мамандық таңдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мамандық таңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мамандықтар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Ата-анамен балабақша арасында баланы жан-жақты      тәрбиелеудегі бір-бірімен біртұтас байланыстығы. Жыл бойы жоспарлы  түрде балабақшада жұргізіліп отырған жұмыс түрлері: оқу, ойын, еңбек, тәрбие жұмыстарын жанұяда ата-ана толықтырып отырама? Ата-ана  баланың алдында өздерін педагог болуы тиіс.  
1-бөлім. «Балаңыз мектепке дайын ба?»
      Ата-аналарға сауылнама таратылды.
2-бөлім. «Мамандықтар әлеміне саяхат»
3-бөлім. Ситуациялық сұрақтар.
       Сөз жұмбақ шешу.
Сауалнаманы талқылау, қорытындылау.
Ситуациялар: 1. Баланың туған күнге баруы.
       2. Табиғат туралы.
       3.  Қонақ күту рәсімі туралы.
Ән. «Көктем өрнегі» – Бір топ балалар орындайды.

1.Берік. Шофер ағам.         2. Нұржан. Мен ғарышкер боламын.
Бірге қырға шығады.   Аспан – аспан арайлым,
Бірге тауға шығады.    Саған жиі қараймын.
Ағам тыным таппайды,   Сені көзбен шоламын
Қашан демін алады.    Мен ғарышкер боламын.
Түн демейді түнді де
Күн демейді күнді де   Таудай үлкен талабым
Шаршадым деп айтпайды.  Мен бармақтай баламын.
Шофер ағам білдің бе?   Көктің жүзін барлайтын
Шалғын өссе сайларда   Мен ғарышкер боламын.
Гүл өскенде тауларда
Апарады біздерді
Шофер ағам жайлауға
Сюжеттік ролдік ойын.
«Мұғалім»
Ертегіден үзінді айту. Балалар қандай ертегі екенін айтады.
«Әріптер сыры» А, Ә, Б, «Ана», «Әке», «Бала»
Мақал – мәтел. Жұмбақ, тиым сөздер жарасы.
Бір топ балалардың орындауында би «16 қыз»
«Дәрігер» мамандығы
1.жарнама: Мен үшінде және ел үшінде «Дәрігер» мамандығынан артық мамандық жоқ, себебі дәрігер: Адам жанының арашасы. Дәрігер, алдына келген науқас адаммен бірге ауырады жүрегі сыздайды, Ал енді өзі емдеген адамы сауығып кетсе, дәрігер адаммен бірге қуанады. Дәрігердің үстіндегі ақ халаты, дәрігердің кіршіксіз ақ көңілін, адамдарға деген мейірімділігін білдіреді. Дәрігер мамандығым мақтанышым.
«Дәрігер» тақпақ.
Аяжан – Ақ халатты киемін
               Аппақ болып жүремңн.
       Аппақ болып жүргенді
       Өзім өте сүйемін.
       Дәрігермін мен деймін
       Кәрі әжемді емдеймін
       Көп-көп ішіп дәріні
       Кәрілікті жең деймін.
«Дәрігер» сюжеттік ролдік ойын.
       Бір ата-ана бала болып жедел-жәрдем шақырады.
Жедел-жәрдем келеді, бірінші көмек көрсетеді, баланың қызуын қарайды. Ойын барысында сәлемдесу, рахмет айт, қоштасу туралы сөздерді қолданып ретімен сөйлеуі керек.
Ән – «Болайықшы осындай»
      Бр топ балалардың орындалуында
Жақсы бала еңбекшіл  Бәріміз осындай
Ер азамат болады  Болайықшы досым-ай
Қиындықты жеңіп бір  Еңбекшіл осындай
Құшағы гүлге толады  Болайықшы досым-ай.
2.Мадина. «Бағдаршам»
  Қай көше, қай қалаға барсаңда,
  Қай ақыл, өлшеміне салсаңда.
  Жолда жүру ережесі заңдылық,
  Елімізде үлкен, кіші баршаға.
II – бөлім. «Мамандықтар әлеміне саяхат»
«Ұстаз» 2. «Дәрігер», 3. «Тігінші», 4. «Шаштараз»,
5. «Аспазшы» Осы мамандықтар бойынша бес стол қойылып, мамандыққа сәйкес ойын құралдары, көрнекіліктер жасақталған.
М/ы: Әрбір мамандыққа 5-6-дан бөлініп ата—аналар отырады. Мыс: Бір ата-ана дәрігер болады, сол столдағы қалған ата-аналар, балалар болып ойнайды.
Ата-ана әрбір мамандыққа жеке-жеке жарнама береді. М/ы: Балалардың осы мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында.
Осы мамандықты балаға ойын арқылы, ойнап қалай үйрететінін көрсетіп береді.
Мұғалім. – столы. Ролде ата-аналар бала болады.
Жарнама. – Мұғалім, ұстаз мамандығымды мақтан етемін. Қандай мамандық иесі болсада, небір ғалым, шахтер, ұшқыш, академик болсада      барлық адам, ұстаздың алдынан білім алған. Сондықтан еі жақсы мамандық – Мұғалім болу. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -  дегендей, мен шәкірттерге білім нәрін сусындатудан жалықпаймын.
2.Асылай тақпақ.  «Мұғалім»
  Білім алған өзіңнен
  Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.
  Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
                       Менде өзіңді әрдайым
Қамқорым деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын
Жарқынсың сен мұғалім.
3.«Шаштараз» мамандығы
1.жарнама. Шаштараз мамандығы да өте қасиетті мамандық, шашығңыз өсіп кетсе, сәніңіз кетеді. Барлық мамандық иелері шаштаразға келіп – шашым өсіп кетіп еді, шашты қиып сәнденіп өте жақсы әдемі болдым – деп, Шашқа да тазалық күтім керек. Сондықтан да шаштаразға келіңіз, сәнденіп шашыңызға үлгі жасап қайтыңыз. Айналадағы адамдарға сұлу көрініңіз.
«Шаштараз» тақпақ. – Жанаргүл
Емес оның жәй ісі    Әпкем туған бұл үйдің
Қолында өткір қайшысы  Мекеніндей сән күйдің Әпкемнің бес саусағы  Шаш түзеуге сан келіпй Шашты қиып тауысады.  Шыққандар көп сәнденіп .

Ойын:  «Шаштараз»
Қайшы – Мен қайшымын, шаштаразға өте керекпін, мен
   болмасам, шашты қиялмайды.
Тарақ –  Мен тарақпын, шашты тараймын сәндеп
   беремін, шаштаразға мен керекпін шаштараздың      
   бір қолында тарақ тұрады.
   Қайшы сен бекерге мақтанба.
Айна –   Айна болмаса адамдар, өзінің шашышның
   қанадай екенін қалай білер еді. Мен өте
   қажетпін шаштаразға да адамдарға да.
Шампун – Менде шаш күтіміне пайдамды тигіземін.
   Қиылған шашты шумпунпен жусаңыз.   
   Шышыңыз құлпырым шыға келеді. 
Шаштараз – Ия достарым таласпаңыздар, маған бәрің де
керексіңдер, себебі: Сіздер шаштаразыдң   құралысыздар.
Би «Русский танец», Бір топ балалардың орындалуында.
4.«Тігінші» – мамандығы

1.жарнама: Тігінші мамандығына барлық адамдар бас иеді.
  Адамдардың дене бітіміне үйлесімді сән үлгімен жарасымды киім тігеміз. Қай салада жүрсеңізде, сымбатты көрінгеніңіз қандай жақсы.
«Адам көркі шүберек» – деп ата-бабамыз
бекер айтпаған.
Тақпақ оқу. «Тігінші»
   Қызың біздің  бақшада
   Алуан ойын ойнаймыз
Астық тасып қамбаға
Сабан тойын тойлаймыз.
Кеме жасап теңізде
Балық аулап ойнаймыз
Шебер болып іс тігіп
Тігінші болып ойнаймыз.
Ойын. «Неден  тігілген?»
      Матаның тщұрлерін, түсін, не жасалатынынайтып береді.
«Мода» – сән үлгісін көрсету, – балалар.
Жаз мезгіліне, күз, қыс, көктемге байлансты үлгілер, спорттық киімдер. Тоқыма және серуен кезінде киетін киім үлгілері.
Ән – «Балдырғандар жыры»
5.«Аспазшы» – мамандығы
1.жарнама: Барлық мамандық иелері болсаңызда күніне
  үш мезгіл тамақ ішпей жүре алмайсыз ғой.
  Аспазшы мамандығы қандай жақсы.
  «Ас адамның арқауы» – деген. Денсаулыққа
  пайдалы. Ас ішпесең, өмңр сүреде алмаймыз.
  Түрлі, дәмді тағамдар дайындап адамдардың
  алғысын алған қандай керемет.
Тақпақ оқу – «Аспазшы»
  Біздің бұл бақшада   Әлде бал қаймақ па
  Бар әсем асхана   Борыщпа, сорпа ма
  Бар онда аспазшы   Әлде бал, қаймақ па
  Ақ көңіл жақсы ана.   Тұрады ортада.
                 Тәп тәтті тамағы   Пісіре білгенге
  Апай, ас маманы   Астың жоқ маманы.
Ойын. – «Аспазшы»
  Салат дайындайды. «Витаминді салат»
  Қолдарын жуып тамаққа отыру, рахмет айту,
  ұқыптылықты адамгершілікті сақтау.
  Аспаздың, еңбегін бағалау.

Би. «Чарли» Бір топ балалардың орындауында.
Сөзжұмбақ

М

 А

 М

 А

 Н

 Д

 Ы

Қ

Бес дұшпанның бірі – Мақтаншақ
Дос – мінез құлыққа байланысты – Ақыл
Еңбекқор жәндік – Құмырсқа
Ата-ананық бақыты – Бала
Бес асыл іс – Қанағат
Спорт құралы – Доп
Үш арсыз – Ұйқы
Киелі құс – Аққу.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Ата-аналар, балалар бәрі бірге айтылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2018
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі