Материалдар / Мамандық таңдау - жауапты іс.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандық таңдау - жауапты іс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сыныптарға мамандық таңдауға бағыт бағдар беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
102
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мамандық таңдау – жауапты іс» тренинг сағаты

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауға бағыт беру. Мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Әр мамандықты таңдауда және құжат тапсыру кезінде мұқият болуды ескерту, «жеті өлшеп бір рет кесу» дағдысын қалыптастыру;

Қатысушылар: 9 сынып оқушылары, тәрбие меңгерушісі, психологтар

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер, колонка.

Тренинг барысы:

Кіріспе сөз :

  • «Кәсіп таңдау тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан дүниеңе үңілу» деген ой бүгінгі тақырыбымыздың негізгі эпиграфы.

Ширату /танысу/

Сіздерді мен жіті танымайтын болғандықтан, танысудан бастайық. Менің оң жағыма кімнің тұрғысы келеді? Қазір мен өз есімімді және мамандығымды айтамын. Менен кейінгі кісі соны қайталап, артынан өз есімімен, қандай маман иесі екенін айтады. Танысу солай жалғасын табады.

Топқа бөлу /4 топқа бөліп алу/

Ортаға осы жерде «Мен ең әдемі жанмын» деген 5 оқушы келсін. Келесі «Мен ең шығармашыл жанмын» деген 5 оқушы шықсын. «Мен ең білімді жанмын» деген 5 оқушы шыға қойсын. Қалған артық қалған оқушылар «Сақ адамдар» деп топтастырып аламын.

Бүгінгі тренинг өткізу кезіндегі негізгі ережелер :

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштықты сақтау

  • Бір-бірін тыңдау

  • Ойларын ашық айту

  • Бірін -бірі сынамау

  • Ынмақтылық

  • Дайынбыз деген белгі беру;

1-Тапсырма

Ақ қағаздарға жазылған нұсқау сөздердің жанында қандай мамандық топтары жататынын анықтап топтастыру

Ең жасыл мамандықтар: /эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші/

Ең ақшалы мамандықтар: / бухгальтер, экономист/

Ең таза мамандықтар: / дәрігер, санпедстанция мамандары/

Ең көңілді мамандықтар: /клоун, карикатурашы/

Ең тәтті мамандықтар: аспазшы, кондитер

Тапсырманы тез орындап, белгі бере қояйық.

2-Тапсырма

«Мамандық атауларын тап»

1 топқа «А»әрпі;

2 топқа «С»әрпі;

3 топқа «Д»әрпі

4 топқа «М» әрпі

Осы әріптен басталатын мамандық тауларын жазыңыздар.

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз,

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз /Әл -Фараби/

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.

Тренинг «Аңғарымпаз» зейін анықтауға арналған тапсырма.

Тапсырманы соңына дейін оқып шығыңыз, содан кейін оны орындаңыз.

  1. Орныңыздан тұрыңыз

  2. Сол және оң жаққа қараңыз

  3. Орныңызға отырыңыз

  4. Телефоныңызды дыбыссыз режимге қойыңыз

  5. Селфи жасаңыз

  6. Сол жақтағы отырған құрбыңызға «Сәттілік» тілеңіз

  7. Оң жақта отырған құрбыңыздың хоббиін сұраңыз.

  8. Берілген тапсырманың 6 – орындаңыз

  9. Беске дейін санаңыз

  10. Назарларыңызға рахмет!

Оқушылардың әрекеттеріне қарап, қорытынды шығарамыз.

3-Тапсырма

Ұқсас мамандықтарды жұпта: мұғалім, шопан, әнші, менеджер, жазушы, есепші, хатшы, жүргізуші, құрылысшы, сәулетші, тоқушы, заңгер, дефектолог, археолог, психолог, әртіс, ақын, экономист, таксист, нотариус, тігінші, логопед, тарихшы, жаттықтырушы, дизайнер, бақташы, іс-жүргізуші, сылақшы, басқарушы, психиатр

Сәйкестендір.

сс

















Оқушылар алдындағы парақта берілген 7 баспалдаққа болашақтағы өзінің арман, мақсатын жазу.



Әр оқушы өзіне мақсат қойып үйрену керек.









Фигураларды таңда . Орыстың психолог ғалымы Игорь Панариннің тест сауалнамасы.













  • Шаршы - еңбекқор, өз ісінің шеберлері.

  • Тіктөртбұрыш - білуге құштар жандар. Сондықтан тіктөртбұрыштың ең жақсы қасиеттері-қызығушылық.

  • Үшбұрыш - бұл фигура көшбасшылықты білдіреді. Үшбұрыштар-нақты мақсаттар қоятын және оларға қол жеткізуге бейім жігерлі, тоқтаусыз, күшті тұлғалар.

  • Шеңбер - бес фигураның ішіндегі ең қайырымдылығы. Барлығы бір-бірімен тіл табысқан кезде ол бақытты.

  • Зигзаг - шығармашылықты бейнелейтін фигура. Ол жаңа, қызықты ойға ие болған кезде, оны бүкіл әлемге айтуға дайын.

«Кәсіби болашақ» жаттығуы

Мақсаты: кәсіби мотивацияны қалыптастыру.

-Бүгін менімен көп нәрсені бөлістің, менде әрқайсыңа естелік ретінде сыйлық бергім келді, бұл сөзсіз орындалатын тілектердің тізбесі. Сізде жүрегіңіздің кеңдігін танытыңыз. Осы тілекті кімге тілер едің? Тілектер тізбесін оқып, беретін құрбысына табыстайды.

Білімді болуға оқу керек

Бай болуға кәсіп керек.

Күшті болуға бірлік керек

Осы керектердің жолында жұмыс істек керек. / А. Байтұрсынов/



Қорытындылау .

Мұқағали Мақатаев «АРМАНДА, ҰЛЫМ!»
Кім боласың,
Қандай өмір сүресің,
Ол — өзіңнің үлесің.
Ақылымды тында, мейлің тыңдама,
Тілегім бар бір ғана:
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Сосын, мейлі, ұшып ел де, сырғана.
Болса ақылың біл мынаны: жалғанда
Жолай көрме арманы жоқ жандарға?!
Арманда, ұлым, арманда!
Арманда, ұлым, ақтық демің калғанда!
Бүкіл өмір, бүкіл дүние, бар жалған,
Жадында, ұста, жаратылған арманнан
Өмірінің аяғы жоқ, басы жоқ,
Өлген артық армансыз боп калғаннан.
Айтқанымды жөн де, мейлі, жөн деме,
Арманда, ұлым, қия деме, өр деме,
Шығып ал да арманыңнын шыңына,
Қира мейлің, күйре мейлің, дөңгеле. - Мұқағалидың осы өлең жолдары армандауға жетелейді екен. Сіздер болып біз болып бір мұрат, бір мақсат, бір арманның аясында жұмыстануға шақырамын. Бастысы дұрыс жол таңдаңыздар. «Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, ең бастысы жақсы азамат болуларыңа тілектеспін. Ниеттеріңізді қабыл етсін, мұраттарыңызды асыл етсін. Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!