400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандық таңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдау байланысты оқушыларға жазылған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім-әлемдегі ең үздік мамандық

Мұғалім мамандығы мен үшін әлемдегі ең үздік мамандық.Мұғалімдік мамандығы – бұл адамды тани білу,адамның күрделі және қызықты,рухани жан дүниесіне үңіле білу,адамды түсіне білу,баланы тәрбиелеп шығу ,оған білім нәрін беру.Мектептің жүрегі ол мұғалім. Мектепте мұғалім болмаса ол жер мектеп бола қоймас. Себебі мектепке нұрын шашып өз білгенін үйрететін ол мұғалім емес пе?!Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде , оларды алға ұмтылдырып,болашағына үлес қосуда ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті ,сыйлы тұлға ретінде ерекшеленеді. Ауыр да маңызды ең үлкен міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп, өз білгенін үйрете жүріп біздерді терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келеді.Абылай хан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеген екен. Осындай ұлы тұлғалардың ой түйіндеулерін оқып, өмірлерін зерттеп, өлеңдерін жаттап өскендіктен «Ұстаз» болуды бала күнімнен армандадым.
Арманым орындалып, мектепті аяқтаған соң, мұғалім мамандығы бойынша оқуға түстім. Теориялық білім алып, оны практида пайдалану үшін, үшінші курстан бастап оқушыларға сабақ беруді үйрене бастадық. Алғаш сабақ беріп, өзімді ұстаз санаған кезімдегі әсерді айтып жеткізу оңай емес. Мен үшін ерекше, өмірімде орын алған тарихи сәттің бірі болды. Өз мамандығымды сүйіп таңдағаным соншалықты шәкірттерімді көргенше асығатынмын.Әр күн сабағымды түрлендіріп өткізуге тырысатынмын. Оқушыларға көрнекіліктер дайындап,олардың ынтасын ашатынмын. Қазіргі таңда мектепте жұмыс жасап жүргеніме 17 жылға жуық уақыт. болыпты. Осы уақытта неше түрлі оқушыларды көрдім. Неше түрлі ата-ананы көрдім. Солардың барлығымен жұмыс жасадым. Баланың мектеп табалдырығынан аттап ары қарай болашағы үшін тек мұғалім ғана емес ,ата-ананыңда маңыздылығы зор екенін түсіндім. Бала мектептен тәрбиеленіп болашаққа дайын болуы қажет.Әрі мұғалімге жүктелген талап та жоғары.

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға дамыған елдер аса құрметпен сыйластықпен жақсы көзқараспен қарайды.
Мектептің жаны оны құраушы– мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы.Өскелең ұрпақты тәрбиелеуші ол-ұстаздар.Олар жастарға білім,тәрбиесін беріп болашаққа дайындайды. Себебі болашақ біздің жастарымыздың қолында. Еліміздің дамуы ,көркеюі солардың қолында. Яғни, мұғалім білімді ,ақылды парасатты ,тәрбиелі болса ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Мұғалім болу үшін сол мамандықта оқып жатқаннан бастап алдымен білімді дұрыс меңгеру керек деп ойлаймын,одан кейін болашақ мұғалім киіміне ,сөзіне ,ісіне мән берген дұрыс.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім — деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, білімді, педагогика мен методикадан хабардар, білімді, жақсы оқыта білетін әріптестеріміз, шәкірттеріміз көп болсын.
Ы.Алтынсариннің қалауындағы «жақсы мұғалім» үздік педагог болып, «Мұғалім мәртебесін» көтеруге бірге қызмет етейік!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15.05.2024
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі