Материалдар / Мамандық таңдау. Сөзжасам туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандық таңдау. Сөзжасам туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру; 8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу; мақсаттарына құрылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
180
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау. Сөзжасам туралы түсінік

2 тоқсандағы №2-сабақ.

Бөлім:

3-бөлім

Лексика. Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Педагогтің аты-жөні:

Бердіғұлова Маржан Жұмабайқызы

Күні:

5/11/ 24

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мамандық таңдау. Сөзжасам туралы түсінік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;

Сабақтың мақсаты:

тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыра алады;

мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жаза алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

Жұмысын тексеру

3-тапсырманың орындауын тексеремін

3- тапсырма бойынша сұрақтарға жазбаша жауап береді

Мысал келтіреді

Синтаксистік талдау жасайды

Дескриптор

3 балл

  • сұрақтарға жазбаша жауап береді

  • Мысал келтіреді

  • Синтаксистік талдау жасайды


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру әрі бүгінгі сабақ тақырыбын ашу мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Ең қиын мамандық адам болып қалу» деген Хосе Мартидің ойын талдайды.

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ЕБҚ

Жеке тапсырма беремін

Мәтіннен берілген үзіндіні буынға бөліп жазу

Дауыстап оқу



Сабақтың ортасы


30 мин

1-тапсырма

Аудиомәтінмен жұмыс жасау

Екі топқа бөлу

Мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды

Дескриптор 2 балл

  • Екі топ өзіне берілген аралас мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады

  • мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады;

Аудиожазба



Мәтін жазбалары

.


2-тапсырма.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады.

2 -тапсырма. Оқылым:

  • Мәтінді оқып, перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша үш сұрақ құрастыру және мәтіннен сөзжасамның үш тәсіліне сәйкес келетін сөздерді жазып алып, жасалу жолын түсіндіру;

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

  • Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырады-

  • Сөзжасамның үш тәсіліне сай келетін сөздерді теріп жазады

  • Жасалу жолын талдап көрсетеді

Оқулық, жұмыс дәптерлері.


3-4-тапсырмаларды орындауға нұсқаулық беру

Дескриптор 2 балл

  • Жұмбақты шешеді

  • Ең көп туынды сөз жасайды


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма:

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.











5- тапсырма 55-бет


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!