400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Мамандық-жетістік мерейі» 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушылардың мамандық таңдау, дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, жуапкершілік, тәртіп туралы түсінік беру; Дамытушылық: Оқушылардың мамандық таңдауда он шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу; Тәрбиелік: Оқушылардың сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: №54 жалпы орта мектеп

Мерзім: 26. 12.2015ж.

Мұғалiм: Барлыбаева Гульнара Коршибаевна

Сынып: 11-«А» Оқушылар саны:

Тақырып: «Мамандық-жетістік мерейі» №16 сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: оқушылардың мамандық таңдау, дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру.

Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, жуапкершілік, тәртіп туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың мамандық таңдауда он шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау;



Ресурстар: аудио ойнағыш,интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптер

2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрадан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәуелесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқындай және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде

Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Енді көзіңізді ашуға болады.

2. Үйге тапсырманы тексеру: «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыбына шығарма жазып келу.

  • Мамандық-жетістік мерейі дегенді қалай түсінесің?

  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде,нені басшылыққа алу керек?

  • Жақсы жаман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?



Денесіне нұр тарату.




Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?



3.Дәйексөз. Еңбек атаулының бәрі де бағалы,өйткені ол адамды ізгілендіреді.

Л.Н.Толстой

Жеке оқыту;

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Дәптерге жазғызу.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді.Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы,отбасы дәстүрін жалғастыру,келесі біреулер үшін-жаңалыққа,дербестікке талпыныс,үшінші біреулерге-әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін,адам ең алдымен өзін,өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қала өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірд мамандқтың түрі көп.Әрине таңдау жасау оңай емес.Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті,зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды,бағалы үлес қосатындай болуы шарт.Өз ісіне сенімді,дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.Адам еңбегінен қуанышын таба білсе,бойына жаңа күш қосылып,еңбекке деген шабыты арта түседі.Зор ықылас,шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізетін қанат.



3.Оқиғаларды әңгiмелеу. «Шабыт» І.Есенберлин


Шабыт! Ол адамның дарынына,еңбегіне қанат беретін ұлы күш.Мыңдаған халық алдында Гамлет рөлін ойнайтын артист шабыты бар да,төрт қабырғалы зертханада жападан-жалғыз отырып,ғылымның тұңғиығына бойлайтын оқымыстының шабыты бар.Артистке шабыт берген сүйсіне қол соққан көрермендердің қуанышы мен қайғысы десек,ғалым шабыт берген не? Қия шетіне жеткізбес,мызғымай тоқтап қалған уақыт па? Әлде сыртқа шығамын деп асау толқындай ой теңізінде ойнаған іштегі дарын арманы ма? Қандай күш сол шабытты оятқан?

Шын оқымыстыны шабыттандыратын атақ та,бақ та емес.Ол адам үшін,сол адамды жаратылыстың құрсауынан мәңгі азат ету үшін еңбек етеді.Бойындағы күш-жігерін,табиғаттың өзіне ерекше берген дарынның бәрін соның жолына сарп етеді.Бар арманы ғылым болады.Әрине,бұның өзі оңайға түспейді.Адамға күш,қуаныш,шабыт беретін қашан да болса махаббат пен табыс қой.Ал жеңіс пен табысқа жету жолы-қиын соқпақты,биік асулы болып келеді. «Адам баласының басына күнде ақылды ой түсе бермейді»-деп А.Энштейн айтқандай,қандай дарын иесі болса да,шешем деген жаратылыс жұмбағын оп-оңай шеше алмайды.Кейде оған нелер ұйқысыз түндер,көптеген мехнатты айлар,жылдар кетеді.

Бірақ шын оқымысты жанға бұның бәрі азап өмір емес.

Бұл-оған шығармашылық өмір,іздену өмірі.Сондықтан сонау бір ұйқысыз өткен түндер,сарылған еңбекпен өткен жылдар,ғалымға құпия сырды қайтсем ашам деген арман тудырады.Арманға жету тілегі адамды әрқашан да шабыттандырады.Шаршаған көңілге жігер береді.Қажыған денеге күш қосады.Халқының өміріне шипасы тиетін ғылыми еңбегінің бір күндік қуанышы,оны мың күндік мехнатқа шыдаттырады.Сөйтіп барып ол атақ,баққа жетеді.Ел жұрты сүйер ғалым деген атаққа ие болады.

  • Шабыт дегеніміз не? Шабыттың ояну себебі неде болады?

  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде,нені басшылыққа алу керек?

  • Жақсы жаман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

  • Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан,қалай дайындауы керек деп ойлайсың?

  • Адам бірнеше мамандықты меңгерсе,оның өмірі қандай болады деп ойлайсың?


Жаңа ұғымдарға назар аударып, қабылдауға даярлау мақсатында пікір

алмасу.

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.Эссе жазу.

  • Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

  • Үмітімді үзгім келмейді дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде,нені басшылыққа алу керек?

  • Жақсы жаман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?



6.Топпен ән айту.

«Менің елім, Қазақстан»

с. Н.Назарбаев
ә. Б.Тілеуханов




7.Үй тапсырмасы:

1. Оқулықтың №16 сабақ оқулықтағы «Тапсырма» айдарымен берілген мақалдарға сүйене отырып, әңгіме құрап жазу.

2. Келесі №17 сабақ Шыңғыс Айтматовтың «Мұрап» әңгімесін оқу.



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, үкіл әлемде.

Рахмет!


Әдебиеттер:

  1. Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы 1-11 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010

  2. Өзін-өзі тану оқулығы 11 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010

  3. Өзін-өзі тану жұмыс дәптері, 11 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010

  4. Мұғалімге арналған әдәстемелік құрал 11 сынып. «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010

  5. І.Есенберлин «Шабыт» ой жазбасынан үзінді.

  6. «Менің елім, Қазақстан» әні http://song5.ru сайтынан алынды.


Тексерген: 26.12.2012ж. ________________________


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі