«Мамандық таңдау – маңызды шешім»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мамандық таңдау – маңызды шешім»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы

25 орта мектебі









«Мамандық таңдау маңызды шешім»

тақырыбындағы

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

















Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Молдабекова Мақпал Шохановна











Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әл - Фараби



Қатысушылар: 10«А» сынып оқушылары

Бақылаушылар: Пән мұғалімдері

Сарапшылар:

1.Мектеп директоры – Гайсина С.Т

2.Мектеп директорының орынбасарлары:

3.Психолог:

5.Сынып жетекшісі:

Дөңгелек үстел модераторы: Молдабекова М.Ш

Мақсаты:

* «Мамандық», «Кәсіп» ұғымдары туралы ақпаратты кеңейтуге ықпал ету;

* Мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау;

* Бойындағы қабілеттері мен дағдыларына қарай мамандық таңдаудың маңыздылығын ұғындыру;

* Еңбексүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

* «Мамандық» ұғымының қыр-сырларын анықтау;

* Өз мамандығын таңдауда маңызды болып табылатын қабілеттерді таныту;

* Сүйікті істің адам өмірінде алатын орнының маңыздылығын зерттеу.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топта 7 оқушыдан.

Дөңгелек үстел 5 кезеңнен тұрады.

1 КЕЗЕҢ.

Пікір алмасайық

Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды ұсынады:

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, слайд-таныстырылым арқылы аталған ұғымдардың анықтамасын береді.

2 КЕЗЕҢ.

Әңгімелесейік

Мұғалім оқушыларға 7 шаршыдан тұратын кестені ұсынады. Әр шаршының астында жасырынған сұрақтар бар. Шаршыны таңдап, сұрақтарға жауап береді.

1 шаршы: Мамандық таңдауда адам нені басшылыққа алуы керек?

2 шаршы: Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

3 шаршы: Қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?

4 шаршы: Бірнеше мамандық иесі болудың пайдасы неде?

5 шаршы: Өзіңіз білетін мамандықтарды атап беріңіз.

6 шаршы: XXI ғасырда қандай мамандықтар сұранысқа ие деп ойлайсыз?

7 шаршы: «Ең мықты мамандық – МҰҒАЛІМ» деген тұжырымға көзқарасыңыз қандай?



Екі кезеңнен соң сарапшылар тобының мүшелеріне сөз беріледі. Олар екі кезең барысындағы оқушылардың ой-тұжырымдарына ой қосып, қолдау көрсетеді. Пән мұғалімдері де екі кезең бойынша өз ойларын орт аға салады. Көрсетілген бейнероликтер туралы сұрақтар қойып, оқушылардың мамандық таңдауға дұрыс бағыт-бағдар алуларына ықпал етеді.

3 КЕЗЕҢ.

Жағдаят...шешім....

Мұғалім 3 топқа түрлі жағдаяттар ұсынып, осыларды шешуді тапсырады.

Дәрігер:Ауырған адам сізге келіп қойған . Диагнозыңызбен келіспейтінін айтты,сіздің шешіміңіз қандай?

Мұғалім: Сабаққа оқушының ата-ана қатысып отыр,сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз. Ешбір оқушы дайын емес.Не істер едіңіз?

Суретші: Ең мықты туындыңызды шетелдік мұражайға көрмеге қоюға ұсыныс түсті. Бірақ ақы төленбейді. Не істер едіңіз?

Жоғарыдағы жағдаяттарды шешуге сарапшылар да, пән мұғалімдері де ат салысады.

4 КЕЗЕҢ.

БЕЙНЕӘЛЕМГЕ САЯХАТ.....

Мұғалім дөңгелек үстел қатысушыларына «Армандаймын», «ҰБТ және МАМАНДЫҚ» және «Кез келген мамандық маңызды» тақырыптарындағы бейнероликтерді көрсетіп, оқушылар мен сарапшылар арасында ой толғау жүргізеді. Оқушылар кішкене кездерінде өздерінің армандаған мамандықтарын атаса, сарапшылар мен мұғалімдер қазіргі заманда бар мамандық маңызды екенін әңгіме етеді.

5 КЕЗЕҢ.

Жыр тыңдайық....

Бұл кезеңде мұғалім оқушыларға ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңін оқып, әр мамандық бойынша слайд – таныстырылымды көрсетіп өтеді.

Ай - һой, ғажап қандай бұл!

Ал, қане, кәсіп таңдай біл:

Аламын қандай мамандық,

Алдымда толған таңдау тұр.

Әлемге ән боп жалғанар,

Әйгілі небір тарландар.

Әуелей ұшқан аққудың

Әсерлі үнін салған дәл

Әміре менен Күләштай,

Әнші болсам не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де,

Бар әлемді кезем де:

Бар пайданы ойламай,

Барымды берем мен елге.

Велосипед мініп, одан да

Вело - спортшы болам ба?

Вело жарыс жолында

Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен,

Гүл жайнаған өңірден:

Гуілдеп күн - түн тынбайтын,

Газдың ашам кенін мен.

Ғалымның жолы ғажайып!

Ғибрат сабақ алайық,

Ғұмыр бойы ізденіп,

Ғанибет ашу - жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен,

Ғарышкер болам, бәлкім, мен:

Ғұмырлы қазақ елінің,

Ғарышқа жаяр сатын кең...

Ес көретін өз елі,

Ер мінезді, беделді:

Ел мен елді дос етер,

Елші болғым келеді..

6 КЕЗЕҢ.

Мамандық таңдау – жүрек қалауы......

Мұғалім дөңгелек үстелге қатысып отырған мұғалімдерге өз өмір тәжірибелерімен бөлісуге ұсыныс тастап, өз мамандықтарының қыр-сырын түсіндіріп бағдар беруге келген сарапшылардың ой-пікірін тыңдайды.

7 КЕЗЕҢ.

Ой түйін

Оқушылар мен мұғалімдер, сарапшылар бүгінгі дөңгелек үстелден алған әсерлерімен бөліседі. Ал мұғалім оқушылар мен сарапшыларға рахмет айтып, «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» деген К.Д.Ушинскийдің сөзімен дөңгелек үстелді аяқтайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
1048
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі