Тақырыбы:
«Мамандық
таңдау –маңызды қадам»
Мақсаты:
Қатысушыларға мамандықтың түрлері,
олардың адам өміріндегі маңызы туралы
кәсіби бағдар беру бойынша психологиялық
қолдау көрсету.
Міндеті:
Кәсіпті таңдаудың негізгі шарттарын
таныту. Кісіп таңдауда негізгі үйлесімді
оң шешім қабылдау. Бала бойындағы жеке
дара психологиялық ерекшелігін тану.
Еңбекқорлыққа еңбегін қадырлей білуге,
табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Кіріспе
сөз:
Құрметті қонақтар және мектеп оқушылары!
Бүгінгі өткелі отырған «Мамандықтың
бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!» деп
аталатын психологиялық тренингке қош
келдіңіздер!
Мектеп
– шәкірттерді тек білім нәрімен
сусындатып қана қоймай, олардың болашағына
даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің
ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел
келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі
білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн
білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың
белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал
етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің
өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне
қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық
таңдау жолында бағдарлы білім алып,
әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші
болып қалануын тілейміз. Тренигіміздің
мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты
бүгіннен бастауымыз қажет. Әбу Насыр
Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа
жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым
жетік және жақсы атқарса білгір және
шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай
іс істесек те, содан рахмет табу, соның
рахатын көру біздің мақсатымыз болып
табылады»,- деген.
1.
Таныстыру
Мақсаты:
Топта жылы климат орнату. Қатысушыларды
жаттығу орындауға бағыттау
Әр
қатысушы өзінің есімімен қоса, есімінің
бас әріпінен тұратын мамандықты таңдайды.
Мысалы:
Ақсалы- адвокат,
Жанар-
журналист т.б.
2.«Мамандығым-мақтанышым» әдістемесі
Әдістеменің
мақсаты: Қатысушылардың
қандай–да болмасын жағдаяттан шыға
білу қабілетін дамыту. Мамандығының
қыр-сырын меңгеруге баулу.
Жүргізілу
барысы: 4
жағдаятты, 4 қатысушыға беріп, осы
жағдаяттан шығу жолын іздеуге баулу
және рөлдік ойынды сомдау
-
Сіз-дәрігерсіз. Ауырған адам сізге
келіп, қойған диагнозыңызбен келіспейтінін
айтты. Сіздің шешіміңіз қандай?
-
Сіз – мұғалімсіз. Сабаққа ата-ана қатысып
отыр. Сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз,
ешбір оқушыңыз дайын емес. Не істер
едіңіз?
- Сіз – әншісіз.
Сахнадан ән салып тұрсыз, көрермен
ұйықтап отыр, бұл сізге ұнамады, не
істейсіз?
- Сіз өзіңізге
ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол
мамандығыңа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде
не істер едің?
3«Мамандық
сыры» тренингі
Тренинг
мақсаты: Қатысушылардың
көзбен көруін және ым-ишараларын,
диаспарантты рецепторларын дамытуға
бағытталған тренинг.
Жүргізілу
барысы: 2-2-ден
қатысушыларды кезегімен шығарып, бір
қатысушыға құлаққап (наушник) беріп,
екінші қатысушыға таратпаны (карточка,
мамандық аттары жазылған) таратып
ойнатылады
4«Мамандықтың
бәрі жақсы» тренингі
Тренинг
мақсаты: Қатысушылар
мамандық түрлерін, олардың атқаратын
қызметтерін, адамға пайдасын, жақсы
жақтарын талдап, саралауға үйреніп,
меңгереді.
Жүргізілу
барысы: 10
қатысушыны ортаға шығарып, олардың
қолына бір-бір парақтан беріп, алдында
тұрған қатысушының арқасына сүйеніп
парақта жазылған мамандық бойынша, сол
мамандықтың жақсы жақтарын, сол мамандық
жайлы мағлұмат жазу
Дәрігер
Фабрика
басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк
қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
5.
Жаттығу: «Нөсерлі
жаңбыр»
Нұсқау:
Бір- біріңіздің соңыңнан шеңбер жасап
тұрыңыздар. Ұлы Британия мемлекетінде
күндіз-түні жаңбыр жауады. Сол жаңбырдың
дыбысын саламыз.
6.Қорытынды
сөз: Мамандықты
дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті.
Сондықтан әріптестер оқушыларымызға
мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден
өз орындарын тауып, дүниенің бір кірпіші
болып қалануларына психологиялық қолдау
көрсетейік.