«Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы
Мамандық -өмір таңдауы
Тәрбиешілер:Азаматова І.Қ
Әділханова Г.А
Мамандық -өмір таңдауы
Қазақстан Республикасының білім жүйесін жаңартудың басты міндеті - саналы біліммен қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің барлық компоненттеріне жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің болашақ талабымен сәйкестендіру болып табылады.
Қоғамға да, өзіне де пайдалы еңбек ету, адамның қалыпты және жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды. Осы мәселені шешу үшін жастар есейе бастаған кезден мамандықты саналы таңдайды.
Мамандық- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін білім мен практикалық дағды жиынтығы. Мамандық таңдау- күрделі процесс. Бұл процесте адам өзінің жолын қателеспей дұрыс табуы үшін ойланады, пікірлеседі. Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Ал, бүгінгі күні сан-алуан мамандықтың түрі бар. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандақтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Барлық мамандық адам үшін пайдалы, қажетті. Әрқайсысының өз орны, өз міндеті бар.
Мамандықтың жаманы жоқ. Қарапайым кәсіптен бастап, күрделі инженерлік мамандықтарға дейін адамдар үшін қажетті. Қажетсіз мамандық болмайды және де әр мамандық адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін өтейді, олардың дұрыс,қалыпты өмір сүруіне жағдайлар туғызады. Осы орайда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.
Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Қандай жұмыс болса да, оған жауапкершілікпен қарау керек және оны құрметтей білу қажет. Әр істің өзіндік қиындығы мен қызығы болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс уақытында бұл негізгі өмір талабы болып табылады. Тәжірибелік кәсіби бейімделудің қазіргі таңдағы жағдайы, оның ауқымын кеңейту қажеттілігінде ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі кәсіптік және жеке анықтауда көмек көрсету деңгейін сапалы көтерумен де сипатталады.
Бүгінгі маман қандай болуы қажет?
Бұл сұрақ көптен бері жастар арасында кеңінен талқыланып келеді. Нағыз маман- өз ісін жетік білетін және өз мамандығына байланысты жан-жақты дамыған адам болуы керек. Міне, сонда ғана ол өзіне және өзін қоршаған адамдарға қуаныш әкеледі. Ал, мамандық таңдау ісінде ата-аналардың ролі қандай? Өз баласына болашақта лайықты азамат болуына мүмкіндік жасайтын сапалы білім беру әр ата-ананың арманы екені даусыз. Олардың міндеті- жастарға бағыт-бағдар беріп, балаларының ойларын біліп, тиісті ақыл-кеңесін айту. Мамандық таңдау кей жағдайда баланың жанұялық жағдайына, денсаулығына байланысты да болады.
Ата-аналар балаларының болашақ мамандығы жөнінде ертерек ойлағаны жөн. Ертерек ойланып, белгілі бір мамандыққа баланы жастай баулыса, ол баланың еңбекке көзқарасын қалыптастырып, бейімділігін арттырады. Егер ата-ана мен баланың және мұғалім, тәрбиешінің оқушының болашақ мамандығы туралы пікірлері үйлессе, онда мамандық таңдаушы қателеспеген болар еді. Еліміз егемендік алғаннан кейін тұрақты экономикалық дамуды көздеп, еңбек қатынасына бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесін бірінші кезекке қоюда. Оның негізгі басымдылықтары президент жолдауында көрсетілген. Сондықтан жас ұрпаққа кәсіптік бағдар берудің маңызы артып келеді. Бүгінгі таңда нәтижеге бағытталған білім беру, тұлғаның қабілеті мен бейімділіктеріне сай қалыптасуына негізделеді. Әлеуметтік ортада жеке тұлғаның бейімделуі олардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, іс-әрекет барысында қалыптасуынан көрінеді.
Ең қиын мамандық - адам боп қалу Хосе Хулиан Марти Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да
жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге
түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген
еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік
шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол
саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек
болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені
қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану
екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен
мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен
карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген
жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз
сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа
ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат
алады. Өз жаныңызға жақын мамандықты
іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ
мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай
жағдайа психолог-профконсультант
(мектеп психологтары), мектеп
мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары,
ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.
Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен
жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес
береді. Қазір сауда-саттықтың жүріп
тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде
деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие
десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық
агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері,
жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б. Әлемде өзі қаламайтын мамандық
иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп
істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай,
өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
Дайындаған: Мейіргүл
Оңғарова
Мамандық – қарапайым өмір сүру
көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі
бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның
12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты
таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің
болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек
шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай
таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды
шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның
алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті
тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік
қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен
өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық
таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.
Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып,
тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі
дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану
керек.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Мен білімді болашағымызға сенемін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандық-өмір таңдауы

шағым қалдыра аласыз