіз болды ма? Не себепті таңдауды өзгерттіңіз?

7. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

8. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

9. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?

«Жасырылған мамандықты тап» - ойыны.

Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп мұғалімнің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальды емес қарым-қатынаста(ешқандай сөз қолданбай) ым-ишарамен, түрлі қозғалыстармен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы қажет

3. «Ең жақсы» ойыны.

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады. Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.

Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті - аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.

Ең жауапты - сот, бухгалтер.

Ең салмақты - мұғалім, заңгер.

Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен

Кеңестер:

1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін – өзі құрметтей білуі керек.

2. Өзіңіздің шын тідегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?», «Қайда жұмыс жасағым келеді?», «Кім болғым келеді?».

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан соң жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз, соның бәріне мынадай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек? )

5. Кез келген арманды іске асыра біл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де – компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек. Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам – қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз.

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін-өзі тану: Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез-келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.

Рефлексия: «Жардан құламау» жаттығуы

Мақсаты: Оқушыларды қиындықтан шығуға , алға қойған мақсаттарына жетуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар ата-ананың бастауымен бір сызық бойымен тұрғызылып, қолдарын мықтап ұстап, қол ұстасқан оқушылардың көмегімен қатардың соңына дейін бару керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!