400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандық өмір - таңдауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
воспитателям в школе глухих и слабослышащих
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық өмір тандауы.

Түзету білімділік: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту;
Түзету дамытушылық:  Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. Оқушылар анық сөйлеуін, қадағалау. Дыбыстарды дұрыс айтуға талап ету.
Түзету тәрбиелік: Мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Ресурстар: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «
Мамандық өмір таңдауы атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жылулық шеңбері: Дана: Алтынай тек биіктерден көріне бер.

Алтынай: Дана жақсы маман иесі бол.

Шұғыла: Әрдайым жүзіңнен күлкі кетпесін.

Самал: сабағынды беске оқы.

Қыздар мен сендерге қазір адасқан сөздерді бір- бірлеп бәріңе бөліп беремін қарап отырып әріптерден сөздер құрайсындар табасыңдар.

дәрігер, есепші, шаштараз, құрлысшы, аспаз, тігінші, биші, мұғалім.

- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Мамандық – тағдырыңды таңдау деген сөз. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне қалауына сүйену керек. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан кейін мамандығына реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Балалар бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы мамандық дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім :

-Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сенде кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан деп- АБай атамыз айтқандай өмірден өз орнын тауып елімізге қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңын арманын сендердің тандауларын да әртүрлі. Біреуің ертең дәрігер, екіншің, биші, үшіншің шаштараз, мұғалім боласың. Жаман мамандық жоқ, мамандықтың бәрі жақсы, тек оны дұрыс таңдай білу керек.
Ойланайық, пікірлесейік
Мұғалім:
Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды өз ойымызды айтайық.
Елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
мамандыққа машықтану керек.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.
«Ең жақсы» ойыны.

Қазір сендерге мамандықтың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылады.

Ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келеді деген мамандықтарды табуларын керек?

Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен

- Сендер қандай маман болуды армандайсыңдар? Неліктен?

-Дана биші болуды армандайды екен, Алтынай тігінші, Самал суретші, Шұғыла медбике

Рахмет Қыздар. Отырыңдар.

«Мамандық иесін тап»

Енді тағыда тапсырма орындайық. Сөздерді түсініп оқып, қай мамандық иесі екенің айтыңдар?

  1. серуен, ұйықтату, ойын, балалар, балабақша (тәрбиеші)

  2. әдемілік, үлгі, сән, қайшы, шампунь, шаш (шаштараз)

  3. грим, қойылым, сахна, көрермендер, театр (актер)

  4. тыныштық, білім, үстелдер,оқырмандар, кітаптар (кітапханашы)

  5. батылдық, күш, күзету заң, қауіпсіздік, қылмысер (полиция қызыметкері)

Сізге қай мамандық лайық? (психологиялық тест) (видио )

Ең маңызды мамандық таңдауын дұрыс жасағаныңызға сенімдісіз бе? Мүмкін жан дүниеңізге жат жұмыс істеп жүрген боларсыз? Мұндай болмас үшін өзіңізді жақсылап танып алғаныңыз абзал. 1978 жылы америкалық психолог Сьюзен Деллинджер жасаған мына психологиялық тестке назар салыңыз. Бұл бес геометриялық фигураның негізінде жасалған, сіз тек өз болмысыңызды ашатын біреуін таңдауыңыз керек. 

1. Дөңгелекті таңдасаңыз...  Сіз үшін тұлғаралық қарым-қатынастың рөлі зор. Өз ортаңызда өзіңізді бақытты сезінуді маңызды санайсыз. Өзгелердің қуанышын да, қайғысын да өз басыңыздағыдай қабылдайсыз. Кейде өз-өзіңізден үйлесімділік таппайсыз.  Сізге әртіс, маркетолог, мұғалім, тарихшы, мейрамхана иесі не үй қызметкері болу жарасады. 

2. Шаршыны таңдаған болсаңыз...  Өте еңбекқор адамсыз. Бастаған істі орта жолда тастамайсыз. Төзімділік, жүйелілік, дәйектілік – жұмыстағы басты қасиеттеріңіз. Бірақ маңызды істерді шешерде ұсақ-түйекке шүйлігіп қаласыз. Миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істейді, демек логикаңыз жақсы дамыған. Сол себепті жүректің емес, ақылдың айтқанына бағынасыз.  Сізге есепші, бағдарламашы, банк қызметі, дәрігер, инженер, жүргізуші мамандықтары дәл келеді. 

3. Таңдауыңыз үшбұрыш болса...  Сіз өте жақсы менеджерсіз. Жаңа ақпаратты бірден қағып аласыз да, талдап, сараптап, жіпке тізіп шығасыз. Біліктілігіңіз бойыңызға сенімділік ұялатады. Барлығын дұрыс жасауға талпынасыз. Қателік шықса, мойындағыңыз келмейді. Биік мақсатқа жету үшін өзіңізге деен тым сенімділік пен шыдамсыздық кедергі келтіруі мүмкін.  Сәйкес келетін мамандықтар: архитектор, экономист, саясаткер, әскери қызмет, менеджер, қорғаушы, дизайнер.

  4. Дөңгелекті таңдасаңыз...  Сіз өз өнеріңізді бағаламайсыз. Тіпті ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Сондықтан өзіңізді іздегенде екі үстелге қатар отырғыңыз келеді, бұл мүмкін емес. Бұйырған кетпейді, осыны естен шығармаңыз. Жаныңыз сүйетін іспен айналысуда тәуекелге бел буыңыз.  Сіз үшін бөлім басшысы, кәсіпкер не аниматор болған дұрыс. 

5. Таңдауыңыз ирек пішінге түссе...  Сіз шығармашылық адамысыз. Өмірге әр қырынан қарайсыз, оның әрқайсынан ішкі сұлулықты көресіз. Қарқынды, сабырлы адамсыз. Бір орында отырып ұзақ жұмыс істей алмайсыз. Ең керемет, креативті идеяға байсыз. Оны жүзеге асыру үшін жүйелілік пен шыдамдылық жетіспейді.  Өзіңізді зерттеуші, дизайнер, өнертапқыш, музыкант, жазушы не суретшілер арасынан іздеп көріңіз.

М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Осымен «Мамандық өмір таңдауы» атты тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Сау болыңыздар!
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі