"Мамандық таңдау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мамандық таңдау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мамандық таңдауға бағыт бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақтың тақырыбы:

Мамандығым – мақтанышым.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету,мамандықты дұрыс таңдау керектігін түсіндіру.

2.Ойлау қабілеттерін дамыту,қызығушылықтарын арттыру.

3.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,мамандық таңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.

Психологиялық жаттығу.

«Менің көңіл-күйім»

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз

Көпшіліктің адамы болыңыз.

«Әл-Фараби»

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Кіріспе.

- Балалар,бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз.

Айтыңдаршы,маман дегеніміз не?

Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Сен қандай мамандық иесі болуды армандайсың?







Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып,елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі.Ертең біреуің ақын,екіншің инженер,үшіншің құрылысшы боласың .Ғалым Жүсіпбек Аймауытов ағамыз «Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген.Әрине біз ол үшін көп оқу керекпіз.



2.Ойланайык,пікірлесейік.

Мамандық деген:

Кәсіп,сүйікті іс,еңбек көзі,қызығушылық ,шығармашылық.



3.Суретпен жұмыс.



4.Дәйексөз.

Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз,онда сіздің бақытты болғаныңыз.

К.Д.Ушинский.

5.Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

-Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (құрылысшы)





-Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (аспаз)

-Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (диқан)



6.Сергіту сәті...



7.Дәптермен жұмыс.

(Мамандыққа иелерінің еңбегі туралы мақал-мәтелдер жазу)



ІІІ.Қорытынды.

Әбунасыр Әл-Фараби «...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет,қандай іс істесек те,содан рахмет табу,соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.

Абай атамыз айтқандай « болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп,мамандық иесі болайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі