Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы
Крупская атандағы № 10 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Оралбаева Бейнегүл Айтпайқызы
Тақырыбы: «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС»
Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау
Міндеттері:• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту; • Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау; • Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану; • Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге қалыптасады;
2. Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуіне дағдыланады;
3. Оқушылардың таңдап отырған мамандықтарының қыр – сырына көз жеткізуге тырысады;
Көрнекі құралдар: геометриялық фигуралар, кестелер, ватман, суреттер
Түрі: қайталау
сабақ
Әдіс -
тәсілдері: «Ми шабуылы» ой қозғауы,
«Микрофон»– cтратегиясы, «Психогеометрия»-тренингі
,постер жасау,
сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: мамандық туралы
суреттер, мамандық аттары жазылған карточкалар, плакат, слайд,
видео
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Сәлемдесу.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты «мамандықтар» модулі бойынша алған білімдерімізді қорытындылап, нәтижелейміз.Мектеп бітіргесін.МЕН –қайда барамын, қай мамандықты таңдауым керек? дегендей сұрақтарға жауап іздейміз.
Міне осы мақсатта мен
сіздерге :
«Психогеометрия»-
өзін - өзі тану тренингін
дайындадым.
Өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез
келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы
қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып
көрейік.
Төртбұрыш:
Сендерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық
дамыған. Өз айналаңдағы адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және
жүйелеу қабілетін бар. Сендерден үздік администраторлар
шығады
Шеңбер.
Сендерде адамгершілік жоғары дамыған.
Сендерге жеке адамдар арасындағы жаман қарым қатынас тән емес,
өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сендерден үздік психолог шығуы
мүмкін.
Үшбұрыш:
Сендерге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген
мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді
жасайсыз.
-Бүгін бәріміз сенімдіміз, жеңіске, жетістіктерге жетеміз!
-Топтарға бөлінейік:
1-топ – «Жарқын болашақ»
2- топ – «Дарынды ұрпақ»
3- топ – «Асқақ арман»
II.Cабақтың барысы
Сабақтың кезендері (Слайд)
– Ал, мектепте қандай білім алады? (орта)
– Мамандық алу үшін қандай оқу орындарында оқу керек? (колледж, университет, академия)
– Колледжде қандай білім алады? (орта арнаулы)
– Университет пен академияда қандай білім алады? (жоғары)
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау:

- Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді
( Бұл адамның еңбек қызметіні түрі, кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, табыс.)
- Мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау. Осы сөйлемді қалай түсінесіңдер?
-«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау». Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Видео «Мамандықты таңдау» (Хабар арнасынан «Жаңалықтар» бағдарламасынан үзінді көрсетіледі)
-Сендер қалай ойлайсыңдар,қазіргі кезде Қазақстанда қандай мамандықтар қажет?
- Қандай мамандықтарға грант беріледі? Ал енді топтардың бір біріне сұрақтары.
-Сен қандай мамандық таңдадың? Неліктен?
-Сен қайда окуға барасың? Неге?Ол қай қалада орналасқан?
- Сен қалай ойлайсың,қоғамда сұранысқа ие мамандық бар ма?
- Біздің аймығымызда қандай оқу орындары бар? Онда қандай мамандықты дайындайды ?
-Сеніңше, бұл оқу орындарында сен қандай факультетке түсер едің? Неге ?
-Мұғалімнің сөзі:
Мамандықтың жаманы жоқ
әлемде,
Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.
Сондықтан да жалқаулықты тастайық,
Игі істермен өмір жолын бастайық
-
Оқушы ойы. (мамандық таңдау факторлары жайында әңгімелеу)

-“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады” Н. Ә. Назарбаев.
1 –топ.
- Сендер мамандық таңдауға кім және
қандай жағдайлар әсер етеді деп
ойлайсыңдар? Оз ойларыңызды
топпен ақылдасып айтыңыз
.
Жауаптары- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы
2 –топ .«Мамандықтар классификациясы»
- Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Евгений Александрович Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.Олар қандай ?
“Адам- табиғат” (Ботаник, мал дәрігері, )
“Адам- техника” (жүргізуші, инженер, слесарь- темір ұстасы)
“Адам- адам” (психолог, дәрігер, режиссер)
“Адам- белгілі жүйе” (кітапханашы, бағдарламашы-программист)
“Адам- көркем бейне” (актер, суретші, дизайнер)
Өз мамандығының типін анықтау
Сен қандай мамандық таңдайсың?
Қандай типке жатады?
3-топ.Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?- Біз ойламыз, компьютерді білу ,бірнеше тілді, ағылшын тілін білу. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу. Өз тауарын, қызметін өткізе білу . Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау. Үнемі білім ға алуға, қайта оқуға бейімділік.
- Дұрыс, сондықтан , балалар, болашақта сіздерге мамандық алғанда және жұмыс істегенде білімді, білікті, жан-жақті, ұқыпты, тәртіпті, мейрімді болуыңызды тілеймін.
Оқыған маман – шын
маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта.
III. «Білеміз бе?»
-
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес
-
Қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бар. Қазіргі уақытта жоқ, жойылған мамандықтар да бар. Өзінің мәнін жоғалтпайтын мамандықтар.
-Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар( постер жасау)
І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар және қазіргі заманда олар қандай маманға айналған. Постер.
Атқосшы - жүргізуші
Қолөнерші -дизайнер
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
-Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс .ХХI - ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
-Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз
IV.Жағдаят ситуация .
Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э.Ф.Зеер (ғалым)
1-топ «Микрофон»– cтратегиясы.

Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
2-топ. Сұхбат «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ»

3-топ .Жарнама «Оку орындары»
-«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
V. Сергіту сәті.
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл————(эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)
Ең тәтті——————(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы—————(банк қызметкері, экономист)
Ең күлкілі——————-(клоун, әзілкеш)
Ең жауапты —————– (сот, бухгалтер)
Ең салмақты——————- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті——- (бизнесмен, кәсіпкер)
-Қорытынды: Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық.
— Сендердің алдарыңа қойған
мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың
бар?
Осы сабақтан не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
- Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
V. Үй тапсырмасы: эссе «Менің отбасымдағы мамандықтар».
VI. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау:
VII. Рефлексия «Тілектер ағашы »
- Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына »ілеміз.
Бүгінгі кештен алған әсерлерің.
Болашақтағы жоспарларың
Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің жазылсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС»

шағым қалдыра аласыз