"Мамандық таңдау – маңызды
іс"
Мақсаты:
Оқушыларға әртүрлі мамандықтар
туралы түсінік беру.
Мамандық таңдауда бағыт-бағдар
беру.
Қонақ мамандардың
тәжірибелерімен бөлісу.
І. Кіріспе
бөлім
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, ұстаздар
және оқушылар! Бүгін біз сіздермен "Мамандық таңдау – болашаққа
қадам" атты кездесуде бас қосып отырмыз. Бұл шараның мақсаты –
сіздерге болашақ мамандықты дұрыс таңдап, өзіңізге лайықты
бағыт-бағдар алу жолында көмектесу.
Ендігі сөз кезегін
мектебіміздің директоры Мусаханова Ұлбала Ермаханқызына
береміз.
– Қадірлі оқушылар, өмірдегі ең
маңызды таңдау – болашақ мамандық. Біз бүгінгі кездесуде сіздерге
пайдалы ақпарат ұсынуға тырысамыз.
(Қонақтарды
таныстыру)
– Бүгінгі кездесуге түрлі саладағы мамандар қатысып
отыр:
1. Рысбеков Қаныбек
Құрманбекұлы
2. Асанова Дидар
Нурдинқызы
3. Сталинбеков Ислам
Сабырбекұлы
4. Әбдреим Сұлтанғали
Темірұлы
ІІ. Негізгі
бөлім
1.
"Мамандық әлеміне
саяхат"
Қонақтар өз мамандықтары
туралы қысқаша баяндама жасайды.
-
Мамандықтың ерекшеліктері.
-
Білім алу жолдары.
-
Кәсіби дағдылар.
-
Қызықты оқиғалар мен тәжірибе.
2.
"Сұрақ-жауап сессиясы"
Оқушылар қонақтарға сұрақ қояды (мамандықтың
табысы, қиындықтары, болашағы туралы).
-
Осы салада жұмыс істеудің ең
үлкен артықшылықтары қандай?
-
Мансап жолында қандай
қиындықтарға тап болдыңыз?
-
Қазіргі таңда сұранысқа ие
дағдылар қандай?
-
Жаңадан жұмысқа орналасқан
маманға қандай кеңес берер едіңіз?
-
Осы
салада табысты болу үшін қандай білім қажет?
-
Университетте алған білім жұмыс барысында
қаншалықты көмектесті?
-
Тәжірибеңізді қалай жетілдіресіз? (курстар,
тренингтер, өздік оқу)
-
Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады
деп ойлайсыз?
-
Сіздің салаңызда цифрландыру қандай рөл
атқарады?
-
Жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін қалай
ұстайсыз?
11. Егер қайтадан таңдауға
мүмкіндік болса, осы мамандықты қайтадан таңдар ма
едіңіз?
12. Сіздің жетістіктеріңізге
не әсер етті деп ойлайсыз?
ІІІ. Қорытынды
бөлім
Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар,
сіздерге алғысымызды білдіреміз! Бүгінгі шара оқушыларға болашақ
мамандықтарын таңдау жолында көмектеседі деп сенеміз. Әл-Фарабидің
сөзімен аяқтағым кеп отыр:
" Ісім оңсын
десеңіз,
Сол істің маманы
болыңыз.
Даңқым шықсын
десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз".
Әрдайым ұлттық құндылықты дәріптеп, асқақтата беріңіздер деп
қорытындылады.