Білім беру
саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған
орта
Тақырыбы: Мамандық
иелері
Мақсаты:
1.Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру шаштараз,
аспаз, дәрігер,тігінші мамандарына керек заттарды ажырата білуге
үйрету.
2.Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, сөйлеу
қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін
бағалап, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс: мамандық-профессия-
тігінші-портниха-
дәрігер-врач-
шаштараз-парихмакер-
аспазшы-повар-
I.Мотиваациялық-қозғаушылық
кезең.
Шаттық
шеңбер.
Балалар сендер балабақшаға қай уақытта
келесіңдер? .
Дұрыс айтасыңдар. Міне тағы да таң атып күн
шықты..
- Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң,
құлақтарым! Қайырлы таң,
қолдарым!
- Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма?
Ия біз ояндық!
- Көздерім көріп
тұр
- Құлақтарым естіп
тұр
- Қолдарым қол
соғып
- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық!
Жарайсыңдар балалар!
II.Ұйымдастырушы-ізденушілік
кезең.
Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Здраствуйте
ребята!
Hello
children!
Тәрбиеші:
Тәуелсіз жаңа
заманда,
Сұраныс көп
маманға.
Нағыз маман
пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.-деп бүгінгі
іс-әрекетімізді
бастаймыз.
Тәрбиеші:
-Балалар сендердің ата-аналарың қандай жұмыс
істейді?
Балалар:
Балалар ата-аналарының қайда
жұмыс імтейтінін айтады.
Тәрбиеші:
Сурет бойынша
әнгімелету.
Бұл дәрігер . Дәрігер баланың тісін емдеп
жатыр.
Тісін немен емдеп
жатыр?
Өзінің арнайы құралымен емдеп
жатыр.
Шаштараз шаш алып
жатыр
Аспазшы тамақ әзірлеп
жатыр
Тігінші киім тігіп
жатыр.
-Сонымен, Суретте не көріп
тұрсындар?
-(Мамандықтардың қызметтері туралы әңгімелеп
беру.)
Дәрігер адамдарды емдейді, укол салып
жазады.
( Шаштараз,тігінші, аспазшы туралы
әңгімелеймін)
Балалар бұл мамандық иелерінің атқаратын
қызметтеріне қарай құрал жабдықтары да әр түрлі
болады.
Міне балалар бұларды біз «мамандық иелері»
деп айтамыз.
Тәрбиеші:
-
Балалар мамандықтар туралы тақпақтар
білесіңдер ме?
Балалар:
Емес оның жәй
ісі.
Қолда тарақ,
қайшысы
Апамның бес
саусағы
Шашты қырқып
тауысады.
Тіс
ауырса
Іш
ауырса
Анам дәрі
береді
Барлық
адам
Барлық
бала
Оны жақсы
көреді.
Жасайтын түрлі
тағамдар,
Аспазшы жақсы
мамандық.
Тігетін
киім-кешекті,
Тігінші болам мен
епті.
Сергіту
сәті:
Тәуелсіз елдің тірегі(
қолдарын жоғары көтереді)
Біз боламыз жүрегі (қолдарын
жүректеріне қояды)
Артқа қадам
баспаймыз
Тек алға-алға
бастаймыз
Құран қыстай қалықтап (құс
болып ұшады)
Болашаққа
самқаймыз.
Біздің бас қала қандай
қала?
Сурет
салу. «Бірге сурет
құрастырайық?»
-Бүгін мамандықтардың қима
суреттер таратып құрастыруды ұсынамын.
-Жұмыс ретімен
таныстыру:
Жылаған балалардың дауысы
естіледі:
-Балалар мына баланың тісі аурып тұр.Ал мына
баланың шашы өсіп кетіпті, киіміде жыртық екен, ал мына бала тамақ
ішкісі келіп отыр екен.тісі ауырған баланы кім емдеп
жазады?
(Дәрігерді
көрсетеді)
Ал шашты кім
жөндейді?
Киімді кім
тігеді?
Асты кім
дайындайды?
(Суреттен көрсетуді
ұсынамын)
Жеке
жұмыс:
Бұл балаларға көмектесу үшін мамандарға
қажетті құралдарын сызба арқылы
көрсетіңдер
-Балалар сендер жақсы көмектестіңдер .
балалар сендерге рахмет айтып
жатыр.
- Керегінше қима суреттерді
аламыз.
-Қима суреттерді алып
кіріседі.
-Жарайсыңдар,ақылдыларым
сол.
Рефлективті-түзетушілік.
-
Бүгінгі сабақта біз не туралы
әңгімелестік?
-балалар бүгінгі сабақ
сендерге ұнады ма?
-Бүгін қандай сурет
құрастырдық?
Күтілетін
нәтиже:
Нені
орындайды: берілген
тапсырманы.
Түсінеді: Мамандық не екенің түсінеді.
Мамандықтың түрлерін ағылшын тілінде қалай айтуды
түсінеді.
Қолданады: тақырып бойынша сұрақтарға
жауап бере алу дағдыларын.