Бекітемін: __________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 3-сабақ
|
Бөлім: |
3-бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика |
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
||||||
|
Күні: |
||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Мамандық таңдау – маңызды іс. Сөздік құрам |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
8.1.5.1 - перифраза түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау 8.4.3.1 - сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба алады, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдай алады. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдана алады. |
|||||
|
Құндылықтарға баулу |
оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;
түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту; |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басталуы Ұйымдас тыру 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 7 минут 8 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру «Жүректі тазарту» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру Ойтүрткі 1-тапсырма. (оқулықтан) Өлең жолдарының мағынасын талда. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап да, бар қалан. (Абай) 2-тапсырма 1.Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Болашақта қандай мамандықтар пайда болады? Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін. 2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты. Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі мүмкін. 2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. 2.Перифраза түрінде түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
3.Мәтінде қандай мәселелер көрініс табуда? Ол туралы сенің пікірің қандай? Жұбыңмен талқыла. Тілдік бағдар Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын т.б. танытатын барлық сөздер енеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың байырғы сөздері де, кейіннен пайда болған жаңа сөздер де, термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді. 6-тапсырма. (оқулықтан) «Құпия хат» әдісі арқылы конверттегі сұрақтарға жауап жазыңдар. Жауаптарыңда грамматикалық және орфоэпиялық заңдылықтардың сақталуына мән беріңдер. 1.Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін? 2. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме? 3. «Мамандық – өмір таңдауы» дегенді қалай түсінесің? 4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген мамандық туралы сөзін қалай түсінесің? 5. Болашақ мамандықты таңдауда кіммен ақылдасар едің? 6. «Өмірде екі нәрседен қателесуге болмайды, біреуі – мамандық» - деген тұжырымды қалай түсіндірер едің? Не себепті қателесуге болмайды?
5-тапсырма Болашақ мамандығың туралы «РАФТ» әдісі арқылы ойтолғау жаз. Сөздік құрамға талдау жаса. Р-рөл А - аудитория Ф - форма Т - тақырып
Сабақты бекіту 9-тапсырма. (оқулықтан) «Кәсіп» сөзіне бес жолды талдау жаса.
Үйге тапсырма : 5-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады. Абайдың өлеңінен алған үзіндінің мағынасын талдайды. Мәтінді мұқият тыңдайды. Перифраз түрінде түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. «Құпия хат» әдісі арқылы конверттегі сұрақтарға жауап береді. Жауабында грамматикалық және орфоэпиялық заңдылықтардың сақталуын ескереді.
Болашақ мамандығың туралы «РАФТ» әдісі арқылы мақала құрастырады. Сөздік құрамға талдау жасайды. Рөл - оқушы Аудитория- сынып Форма - ойтолғау Тақырып – Менің болашақ мамандығым «Кәсіп» сөзіне бес жолды өлең құрастырады. |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескриптор Білім алушы - түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап береді; - ақпараттарды анықтайды. -мәтіндегі мәселені анықтайды; - мәселе бойынша ой тұжырымдайды. Жапондық бағалау» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды. Осы бағалау арқылы сыныптасының жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, жеткізеді «Жапондық бағалау» әдісі
-Дұрыс, келісемін
- Толықтырамын, басқа көзқарасым бар.
Менің сұрағым бар |
Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 8-сынып ОҚЫТУДА ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл |
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандық таңдау – маңызды іс. Сөздік құрам

шағым қалдыра аласыз