Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Заки Ахметов атындағы №16 орта
мектебі» КММ
Кәсіптік-бағдар беруші: Дуанбаева Т.А.
«Мамандық таңдау – маңызды іс»
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл-Фараби
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілік. Мамандық таңдауда үш нәрсеге баса назар аударғанымыз дұрыс. Олар: қызығушылық, қалау, қабілет. Егер таңдау барысында осы үш дүние бір жерде тоғысқан болса – бағыңыздың жанғаны.
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы барысында оқушыларға мамандық таңдау ең өзекті мәселе екендігін, сонымен қатар сол іске деген қызыңушылық қасиеттерімізде болуы керек екендігін үнемі айтып отырамын. Болашақта сұранысқа ие мамандықтарды іздеу мектеп қабырғасында жүргенде басталуы керек. Бұл тиісті дайындыққа көбірек мүмкіндік береді. Белгілі бір саланың даму перспективаларын сәйкесті бағалау маңызды, ол болашақ қызмет саласын анықтауға көмектеседі және кейіннен еңбек нарығында сұранысқа ие болады.
Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.
Әр адамның өмірі мен болашағы өз қолында және өміріндегі көп уақыты мен күші осы кәсіпке жұмсалатын болғандықтан, өзі үшін дұрыс таңдау жасау өте маңызды. Мамандықты дұрыс таңдау үшін түлектер әртүрлі оқу орындары туралы мағлұматтарды алып, болашақ мамандық бойынша интернет-ресурстарды қарап, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескеруі керек. Түрлі жоғары оқу орындарында мектеп түлектері үшін өткізілетін ашық есік күндеріне қатысу мамандық таңдау және соған сәйкес оқу орнын таңдауда маңызды орын алады.
Дұрыс таңдалған мамандық жұмыстың табысты, оңтайлы болуына негіз болады. «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп Мұқағали Мақатаев атамыз бекер айтпаса керек. Мамандық таңдау – болашағыңды таңдау деген сөз. Адам өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейіміне қарай кәсіп түрін таңдауы қажет.
Ерте кезден бастап мамандықты дұрыс таңдасақ, біз қателеспейміз дей аламын. Адам баласы өзінінң мамандығына, жұмысына рахаттанып өмір сүруі керек деп ойлаймын. Таңдаған мамандығымыз оңынын болса, біз ешқашан жұмысымызға шаршадық деп айтпас па едік. Керісінше, жұмысымызға мақсаттар қойып, алдыға қарай ұмтылып, жоғары дәрежеге жетіп, кәсібіміз бен жұмысымызға мақтану үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Жалпы біздің жастарымыз жоғары сынып оқушылары болған уақытта көбіне болашақ мамандығын таңдауға тиісті көңіл бөле бермейтіні анық.
Кейбір жастарымыздың студент атанған шақта
осы мамандыққа амал жоқ, біреудің айтуымен түсіп едім деп қынжылып
отыратындары да жасырын емес. Сол себепті мен олардың бұл туралы
неғұрлым ертерек ойлана бастаса дұрыс болар еді деген ой
түйемін.
Өз мамандығына деген сүйіспеншілік қана адамды абырой биігіне
жетелесе керек. Ал, менің таңдаған мамандығым-педагог мамандығы.
Мұғалім – қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адамның тәрбиешісі.
Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,
өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп
жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Менің ұстаздық
ұстанымым: «Ақыл - адамды аздырмайтын ем, білім -
таусылмайтын кен, Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі –
талап, шолғыншысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны –
сабыр, қорғаушысы –
мінез».
Қорыта айтқанда, жастарымызға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды сұраймын. Бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді. Тәрбиенің үш бұлағы бір арнаға құйылса, онда оның суы да мөлдір, тұнық болмақ. Сондықтан «өз бақытың - өз қолыңда» - демекші жарқын болашаққа жол табу өз еншіңде. Мамандық таңдау кезінде бейімділімізбен қызығушылығымызды ескере білу керекпіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандық таңдау

шағым қалдыра аласыз