400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Мамандық таңдау- болашаққа жол»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне мектеп оқушыларының кәсіби дайындығын қалыптастыру, психофизикалық мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын, бейімділігін, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мамандық таңдауға көмектесу бағытында баяндама, есеп беру, мақала жазуға қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биылғы оқу жылының басынан бастап жоғары сынып тәрбиешілері «Отбасы мен мектеп. диалогтан серіктестікке» жобасының «Мамандық таңдау- болашаққа жол» атты кіші жобасы бойынша жұмыс атқаруда.

Жобаның негізгі мақсаты:

- мектеп-интернат оқушыларының кәсіби дайындығын қалыптастыру, психофизикалық мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын, бейімділігін, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мамандық таңдауға көмектесу. Жоба жоспар бойынша әртүрлі оқу іс-әрекеттерін қолдану арқылы, атап айтқанда: ата-аналар жиналысын өткізу;

оқушыларды және олардың ата-аналарын тестілеу және сұрау;

қазіргі кәсіптер нарығы туралы материалдар жинағы;

тәрбие сағаттары мен Іскерлік ойындар, тренингтер, әңгімелесулер өткізу;

отбасылық еңбек әулеттері туралы бейнефильмдер жасау жұмыстары жүзеге асырылды .

Биылғы жылдың қаңтар айында қаламыздағы түрлі колледждер оқытушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қаланың көптеген колледждерінің өкілдері келіп, өздерінде оқытылатын мамандықтар туралы таныстырды, ата- аналарға құжат қабылдау туралы, өзгерістер туралы, тағы басқа қойылған сұрақтарына кеңінен жауап берді.

Сондай ақ, жақында мектеп-интернаттың табысты түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге келген түлектер мамандық алып, түрлі жұмыстарға орналасқан екен. Әрқайсысы өз еңбек жолы, кездескен қиыншылықтары мен жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жетістікке жеткен түлектерді көріп балалардың бойында алға деген қызығушылық пен талпыныс пайда болды.

Осы кездесулерге ата- аналар да шақырылды. Олар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, ойдағыдай жауап алды.

Жылдың аяғына дейін мамандық таңдау туралы сынып сағаттары, кітапхана сағаттарын өткізу, тренингтер өткізу жоспарда. Сондай ақ, келесі оқу жылында еңбек кәсіпорындарында және оқу орындарында кәсіптік бағдарлау сынақтарын өткізу, қалалық кәсіпорындарда шеберлік сабақтарын көру жоспарланып отыр.

Біздің мектептің жоғары сынып оқушыларының кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға және одан әрі білім алу траекториясын құруға мүмкіндік беретін өз қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін білу деңгейін арттыру мақсатымен осындай жұмыстар атқарылды.

Мамандықтар әлемінен хабары аз және одан әрі білім алу үшін бейінді таңдауда қиналатын оқушылар және психологиялық қызметтің тәрбиелік-кеңес беру қызметімен қамтылған ата-аналарға бағыт бағдар беретін жоба бойынша атқарылатын жұмыстар ары қарай жоспарға сай жалғасын таба береді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2024
217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі