|
Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)
|
-
Жалпы ес білгелі кез келген адам өз -
өзіне
-
«Мен кіммін?»,
-
«Осы өмірдегі менің орным
қандай?»,
-
«Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы
керек. Профессия – латын сөзінен шыққан,
“professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді
білдіреді.
Мамандық – қарапайым өмір
сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,
жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі. Оқушылар сендерге сұрақ
қояйын.
--- Қандай мамандық
иелерін білесіңдер?
Бейнебаян «Мың түрлі мамандық»
|
Топта
ынтымақтастық атмосферасын сақтай отырып,берілген тапсырманы
бірлесе шешеді
|
Таратпа қағаздар
|
|
Сабақ басы (20 мин)
|
Мамандық
таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер
етеді?
-
ата — ананың
ақылы
-
достарыңның ақылы
-
мұғалімнің ақылы
-
қазіргі кездегі сол мамандықтың
беделі
-
дарының, мүмкіндігің, қабілетің
-
жақын аймақтағы оқу орнының болуы
-
жалақысының көп
болуы
«Мамандықтар
классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі
әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.
Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні
бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа
бөлінеді:
-
адам –
техника,
-
адам –
адам,
-
адам – белгі
жүйесі,
-
адам –
табиғат,
-
адам – көркем
образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс
жасайтын ұшқыштар, матростар,
электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам
табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету,
адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер,
журналист, сатушы, заңгер, банкирлер
жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен
жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл
бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми
орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен
құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог,
механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар
жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші,
актерлер
|
Ассоцяция Өздеріне қажет
деген сөздерді теріп жазады
Оқушылардың
комментариясы
|
Таратпа қағаз,
плакаттар
|
|
Соңы
Рефлексия
|
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды
дәлелде
-
Мамандық бір — ақ рет біржола
таңдалады
-
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына
байланысты
-
Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға
болады
-
Қартайғанда да
мамандық таңдауға болады
-
Жақсы білім алу
үшін қымбат оқу орнына түсу керек
-
Мамандық таңдау –
күн көріс қамы
Мен
қазір... Қай пәнді сүйіп
оқисың? Қандай маман иесі болғың
келеді? Мен 3-жылдан
кейін... Қандай оқу орнын
таңдайсыз? Қандай
мамандықты? (Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына
төзе аласың ба?)
«Қол мидың
жалғасы».
Алақан бойынша мамандық
саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа
алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О
нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы
жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп
шығарыңыз. Жауап. 1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О
нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз
басқарушысыз. 2. О нүктесі мен сұқ
саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса,
сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз
мол. 3. Ортаң қол сызығы
ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға
бейімсіз. 4. Аты жоқ саусақ
сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші,
музыкант, архитектор, дизайнер болуға
қабілеттісіз. 5. Шынашақ сызығы
үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке
бейімсіз.
«Саған не тілесем екен,
менің қымбатты досым?» жаттығуы
Өз ойларындағы бақыт
құсын жасап, тілектерін келесі топқа
сыйлау. Пікірлесу,
талдау: Осы күннен не
алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадың,
ойландыратын жағдай болды ма?
Адам, өмірінде екі - ақ
нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен.
Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал
жар. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері
болуларыңа тілектестігімді білдіремін!
|
Өз ойларын айтып,білген
түйгендерін ортаға салады
Зерттеушілік әңгімесін
жүргізе отырып бір шешімге келеді
Қағазға алақандарының
суретін салып, сызып өздеріне тиесілі мінездемені
тыңдайды,қорытынды шығарады.
Білген
түйгендерін айтады және бір-біріне деген қарым-қатынасын
нығайтады
|
презентация
|