400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Мамандық өмір бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу,мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мамандық-өмір бастауы

Білімділік:Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу,мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың өмір туралы,мамандықтар туралы көзқарасын дамыту,алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу,таңдаған мамандығына өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау,өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру,мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеттері: - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

Үшбұрыш:Қандай мамандық түрлерін білесің?(дәрігер,мұғалім,тігінші,)

Саған қандай мамандық ұнайды?(............)

Өскенде кім болсың? (...........)

Кезекші дыбыстар;З,Ж

Сөздік:Заңгер,Зергер,Завод,Жүргізуші,Жұмыс,

Мамандық таңдау - өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.









1)Ойланайық, пікірлесейік
- Мамандық дегеніміз не?Оқушылардың пікірлері сұралады.


- Кәсіп, Сүйікті іс,Еңбек көзі
- Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
- адамның болашаққа апаратын жолы;
- мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
- еңбек адамның жақсы көретін ісі


2)Менің мамандығым..

Балалар өздері таңдаған мамандық иесінің жұмысын іс жүзінде жасап көрсетеді...

Тігінші-Исмагил(МЕН ТАҚИЯНЫ ОЮМЕН ӘРЛЕДІМ)

Аспаз-Темірлан(МЕН ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕР КЕСТІМ,АЛМА,БАНАН,КИВИ,АЛМҰРТ)

Суретші-Махамбет(ҚАЗІР ҚЫС МЕЗГІЛІ БОЛҒАНДЫҚТАН МЕН АҚҚАЛАНЫҢ СУРЕТІН САЛДЫМ)

3)“Мамандық таңдау - жүрек қалауы” бөлімі
1. Бұл бөлімде оқушылар сабаққа қонақ ретінде шақырылып өз тәжірибелерімен бөлісуге келген қонақтардың өз мамандықтары туралы ой - пікірін тыңдайды.



Не үшін бұл мамандықты таңдадыңыз?

СПОРТШЫ-ГУЛБАНУ

ДӘРІГЕР-ӨТЕГУЛ

Жол потрульдік қызметкері-ЖОЛАМАН

4)Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жалғастыр....

Еңбек адамның екінші анасы

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады

Ұстаз-ұлы есім

Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас

Жақсы күлкі мен ұзақ ұйқы -дәрігер кітабындағы ең жақсы дәрі

Тігіншіні инесі асырайды

Сонымен балалар бүгін сабақта не істедік:

Сөйледік,ойландық,сурет салдық,тіктік,тыңдадық

Жарайсыңдар балалар,бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Мамаандықтың жаманы жоқ,бірақ бұның кез-келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет етеді.Балалар сіздерге егемен еліміздің ертеңі-үлкен маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.

Осымен сбағымыз аяқталды ,бәріңізге көп рахмет.
















Еңбек адамның екінші анасы



Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады

Ұстаз-ұлы есім



Шәкірт болып көрмеген,

ұстаз болып жарытпас



Жақсы күлкі мен ұзақ ұйқы -дәрігер кітабындағы ең жақсы дәрі

Тігіншіні



инесі асырайды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі