"Мамандық таңдау - маңызды іс" кездесу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандық таңдау - маңызды іс" кездесу

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп бітіруші сыныптармен, мамандық таңдау алдында тұрған оқушылармен жүргізілетін шараның жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы: 11

Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті»

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.
Өткізу формасы: Кездесу

Жүргізуші: Келманова Гулназ


Барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Мамандықтар классификациясы (мамандық таңдауға байланысты кеңестер)

ІІІ. Қазіргі заманның тапшы мамандықтары (қонақтарға сөз)

ІҮ. «Менің жанұямның мамандығы» оқушылармен пікірлесу

Ү. «Болашаққа – Серпінмен» («Серпін – 2050 бағдарламасымен таныстыру)

ҮІ. «Қол мидың жалғасы» психодиагностикалық жаттығу (оқушылардың қандай мамандыққа икемі бар екенін анықтау)

ҮІІ. Қорытынды

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
(Әл- Фараби)

І. Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! Мектептің оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын?» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға арнайы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.


Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.


ІІ. Мамандықтар классификациясы (мамандық таңдауға байланысты кеңестер)
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК – ОЛ …
Еңбек – бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.


ІІІ. Қазіргі заманның тапшы мамандықтары (қонақтарға сөз)

ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, ал мамандық латын тілінен аударғанда – ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым-қатынас жасай білу;

ІІІ. «Менің жанұямның мамандығы» (оқушылардың ойын тыңдау)
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған

ІҮ. Қазіргі заманның тапшы мамандықтары (қонақтарға сөз)
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
— Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

Ү. «Болашаққа – Серпінмен» («Серпін – 2050 бағдарламасымен таныстыру)


ҮІ. «Қол мидың жалғасы» психодиагностикалық жаттығу (оқушылардың қандай мамандыққа икемі бар екенін анықтау

ҮІІ. Қорытынды

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Бүгінгі біздің кездесу кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2025
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі