Мамандық таңдау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандық таңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдауда ағылшын тілін ролі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ,

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ,САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ С. РАХИМОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

  Ғылыми жоба

Бағыты: ІV бағыт. « Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары». Тіл білімі

Секциясы: ағылшын тілі

Тақырыбы: «Ағылшын тілінің мамандық атауларындағы орны»

 

Авторы: Сайрам ауданы Манкент ауылы,

С. Рахимов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11 «Б» сынып оқушысы

Равшанова Гулноза Ботиржоновна

 

Жетекшісі: Сайрам ауданы Манкент ауылы,

С. Рахимов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Махамадалиева Севара Ядуллаевна

  Манкент 2023ж.



МАЗМҰНЫ



Абстракт

І. Кіріспе .................................................................................................................



ІІ. Теориялық бөлім.

1.1. Ағылшын тілінің елімізде алатын орны.........................................................

1.2.Мамандық сөзінің мағынасы мен мәні...........................................................

III. Практикалық бөлім

2.1. Ағылшын тілімен байланысты мамандықтар.................................................

2.2. Болашақта қоғамға қажет мамандықтар.....................................................



ІV. Қорытынды......................................................................................................



V. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................



Қосымша материалдар







Кіріспе

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Тұңғыш президентиміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына

« Қазақстан -2050» стратегиясында: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтты.Бүгінгі таңда көп тілді оқыту –жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін самғауына жол ашатын, әлемдік білім құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту –заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті ,мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. « Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын және де 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз.

Өзектілігі. Қазіргі уақытта бізден жай ғана орындаушы емес, проблеманы зерттеуге қабілетті, бәсекелес бола алатын мамандарды күтеді. Біз қарастырып отырған мәселенің талдау жағдайы қазіргі уақытта теориялық және іс – тәжірибелік мәселелерінің толық қарастырылмағандықтарын, ағылшын тілін оқыту үрдісінде оқушының, яғни болашақ маманның шығармашылық қасиетті қалыптастыру мүмкіндігі және қажеттілігі арасындағы қарама – қайшылықты туындатып отырғаны анықталды. Бұл мәселенің шешімі, ағылшын тілін кәсіби бағытта үйрену.

Зерттеудің пәні: Ағылшын тілімен байланысты мамандықтар әлемі , ағылшын тілінің қазіргі таңдағы рөлі.

Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тілін қолданудағы мамандықтар әлемінің жан – жақтылығымен таныстыру, қазіргі таңдағы ағылшын тілінің алатын орнын дәлелдеу.

Тәжірибедегі зерттеудің гипотезасы Оқушылардың жобалық – зерттеу жұмыстарының тиімділігі ИКТ технологияларын қолдануда арта түседі.

Әдістер: Зерттеудің теориялық әдісі: зерттеу тақырыбы бойынша әдебиет көздерін қорыту және талдау; зерттеудің әдісі: жекелеген жұмыстар, сауалнама;

Күтілетін нәтиже: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі . Ағылшын тілі жастардың арасында үлкен орын алуда екені анықталады.

ІІ. Теориялық бөлім.

    1. Ағылшын тілінің елімізде алатын орны

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үнді-еуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.Қазіргі таңдағы ағылшын тілінің мәнін бағалау қиын. Оны қолданатын 1 миллиард адамды есепке алмау дұрыс емес. Оның жартысы үшін ағылшын тілі туған тіл деп саналса, 600 миллионы оны шет тілі деп есептеген. Ағылшын тілінің қазіргі таңда таралу ауқымының жоғары екендігі сөзсіз, сондықтанда бұл тіл әр салада бірдей болуы мүмкін емес. Жалпы , бүкіл әлемдегі саясатта, экономикалық, ғылыми, спорттық өмірдің «ағымы» ағылшын тілінде. Ағылшын тілі БҰҰ – да ресми және жұмыс тілі болып бекітілген. Елбасылардың барлық саммиттары, кездесулері, заң мен үкім шығаруды жазулары, дебаттары мен келіссөздері барлығы да ағылшын тілінде өтеді. Бұл тіл бүкіл әлем ғалымдарының, ғылым докторларының және академиктерінің қарым – қатынас жасау тілі болып табылады. Әлемдік тәжірибені уйрену мен ғылыми ақпараттарды алмасуда халықаралық конференциялар тек ағылшын тілінде жүреді. Олимпиада ойындары мен елдер арасындағы жарыстарды өткізуде ресми тіл ретінде ағылшын тілін таңдаған. Ағылшын тілінің маңызы қазіргі таңда өте жоғары, оны білу асқан ерекшелікті талап етпейді. Біркездері компьютерлер мен ұялы телефондарды белгілі бір әлеуметтік топтың адамдары ғана пайдаланатын. Ал, қазір бұл құрылғылар бірінші қажеттілік болып табылады. Ағылшын тілін де солай деуге болады. Оны барлық жерде оқиды: мектептерде, университеттерде, курстарда. Ал , біздің сандық технология дамыған ғасырымызда ағылшын тілін үйден шықпай – ақ, скайп арқылы оқып – үйренуге болады. Кез – келген сауатты адам ағылшын тілін білуге міндетті, оны білу әрі қарай дамуға , қалыптасуға көмектеседі. Қазір көптеген ағылшын тілін үйрететін ұйымдар ашылған. Бірақ мұны оңай деп ойлау дұрыс емес. Қайсы бір тілді үйрену бұл – ұзақ үдеріс, ол көп уақыт пен қаржыны талап етеді. Қазіргі заманда ағылшын тілін білу бұл – әлемге ашылған терезе іспеттес. Бұл тілді білсеңіз онда сіз көптеген мақсаттарға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізесіз.Қазіргі таңда ағылшын тілінің адам өмірінде алар орны өте зор. Алдын ол - жай ғана шет ел тілі болып есептеліп келсе, қазір ол – халықаралық тіл. Ағылшын тілі кейде адам тағдырын шешіп, адам өмірін құтқарады десек, артық айтқандық болмас. Оның құндылығы неде? Барлығы оңай: барлық елде ағылшын тілін оқып – үйренуге аса мән берілген. Әр бір үлкен кісі ағылшын тілін білгісі келеді, ең болмағанда сөйлесу тілін, ал балаларды кішкентайынан бастап үйретеді. Ағылшын тілін білу бізге не береді?

  • Біріншіден, карьера. Қазіргі уақытта үлкен ұйымдарға жақсы жұмысқа орналасу үшін ағылшын тілінде еркін сөйлей білу керек. Бұл үлкен ұйымдардың сатушылары мен сатып алушыларының шел елден болуымен байланысты, оларда келіссөздер, келісім шартқа отыру, контрактқа қол қою т.б. ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілін білсеңіз сіз, жұмыс бабындағы серіктестеріңізбен еркін сөйлесіп, халықаралық конференцияларға қатысып, халықаралық бизнес жайындағы газет – журналдарды оқи аласыз.

  • Екіншіден, шет мемлекетке шығу. Жан-жақты, қызығушылығы мол, заманауй тұлғаның өз өмірінде, кем дегенде бірнеше шет мемлекеттерге шығып олардың мәдениеті мен ұлтымен танысқысы келетіні бәріне де аян. Ағылшын тілін білмесеңіз бұл мүмкін бе? Турция немесе Испания болсын, демалушылармен жұмыс жасайтын елдердің барлығы дерлік ағылшын тілін меңгерген. Бұл келушілерге көрсетілетін қызметтің сапасын көтерумен қатар, демалушыларды көптеп тартуға септігін тигізеді. Демалушылардың өздері де бір жағдай бола қалса , тұрғындармен ағылшын тілі арқылы сөйлеу арқасында жолды сұрау немесе тұрған орнын анықтай алады және т.б.

  • Үшіншіден, оқу. Ағылшын тілін білу шет елдердің жоғарғы оқу орындарында оқып – білім алуға мүмкіндік береді. Лондон университетін бітірген дипломы бар студент , кез – келген жерге жұмысқа орналаса алады, өйткені Бірікккен Королдікте берілген дипломның орны ерекше екендігі анық.

Сонымен, ағылышын тілінің әлемдегі алар орны жайлы айтып тауысу мүмкін емес. Ағылшын тілі заманауй тұлғаның өмірінде біліктілігін арттыруда оны оқып – үйренуде маңызды екендігі сөзсіз.

1.2.Мамандық сөзінің мағынасы мен мәні

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.  Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріміздің бір кірпішін дұрыс таңдауымыз керек.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі.Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы

III. Практикалық бөлім

2.1. Ағылшын тілімен байланысты мамандықтар

Дүниеде көптеген елдер бар, ал олардың тұрғындарының қарым – қатынас тілі одан да көп. Дәл қазіргі уақытта сөз өзге жүздеген тіл жайында емес, бірнеше мыңдаған тіл жайында болып тұр. Жер бетінің тұрғындары бір – бірін қалай түсінеді? Осы мақсатта тұрғылықты орның мен ұлтыңа қарамастан , бірі – бірімізбен қарым қатынас жасау үшін , халықаралық тіл қызмет етеді. Солардың бірі ағылшын тілі болып табылады.

Бүгін көптеген мамандық ағылшын тілін білуді талап етеді: хатшы, қаржы маманы , менеджер, маркетолог және т,б. Ең жоғарғы төленетін жұмыс ол гид-аудармашының, әдеби және синхронды аудармашының жұмысы болып есептеледі.Қазіргі уақытта бүкіл жерде компьютеризация жүріп жатыр, сондықтан веб-дизайнер, телемаркетолог және копирайтер мамандықтары кеңінен танылып бара жатыр. Ағылшын тілін білмесеңіз бұл салада жақсы маман болып жұмыс істеу екі талай, өйткені бұл мамандық тікелей компьютермен байланысты ал , компьютердің тілі ағылшын тілінде.

Желілік бағдарламаны жасаумен айналысатын әрбір маман осы желіге арналған хаттамалармен, әртүрлі нүктелердің құрылысын, ақпаратты енгізуді және т.с.с. білуі тиіс. Желілік – программисттер өз ісінің маманы,олар берілістерді кіруде ықшамдап, шығуда қайта аша алады. Бұл салада ағылшын тілін білу өте маңызды. Ағылшын тілін толық меңгермейінше бұл салада сәтті жұмыс істеу қиынға соғары ешкімге де жұмбақ емес. Барлық терминдер ағылшын тілінде екендігін ескерген жөн.

Дизайнердің қызметі келесі категорияларға бөлінеді: үй техникасының , жиһаздың, транспорттық құралдардың, еңбек құралдарының, механизмдердің, құралдардың, машиналардың және тағы басқаларадың дизайндары.

Таңдаған бағытына қарай адам, сырқы кесікінді дайындауға және бұйымдарды жинауға кіріседі. Интерьер дизайнері ғимараттарды көркемдеумен айналысады. Ол кеңсе немесе пәтерді, үйді ерекше күшке ие аурамен толтырып тұратын қайталанбас стиль жасап шығуға тырысады.  

Дизайн элементтерін маркетологтар, пиар-менеджерлер және жарнамалаушы агенттіктер өз мамандықтарында қолданады. Бизнес-жоспары, салтанаттар, бағдарламалар дизайнерлік безендіруді талап етеді. Шараның сәттілігі олардың сырқы келбетімен тағыз байланысты. Сондықтан бұл салада дизайн үлгілері түрлі жобаларды жүзеге асыруда көптеп қолданылады.

Графикалық дизайнерлердің қызмет аясы өте кең. Суретшілер мен бездірушілер баспаханаларда сауда маркаларының дизайнымен жұмыс жасайды. Олар компьютер арқылы графикалық бағдарламалар көмегімен жобаларды дайындап, безендіреді. Сонымен қатар олар тапсырушының қалауына байланысты заттардың сұлбасын жасап безендіреді.

Қазір клиникалық зерттеу бойынша маман атты қызық мамандық үлкен танымалдылыққа ие болуда, оның негізгі жұмысы тапсырыс берушінің талаптарына сай медиалық зерттеу орталықтарын тексеру болып табылады. Мұндай адамдардың жұмысының көп уақыты іссапарда және клиникалық зерттеу өтіп жатқан жерлерде өтеді. Бұл жұмыста қызметкер өз жұмысын өзі жоспарлауға көп рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, егер сіз демалыста немесе бос уақытыңызда шет елдерде жұмыс жасағыңыз келсе, ағылшын тілін білсеңіз, онда сіз отелье қызметкері немесе тапсырысты жеткізіп беруші және гувернер болып жұмысқа орналаса аласыз. Бұл мамандықтар шет елдерде өте сұранысқа ие және жалақысы жоғары. Өте сұранысқа ие және жалақысы жоғары мамандықтардың бірі – редактор мамандығы. Кез – келген жағдайды жазуға болады: газет – журналдар мен жазушылардың еңбектері. Редактор – бұл ақпаратты басып шығармас бұрын қайта өңдеуден өткізетін адам. Бұл өте жауапты іс.

Лексикограф мамандығы редакторлық сияқты танымал болмасада , қоғамға пайдасы мол. Осы саланың мамандары сөздік жасап, қай сөзді қолданған орынды екендігін айқындайды. Ал, қолданысқа берілетін сөздерді, ұқыптылықпен қарап шығады. Лексикографтың еңбегі өте ауыр және күнделікті өмірде байқала бермейді. Бірақ, оларсыз біз сөздің аудармасын, мағынасын біле алмаған болар едік және біздің тіліміз дамымаған болар еді.

Гидтар мен экскурсоводтардың жұмысының принциптері бәрімізге де белгілі. Бұл адам, шет елдіктерге қонақжайлылық жайлы айтып, кейде туристтік топтарды шет елдерге алып шығады. Бұл үшін, әрине, шет елдің тілін толық және сауатты меңгеріп, сөйлей білу талап етіледі.

Шет тілімен байланысты мамандықтардың барлығы да өте қызықты және әртүрлі. Бұл айдармашы, шифрді шешуші, лексикограф, әдебиеттанушы, редактор, қаріп дизайнері, экскурсовод, дипломат және мұғалім.

Аудармашы мамандығы қазіргі таңда өте сұранысқа ие және танымал болып саналады.

Лингвист-аудармашының дипломын біліміне сәйкес және кем дегенде екі шет тілін меңгерген адам ғана алады. Сонымен қатар ол адамдармен сауатты қарым – қатынас жасап, саясаттан, мәдениет пен өнерден хабардар болғаны дұрыс.

Және аударманы жасағанда сөзбе – сөз аудармай, оның мағынасын жеткізе білгені жөн. Шифр шешуші аудио файлдағы мәтінді жазып алумен айналысады.

Көбіне бұл жұмыс аудио жолақтарды аударуды қарастырып, өз кезегінде ол шет тілін жақсы білуді талап етеді. Туристтер ағылшын және неміс тілін білуі міндетті. Бұл жқмысқа жақсы жалақы төленеді және туристтердің мәселесінің көптігіне қарамастан бұл жұмыс өте қызықты. Бұндай жұмысқа өз қалаңызда да орналаса аласыз, бірақ тілді білу өте маңызды.

Орта ғасырдағы сауатты адамның әр қайсысы латын тілін білуі міндетті болған болса, қазіргі таңда ол ағылшын тілі болып есептеледі. Ағылшын тілін оқыңыздар және өздеріңіздің өмір көкжиектеріңізді кеңейтіңіздер.

2.2. Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.

Дрон операторы Дрон – ұшқышсыз аппарат. Оның көмегімен алыс жерлерге ұшып барып келуге болады, аппарат қазір көптің ісін тындырып жүр. Әлемде өрт сөндіріп, суретке түсіріп, алып қалалардың ластануын  анықтайды. Ал сауда компаниялары осы аппараттарды жеткізу құралы ретінде пайдаланбақшы. Оператор мамандығы дронды басқару үшін де қажет болады. Олар дронның маршрутын белгілеп, оның қызметіне жауап береді.

Экодизайнер Экодизайнерге қойылатын басты талап: қиял. Қияли адамдар не үшін қажет? Олар заттан екінші «зат» дайындай алады. Яғни, олар фантазиясына сеніп, ескі дүниелерден жаңа тың заттарды қайта шығаруы тиіс. Ол жасаған дүние табиғатқа кеселін тигізбеуі керек. Сонымен қатар, ол істен шығайын деп жатқан бұйымдардың болашағын көре алуы қажет.

Электрокөлік механигі Электр қуатымен жүретін көліктер – болашақтың еншісіндегі ең керемет көлік. Себебі, қоршаған ортаға зияны жоқ әрі тиімді. Олардың саны әлем бойынша аса көп емес, бірақ қарқынды түрде қатары артып келеді. Механик электрокөліктерді жөндеп, электромоторларының қызметін тексеріп, барлық жүйесіне жауап береді. Олар көбіне электрика туралы бес саусақтай білуі тиіс.

Егде адамдарды оқытатын маман Зейнет жасына келген адамдар көбіне заманауи өмір ағымына енгісі келеді. Жастар секілді технологияның қыр-сырын меңгергісі келеді. Сол үшін зейнет жасындағы адамдарға арнайы курстар мен шеберлік дәрістері көбейетін болады. Сәйкесінше оларға түсіндіріп беретін мамандардың да саны артады. Егде тартқан кісілерге қойылатын талап мықты: үлкен адамның психологиясын жақсы білуі керек. Оларға арналған арнайы әдістеме де жасақталады.

Медициналық роботтарды жобалаушы Медициналық кибермаман робототехникадағы жаңалық. Олардың саны әлем бойынша өте аз. Бірақ, сұраныс көп. Күрделі оталарды жасайтын медициналық роботтарды құрастырушылар кибердәрігерлердің механизмін және бағдарламасын жасақтайды. Олар тек роботехнологияда ғана емес, медицинада да сауатты болуы керек.

Аэробиолог Аэробиология – атмосферадағы микроорганизмдерді зерттейтін ғылым. Бұл ғылым биология, инженерия, география, метеорология, экология, медицина, оптика және физика ғылымдарының тоғысында пайда болған. Аэробиолог Жердегі барлық ауа қабатын зерттейді. Мысалы, экожүйеде қандай микроорганизмдер өмір сүреді, олар бір-бірімен қалай зат алмасады, қалай қозғалады деген сұрақтарға жауап іздейді.

Сонымен қатар, аэробиологтар қауіпті аурулардың таралуын тоқтатуға себепші. Бұл мамандар ауаның неден ластанатынын жаңа әдістермен анықтайды.

Күн электростанциясының инженері Күн, жел, судың көтерілуі мен төмендеуі – энергияның өзегі. Күннен энергия алу қазіргі кезде жүзеге асып келе жатыр. Сол үшін де осы бағытта жұмыс жасай алатын энергетика саласында білімі бар техникалық мамандар қажет.

Үлкен ақпараттармен жұмыс жасайтын менеджер Компьютерлік технологияны жетік меңгерген адам бұл қызметті атқара алады. Ақпараттық қызметті жүзеге асыру, олардың дереккөзін табу, сандармен жұмыс жасау, ғарыштан суреттерді жүктеу, олармен жұмыс жасау, көліктер мен теле-, смартфондардағы GPS-сигналдарды бақылау, банк тұтынушыларының аударымдарын қадағалау, есептегіштерді зерттеу секілді адамзат баласына қажет маңызды қызметтерді атқару осы менеджерлерге жүктеледі.

Жол апаттарының сарапшысы Бұл мамандар жол апаттарының санын азайтуға көмектеседі. Олар бейнебақылау, метеостанция, жол апаттарының санын есептейтін аппараттармен жұмыс жасай алуы қажет. Сонымен қатар, жекелеген қаладағы көлік саны, жолдардың бүлінуі, апаттық жағдайларға да жауап береді.

Вирус сарапшысы Алғаш компьютерлік вирустар 1971 жылы пайда болған. Содан бері көптеген адамға және жекелеген компанияларға зиянын тигізіп келеді. Олардың көзін жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалар жасалып келеді. Бірақ вирустың қарасы азаяр емес. Вирус сарапшылары осы кедергімен айналысып, вирустың өзегін тауып, оны біржола жоюдың амалын іздейді. Сонымен қатар, сарапшылар жаңа вирустардың тууын болжай алатын болады.














Қорытынды

Ең қиын мамандық - адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти


Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген. Өз ісінің нағыз маманы атану әркімнің де қолынан келері сөзсіз. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысына деген құлшынысы арта бермек.

1. зерттеліп отырған проблеманың ғылыми алғы шарты қаралды

2.  Қазіргі замандағы ағылшын тілінің алатын орны мысал ретінде ұсынылып дәлелденді.

3.  Зерттеу жұмысының барысында ағылшын тілімен байланысты мамандықтар ашық ұсынылды.

Ағылшын тілін білген адам, кез келген мамандықты меңгере алады. Шет тілін білген, шет қалмайды дейді.











Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Н.Н.Захаров, В.Д.Симоненко. Профессиональная ориентация школьников. Москва «ПРОСВЕЩЕНИЕ»

  2. Е.А.Климов. Как выбирать профессию. Москва «ПРОСВЕЩЕНИЕ»

  3. Энциклопедический справочник. «2000 профессий»

  4. Бессолицына  Р.  Организация  научно-исследовательской  деятельности  учащихся  и  педагогов  // Технологии.- 2005, №  17.

  5. Безрукова  В.С.  Директору  об  исследовательской  деятельности  школы //  Директор  школы.-2002,-№ 2.

  6. «Большая советская энциклопедия»

  7. Борздун  В.Н.,  Борздун  Л.А.  Исследовательская  деятельность  в  школе:  критерии  оценки  //  Методист.-  2003, № 6.

  8. Ишкова  Л.В.  Формирование  исследовательской  культуры.-  Новокузнецк:  Изд-во  ИПК,  1997.

  9. «Литературная энциклопедия»

  10. «Малый энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона

  11. «Английские слова», Институт информационных и управленческих технологий, М, 2010г.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі